Презентация Тақырыбы: Тіл білімі және оның салалары Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет2/3
Дата22.02.2023
өлшемі1,94 Mb.
#169766
түріПрезентация
1   2   3
Байланысты:
Тіл білімі және оның салалары
Мектеп, Тема 13 (Мезенцева), 362053, «Микрооағзалар биотехнологиясы» пәнінен №4 дәріс-engime.org, 369700, электротехника реферат, Оқу мақсаттары-emirsaba.org
Тіл білімінің салалары
Тіл білімінің салалары
Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі (фонетика), сөздік құрамы (лексикология), грамматикалық құрылысы (грамматика) бір-бірімен тығыз байланыста болады және бір-бірімен тығыз бірлікте сөз етіледі. Өйткені, тіл білімі тілдің, жоғарыда айттық, әр түрлі салалары мен оның тармақтарын, олардың дамуын, өзара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдылықтарын зерттейді.
Тілдің белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпын зерттейтін тіл білімі бар және оның шығуы мен тарихын, дамуын зерттейтін тіл білімі бар. Алдыңғысы – сипаттама тіл білімі (немесе синхрондық лингвистика), соңғысы – тарихи тіл білімі (немесе диахрондық лингвистика) деп аталады.
Белгілі бір тілді ғылыми тұрғыдан талдап түсіндіру үшін және оның даму заңдарын айқындау үшін, ол тілді және ондағы фонетикалық, лексикалық, грамматикалық құбылыстарды туыстас тілдердегі бір тектес құбылыстармен салыстыру тұрғысынан зерттеу қажет. Яғни тілдің табиғатын, оның даму заңдарын айқындаудың басты шарты – тілдік құбылыстарды салыстыру және тарихи тұрғысынан зерттеу. Бұны салыстырмалы-тарихи әдіс деп атайды.
Тіл білімі байланысты
әдебиеттанумен, философиямен,логикамен
психологиямен,Физиологиямен
тарих ғылымдарымен, этнографиямен,
археологиямен
математикамен, кибернетикамен
Лингвистика теориясы ретінде жалпы тіл білімі тіл туралы ғылымның ең негізгі, өзекті деген мәселелеріне көңіл бөліп, солар туралы мағлұмат береді, тілге қатысты ірі-ірі мәселелерді қарастырады.
Фонетика
Фонетика (грек. φωνητῐκός – дыбыстық, дауыстық) — тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Бүгінгі тіл білімінде фонетика сөзінің кең және тар мағынасы қалыптасқан. Кең мағынада фонетика тіл дыбыстарын зерттейтін ғылымның бір саласы, ал тар мағынада тіл дыбыстарының сөз ағымындағы, дыбысталған сөздегі көріністері мен әр түрлі құбылыстарын зерттейтін бөлімі дегенді білдіреді. Кең мағынадағы тіл ғылымының бір саласы ретінде фонетика жалпы және жеке немесе жекелеген тілдердің фонетикасы болып бөлінеді.
Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады. Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.
адамның дыбыстау аппаратының мүмкіндіктерін, перцепциялық ерекшеліктерін зерттеп, оларды айырым белгілеріне қарай таптастырады;
дыбыстардың әуендік, әуездік сипаттарын анықтайды;
дыбыстардың тіркесімділігін, буын ерекшеліктерін, олардың сөздегі үйлесімі мен үндесімін;
буын табиғатын, дыбыстардың буынға бірігу заңдылықтары мен сөз ағымының буынға жіктелуінің факторын;
сөздің фонетикалық ұйымдасуын, екпін мен үндестік заңын;
сонымен қатар тілдің интонациялық құралдары болып табылатын дауыс әуенін, қаттылығын, жылдамдығын, әуезін, кідірістерді қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет