Пререквизиттері



бет23/36
Дата11.05.2020
өлшемі140,61 Kb.
#67217
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
Байланысты:
сссссссссссссс
0904000 ЭНС , 0904000 ЭНС , Әдістемелік бірлестік туралы Е Р Е Ж Е, 130 приказ қосымшалары1, 130 приказ қосымшалары1, Кітап қажетті, Жас мамандарға арналған әдістемелік коучинг, Describe people, Оп Каз 30, Doc1, 1-4 сынып stud.kz-64387, Тәжібай Берік мұғалімнің жетістігі
Тап беру – барлау әдістерінің бірі – ол көп жағынан іздеуге ұқсас, айырмашылығы – шолғын жіберген командирдің рұқсатымен барлау шолғынының барлау жүргізуі барысында жүргізіледі.

Тап беруге дайындық мерзімі, әдетте, өте шектеулі болады және қолдау көрсететін артиллериялық және минаатар атысының орнына ЖҰМ, БТР және танк атысы қолданылады. Тап беру кезіндегі шолғын әрекеті іздестіру жүргізу кезіндегі взвод әрекетіне ұқсас, айырмашылығы – кей жағдайда тап беру кезінде нысан қорғанысын құрту тобы тағайындалады.

Тап беруден соң шолғыншы алдын ала белгіленген жиналу ауданына барып, қойылған ұрыс міндетіне сай қимылдауды жалғастырады.

2. Бір орында және сақтық күзетте орналасу



Взводтың бір орында орналасуы

Бөлімшелерді бастапқы ауданда шоғырландыру, күту және демалыс аудандарында орналастыру бір орында орналастыру деп аталады. Бұл аудандар жеке құрам мен ұрыс техникасын жасырын және шашыратып орналастыруды қамтамасыз ететін, бөлімшелердің тез жиналып, қажетті бағытта қозғалуына мүмкіндік беретін, жеке құрамның орналасуы мен демалысына ыңғайлы санитарлық-эпидемиялық тұрғыдан тиімді жағдайлары бар жергілікті жерлерде белгіленеді. Бөлімшелердің орналасуы үшін ірі елді мекендерге таяу аудандарды, темір жол станцияларын, көпірлер мен қарсылас назарын аударатын басқа да нысандарды таңдамаған дұрыс, өйткені мұндай жерлерге қарсылас авиациямен немесе ядролық қарумен соққы беруі ықтимал, сондай-ақ электрөткізгіш желілері астын, газ және мұнай құбырларына таяу жерлерді таңдауға болмайды.

Бөлімшелерді орналастыруға белгіленген аудандарға орналаспастан бұрын бөлімдерден, кейде батальондардан жіберілген алдын ала барлау топтары мұқият барлау жұмыстарын жүргізеді. Алдын ала барлау тобына батальоннан офицер (кейде ол бұл топты басқарады), әр ротадан, батареядан бір-бір офицерден (прапорщик) не сержанттан, сондай-ақ химик барлаушылары мен сапер кіреді. Бұрын қарсылас орналасқан аудандарды иемдену алдында қарсыластардың қалған тобын, залалданған және миналанған жерлерді, судың қолдануға жарамдылығын анықтау мақсатында барлау жүргізіледі.

Алдын ала барлау тобы бөлімшелердің орналасу орнын, кіре беріс жолдарды нақтылап, өз бөлімшелерін күтіп алып, оны белгіленген ауданға жібереді.

Взвод белгіленген ауданға келген бойда келесі міндеттерді орындау қажет: жергілікті жердің қорғанысын және бүркемелеу құралдарын қолдана отырып, қозғалыс маршрутын бойлай орналасады. Мұндай орналасудың алаңға шоғырлана (шаршылай не дөңгелене) орналасумен салыстырғанда артықшылығы – бұл жағдайда бөлімшелерге қарсылас соққысы әлсіз болады және қысқа мерзім ішінде ұрыстық міндеттерін орындау үшін ауданнан шығып кете алады.

Белгіленген жерге орналасып болғанша жолда лекті тоқтағуға болмайды. Бұл өзге бөлімшелердің өз аудандарын иемденуге, сондай-ақ орналасу ауданын бүркемелеуге кедергі келтіреді.

ЖҰМ (БТР) және танкілер взвод командирі көрсеткен жерге бір-бірінен 25—50 м қашықтықта (бір снарядтан 2 машина бір мезгілде жойылмауы үшін) орналастырылады. Көрсетілген жерге машиналар орналасқаннан кейін оның экипаждары техника ізін жасыру жұмыстарын жүргізеді.

Тауда бөлімшелер жолға тез шығуы және қарсылас шабуылына тойтарыс беруі үшін шеп құра жазылуды қамтамасыз ете алатындай жерге орналасады. Бөлімшелерге опырылымдарға, қар және су тасқыны болуы мүмкін жерге орналасуына болмайды. Жеке құрамды, қару-жарақты ұрыстық және басқа техниканы тасалау үшін жергілікті жер қатпарлары, жер асты жолдары, тау жоталары, үңгірлер және басқа тасалар қолданылады.

Орманда бөлімшелер орман жолдарын бойлай орналасады. Орманнан өрт шыққан жағдайда қосалқы ауданға шығу жолдары дайындалады. Құтқару жұмыстары мен өрт сөндіруді кезекті бөлімшелер, қажет жағдайда жеке құрам басқарады.

Топырақта су саңылаулары көп болған жағдайда жеке құрамға арналған жертөлелер мен паналар, қару-жарақ, ұрыс және басқа техникаға арналған оқпаналар мен тасалар үйінділермен жарақталады.

Әуе қарсыласымен күресуге бөлінген атыс құралдары қарсылас ұшақтары мен тікұшақтарын тауып атуға арналған алаңдарға, орман шетіне, алаңқайларға орналастырылады. Бұл атыс құралдарының кейбір бөлігі ағашпен жарақталған алаңқайларға орналастырылуы да мүмкін.

Шөлде бөлімшелер, негізінен, жыраттарда, жылғаларда сексеуіл өсінділері мен табиғи тасаларда, мүмкіндігінше, арықтар мен басқа да су көздеріне жақын жерлерде орналасады. Мұнда әуе шабуылына қарсы қорғанысқа, бүркемелеуге су көздері мен көшпелі құмдардың радиоактивті және химиялық зақымдануына барлау жасауға, жұқпалы аурулардың алдын алуға, су мен отынды үнемді пайдалануға, ішу режімін сақтауға және сумен жабдықтау пункттерін қорғауға айрықша көңіл бөлінеді.

Қысқа бөлімшелерді орналастыру үшін желден қорғалған аудандар таңдалады. Бөлімшелердің орналасқан ауданнан шығуға арналған жолдарының ашықтығына, жарамдылығына көңіл бөлінеді. Жеке құрамды жылыту үшін жылытылған және от жағылатын тасалар жарақталады. Ұрыстың және басқа техникалар, қару-жарақтар ақ түске боялуы мүмкін. Машина тетіктері қажет жағдайда әлсін-әлсін қыздырылып отырады. Мұнда жеке құрамды газдан тұншығудан, үсу мен қатып қалудан сақтаудың шаралары қабылданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет