«Тәй- тәй» технологиясында балалар қоршаған ортаны сұрақтар мен өз сұрақтарына жауап беру арқылы зерделейді. «Күнделікті жаңалықтар» әдісін қолдана, балалар біруақытта ғылыммен айналыса, өздерінің не жасап жатқандары туралы ойланады. Әрдайым жауап берудің орныныа педагог балалармен бірге жауапты іздеп табу ортасын құрады. Ғылым орталығындағы тікелей жұмыс блоктық ұстанымда құрылады: жан- жақты толыққанды білім беретін, баланың толыққанды қабылдауына сәйкес бір сабақ түрінде басталған тақырып осы уақыт аралығында балалардың басқа қызмет түрлеріне де негіз болады. Ғылым орталығы зерттеу қызметінің лабораториясы болады.