Бұл әдетте бөлменің бұрышында орналастырылады. Оның күшті қозғалыстан шеткерірек орналасқаны және балалардың ойынға қатысып отырған құрдастарына алаңдамауына мүмкіндік беретіні міндетті емес, бірақ солай болғаны дұрыс.
Құрылыспен айналысу сюжееттік- рөлдік ойынға жағымды әсерін тигізеді және әдетте осы аймақтардың арасында нәтиже беретін өзара іс- қимыл жүреді. Осылайша бұл салаларды бір- біріне жақын орналастыру тиімді болады., бірақ оларды қосып жіберудің қажеті жоқ. Сюжеттік-рөлдік ойын үшін кеңістік нақты анықталуға және ойынға қатыспайтын балалардың осы аймаққа кіріп кетіп, ойынды бұзуына кедергі жасайтын шекаралар болуға тиіс. Шекаралар ойнаушыларға жайлылық сезімін беруге тиіс, бірақ мұнымен бірге басқа балалардың қосылғысы келетін ниеті болғанда мүмкіндік беретіндей жеткілікті түрде ашық болуға тиіс. Шекаралар бөлменің қабырғаларымен, жиһазбен, сөрелермен және басқа да заттармен құрылуы мүмкін. Жиһаз немесе сөрелер үлкендердің балалар ойынына бақылау жасау үшін және қажет болғанда оларға көмек көрсете алуы үшін жеткілікті түрде төмен орналасуы тиіс. Балалар мен тәрбиешілер, егер ойын шаралары осыны талап ететін болса, кеңістікті қайта ұйымдастыра алуға тиіс.
Жиһаздың негізгі бөлігіне ойыншық пен, жуынатын раковина, тоңазытқыш, жазу үстелі, сөрелер, ойын киімін және қуыршақтар үшін сән киімдерінің ілгіші, үлкендігі сәби сиып кететіндей қуыршақ кереует кіруге тиіс. Бұдан басқа балаларда тарелкалар, кастрюльдер, пышақтар мен ойыншық азық- түліктерді (бос банкілер мен қорапшалар) сақтау үшін сөре болуға, үстел, төрт орындық және бойды түгел көрсететін сынбайтын айна болуға тиіс.
Балаларды ойынға тартатын тәрбиешілерге бөлменің кез- келген бөлігінен оларға бақылау жасауға мүмкіндік беретін және балалардың қажеттіліктері мен мүдделеріне және ауысып тұратын ойын сюжеттеріне бейімделу үшін жеткілікті қозғалатындай жартылай ашық жайлы кеңістікті құру үшін бөлмені ұйымдастыру әдістерінің бірнеше түрлері бар.
Асханасы болатын ойын үшін кастрюльдер мен шағын көлемдегі құмырандар жақсы болады. Олардан басқа ойыншық тарелкалар, кеселер, қасықтар, шанышқылар мен пышақтар болуға тиіс. Бөбекті тамақтандыру үшін пайдаланатын пластикалық бөтелкенің болғаны жаман болмайды. Бұдан басқа шәйнектің немесе кофейниктің, ағаш қасықтардың, шөміш, сүзгіш немесе, жұмыртқаны араластырушы, өлшейтін кеселер, азық –түлікті араластыратын банкі мен оқтау болғаны дұрыс болады. Мұның қасында балаларды азық- түліктің аты жазылған және тиісті бейнесі салынған (мысалы, бұршақ, шабдалылар), шеттері өткір емес, жай немесе сурет салынған жапсырмаларсыз бос консерві банкілері, сондай- ақ күріштен, жаңғақтан және басқа да құрғақ азықтардан босаған қорапшалар болуға тиіс.