«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру инситуты»
Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру
ұйымдарындағы инновациялар
Оқу- әдістемелік құрал
Көкшетау, 2014 ж.
ББК........
М 46
М..... Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарындағы инновациялар. Оқу- әдістемелік құрал. Құрастырушы: Абдраимова А.Б., Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ «Мұғалімнің кәсіби дамуының педагогикалық- психологиялық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы». 2014 ж. –
Оқу- әдістемелік құралда мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарының оқу- тәрбие үрдісін заманауи білім беру үлгісіне жеткізетін инновациялық педагогикалық технологиялар мен әдіс- тәсілдер ұсынылған.
Құрал мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарының педагогтары және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.
Пікір жазғандар:
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» -ның сараптау Кеңесінің 2014 жылғы қыркүйектегі шешімімен № хаттама бойынша баспаға ұсынылған.
Кіріспе
Балалар- біздің елдің бүгінгісі мен болашағы,
біздің мемлекеттің басты байлығы мен тірегі.
Дамудың бірінші кезеңі, тәрбие мен білім
берудің бірінші сатысы- балалар бақшасы.
Н.Ә. Назарбаев.
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбие мен оқыту бағыттарын қоғам сұраныстарына сәйкес құру көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай, мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің кәсіби білімдерін жетілдіру, оқу- тәрбие үдерісінде инновациялық технологияларды қолдануға бағыт- бағдар беру, озық іс- тәжірибелер мен идеяларды насихаттау негізінде жүргізіледі.
Инновациялық іс- әрекеттің мазмұны мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу- тәрбие үдерісінде қолданылатын бағдарламаларды басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі педагогика мен психология, әлеументтану, медицина саласындағы ғылыми- зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде анықталады. Инновациялық технологияларды меңгеру педагогтың интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, шығармашылық, зерттеушілік т.б. қасиеттерінің қалыптасуына оң әсерін тигізеді, әр педагог өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтарында бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек»,- деген болатын.
Білім беру үрдісін технологияландыру педагогтардың балалар әрекеттерін ұйымдастыру мен мектепке дейінгі білім берудің сапасына оң әсер етеді. Қазіргі заманғы педагогтардың инновациялық технологияларды білуі уақыт талабы. Алайда мектепке дейінгі білім беру жүйесінде технологияларды пайдалануда бірқатар қиындықтар байқалады, олар:
Педагогтардың технологиялардың құрамдас құрауыштарын жеткіліксіз білуі;
Тәжірибе барысында тұтас технологияны емес, оның элементтерін пайдалануы;
Педагогикалық жүйені тұтас көру дағдысының жоқтығы;
Жұмыс тәжірибесіне сапа енгізуді бастамалайтын технология идеяларын қате түсіну;
Ең бастысы: алдыңғы қатарлы әр технологияда қарастырылған, баланы қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның рухани жан- дүниесінің баюына және әр баланы жеке даму ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік дамуына жағдай жасау мәселесі ескерілмейді.
Осындай мәселелер тек әдістер, формалар мен құралдар түрінде ғана қолданылатын педагогикалық, білім беру жағдаяттарын тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |