Примерные


«Үй мысықтары», «Жабайы мысықтар»



бет24/76
Дата12.09.2020
өлшемі1,84 Mb.
#77916
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76
Байланысты:
МЕТОДИЧКА ПО ДОШ

«Үй мысықтары», «Жабайы мысықтар» жобалары бізді мысықтардың саналуан тұқымдарымен, олардың әдет-қылықтарымен, мекендеу ортасымен, бұл әдемі және жұмбақ жануарлардың өміріндегі қызықты фактілермен, мақалдармен, мәтелдермен, тақпақтармен таныстырады. Мысықтар билерін шығаруға болады. т.б.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Тәй- тәй» инновациялық

технологиясын ұйымдастыру
Бағдарлама бала мен оның ата- аналарына бағдарланған әдістеме болып табылады, ата- анаға және педагогтарға білім берудің академиялық нұсқасын ұсынады. Онда демократиялық ұстанымдар мен дамудың барабар іс- тәжірибесі сақталады, ата- аналар білім беру үдерісіне мүлдем ерікті түрде тартылады және өздері үшін байқаусызда педагогтердің көмекшілеріне айналады.

Бағдарламаның басқа құндылығы мынада: ол ұлттық бағдарламаны жоққа шығармайды, оны тек жаңа демократиялық тәсілдермен толықтырады, уақыт талаптарына жауап бере отырып, жеке тұлғалық даму мен қауымдастықты білім беру үрдерісіне тартуды қамтамасыз етеді.

Қатынас- байланыс, қамқорлық, қоғам, отаншылдық сияқты басты түсініктерге сүйене отырып, Тәй- тәй өз алдына мақсат қояды:


  • өмір бойы оқуға дайын адамдарды тәрбиелеу;

  • өзара құрмет пен демократиялық ұстанымдарға негізделген оқыту ортасын жасау;

  • дамудың іс- тәжірибелік тәсілдерді мен оның үздіксіздігін қамтамасыз ету;

  • балалардың демократиялық қоғамда өмір сүруі үшін қажетті академиялық, көркем, әдептік және іс- тәжірибелік білімге ие болуы.

Алайда мұның бәріне қол жеткізу үшін тәрбиеші мен оның білім беруге деген көзқарастарының өзгеруі қажет. Ол ата- аналардан өз кемшіліктерін көру және нақ осы ата- аналардың –өз балаларының бірінші мұғалімдері мен қорғаушылары екендігін түсінуі тиіс. Педагог дүние жүзі мен елде болып жатқан жаһандық өзгерістерге бей- жай қарамауы, дүниені жақсартуға орасан ынталы болуы тиіс.

Бағдарлама әрбір баланың дербестігін: «ол қандай болса, сондай болу» құқығын қорғайды. Инновациялық технологияның бірегейлігі мынада: педагогтарға ата- аналармен тығыз ынтымақтастықта балалардың жеке қабілеттіліктерін белсенділік орталықтары арқылы ашуға мүмкіндік береді, дербес жеке тұлғаны дамытады, педагогтарды балаларға білім негіздерін ұлттық бағдарлама талаптарына сәйкес беруді үйретеді. Бұл бағдарламаны енгізу үдерісінде қабылдау және топ бөлмелерін безендіруде үлкен өзгерістер болып өтеді: «Сәлеметсіздер ме, мен келдім» бұрышы, «Бақыт жазбаларына» арналған фотосуреттер мен қалташалары бар шкафшалар, «Отбасылық газеттер» шығару, «Топ жарғысын» ілу және белсенділік орталықтарының негізгі жабдығы. Қабылдау бөлмесінде «Сәлеметсіздер ме, мен келдім» бұрышының болуы өзіне бірқатар психологиялық жүктеме жүктейді. Бала топқа келгенде өз есімін, фотосуретін, қағазбелгіні қалташаларға қояды. Ол осылайша барлық балаларға өзінің басқа балалар сияқты ұжымның толық құқықты мүшесі екендігін хабарлайды. Бұған қоса, бұл балалар арасындағы тұлғаралық қатынастарды қалыптастырады. Бала достарынан, балалардан кімдердің келгенін анықтай алады. Бұл балалар арасында жарысу рухын туындатады: «Мен бүгін бірінші болып келдім, топта балалар жоқ болатын».

Сондай- ақ шкафшадағы фотосуретте де өзіндік мағыналық жүктеме бар. Бұл топта бар баланың бөлшегі. Шкафшадағы есімдер балаларға өз есімін, досының есімін жазуды есте сақтау мүмкіндік береді.

«Бақыт жазбалары» ата- аналардың, педагогтар мен балалардың арасындағы қатынастарды нығайту құралы болып табылады. Әрбір балада өзіне тиісті қалташа болады. Бізде олар алуан түрлі етіп орындалған, оларға баланың елеулі жетістіктері, оның мінез- құлқындағы өзгерістер және баланы белсенділігі үшін мақтау ниеті атап көрсетілген жазбалар саналады. «Бақыт жазбаларын» ересектер де: алғыстар түрінде педагогтар ата- аналардан, ата- аналар тәрбиешілерден алады. Бұған қоса, ата- аналар өз балаларына «Бақыт жазбаларын» тілектер түрінде жаза алады, ал тәрбиешілер оларды балаларға зеріккен немесе бейімделу кезеңінде оқып береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет