Пререквизиттері



бет19/36
Дата11.05.2020
өлшемі140,61 Kb.
#67217
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Байланысты:
сссссссссссссс
0904000 ЭНС , 0904000 ЭНС , Әдістемелік бірлестік туралы Е Р Е Ж Е, 130 приказ қосымшалары1, 130 приказ қосымшалары1, Кітап қажетті, Жас мамандарға арналған әдістемелік коучинг, Describe people, Оп Каз 30, Doc1, 1-4 сынып stud.kz-64387, Тәжібай Берік мұғалімнің жетістігі
Маневр түрлері: а — қамту; ә орағыта өту

Орағыта өту – қарсыласқа тылдан және қапталдан соққы беру мақсатында жасалатын неғұрлым терең бойлайтын маневр. Ол майдандағы бөлімшелермен тактикалық өзара қатынаста жүзеге асырылады.

Қорғаныста маневр шығынға ұшыраған бөлімшелерді күшейту, қосалқы бекіністерді, атыс шептерін басып алу, қаптал немесе тылға шыққан қарсыласқа тойтарыс беру үшін, сонымен бірге қарсы шабуыл жасау үшін қолданылады.



3.Мотоатқыштар взводының (ротасының) жорықтық, ұрысқа кіру және ұрыстық реті.

Мотоатқыштар бөлімшесі орындалатын жауынгерлік міндетке, қарсыластын әрекеті мен төңіректегі жағдайға байланысты жорықтық, ұрысқа кіру және ұрыстық ретте болуы мүмкін.

Жорықтық рет – қозғалыс үшін бөлімшелердің лекке тұруы болып табылады. Ол қозғалыстың жоғары жылдамдығын, ұрысқа кіру және ұрыстық ретке лезде қанат жаю, сондай-ақ жеке құрамның күшін, машина мен техниканы сақтауды қамтамасыз етуі тиіс. Мотоатқыштар взводынын (ротасының) жорықтык, реті – лек. Мотоатқыштар взводы мен ротасы ЖҰМ-мен (БТР, автомобильдермен) козғалады, олардын жорықтық реті – командир белгілеген қашықтықта ретімен жүретін лек. Жаяу жылжу кезінде мотоатқыштар взводы 3 немесе 2-ден лек түзеп жүреді.

Ұрысқа кіру реті – маңдайшеп пен тереңдікке есептелген бөлімшелердін белгіленген аралық және арақашықтықта сапқа тұруы. Ол бөлімшені ұрыс алаңына шығару, сонымен бірге ұрыс барысында немесе қарсылас қорғанысына қарай ену кезінде қолданылады. Ұрысқа кіру реті бөлімшенің артиллерия атысы мен авиация соққысына барынша төтеп беруін, олардың ұрыс ретінде лезде жазылуын, ұрыс барысы кезінде ширақ қозғалуды және бөгеттер мен үйінділерден өтуді қамтамасыз етуі тиіс.

Жаяу ретте әрекет ететін мотоатқыштар взводы үшін ұрысқа кіру реті болып маңдайшеп пен тереңдікте бір-бірімен 100 м-ге дейін арақашықтықтағы бөлімше легі саналады. Бұл жағдайда, взвод онға немесе солға бұрылып, бөлімше қатарына сапқа тұра алады. Ротаның ұрысқа кіру реті взвод легінен тұрады және оңға немесе солға бұрылып, артқа және алға бұрып жасай отырып, взвод қатарында сап түзей алады.

Ұрыстық рет – бөлімшенің күшейту құралдарымен бірге ұрыс жүргізу үшін сапқа тұруы. Ол орындалатын міндетке, қарсылас қимылына, бөлімшедегі күш пен құралдарға және жергілікті жер сипатына байланысты құрылады. Барлық жағдайда қарсыласты жою үшін бөлімшенің барлық күші мен құралдарының бір мезгілде қатысуын, атысты жүргізуді, маневр жасауды, қарсылас атысына мейлінше осалдық көрсетпеу, сондай-ақ жергілікті жер ерекшелігін тиімді қолдануды қамтамасыз етуі тиіс.

Шабуылда жаяу ретте қимылдағанда мотоатқыш взводының (ротасының) ұрыс реті – тізбек болып келеді. Взвод жаяу ретпен майданда 300 м-ге дейін шабуылға шығады, ал бөлімшелер арасы 50 м-ге дейін жетеді. Жаяу әскер ұрыс машиналарында (БТР-да) шабуылдау кезінде мотоатқыш взводтың ұрыстық реті – машиналар арасындағы қашықтық 100 м-ге дейінгі ұрыс желісі. Атқыш-зенитшілер тізбек артынан ЖҰМ-да (БТР-да) немесе жаяу ретпен жүріп отырады және әуе нысаналарына атыс жүргізеді.

Мотоатқыш взводы маңдайшеп бойынша 400 м-ге дейін және тереңдік бойынша 300 м-ге дейін тірек пункттеріне орналасады. Ол бөлімше бекінісінен ЖҰМ (БТР) атыс позицияларынан және күшейту құралдарынан тұрады. Взводтың тірек пунктерінде және оның қапталдарында взвод командиріне бағынбайтын танкілер мен танкіге қарсы құралдар болуы мүмкін.

Мотоатқыш взводының ЖҰМ-дағы әрекеті кезіндегі ұрыс желісі
Мотоатқыштар ротасы мотоатқыштар взводының тірек пунктінен және танкіге қарсы құралдар мен танкілердің атыс шебін құрайтын тірек пунктті қорғайды.

Ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні

Қазіргі заманғы ұрыста бір мезгілде және бірлесе отырып мотоатқыш, танкілік, ракеталық, артиллериялық, мина-атқыш, зениттік бөлімшелер мен арнайы әскери бөлімшелері ортақ міндеті шешеді. Өзінің құрамы мен қарулануына байланысты бұл бөлімшелер белгілі бір жауынгерлік мүмкіндікке ие және нақты міндеттерді шешуге қабілетті.

Әскердің әр түрі мен арнайы әскер бөлімшелерінің қимылын, олардың ұрыстағы жауынгерлік мүмкіндіктерін барынша пайдалану мақсатында, сондай-ақ көршілес бөлімшелер қимылын сәйкестендіру үшін өзара әрекет ұйымдастырылады. Оның мәні — ұрыс қимылдары, міндеттері, шептер мен уақыт бойынша келісуі және ұрыстың жалпы мақсатына жетудегі жауынгерлердің, әскерлердің барлық түрлері мен арнайы әскер бөлімдерінің, сондай-ақ көршілердің өзара көмегімен сипатталады. Жауынгерлер мен бөлімшелердін талассыз және өзара бірлескен қимылы ұрыста жеңіске жетудін қажетті бірден-бір жолы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет