«Психология» пәнінің дәрістік кешені Дәріс №1 Тақырып: Психологияның пәні, міндеттері және әдістері Сағат: 1



бет5/8
Дата15.03.2020
өлшемі0,74 Mb.
#60217
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәрістер кешені
русский, русский, 12.1 и 12.3, 15.1

1. Қарым-қатынас туралы ұғым.


Қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі, көп қырлы процесс. Қарым-қатынасты индивидтің бірігу тәсілі, сондай-ақ сол бірігу нәтижесінде олардың даму тәсілі ретінде қарастыруға болады. Адам өмірінде қарым-қатынас үлкен роль атақарады. Қарым-қатынастың түрлі формаларында адамдар өздерінің жасаған білімдерімен, ой-пікір, идеяларымен, түсініктерімен, қызығуларымен, сезімдерімен өзара алмасады, осының нәтижесінде психологиялық топтар құрылып, өзара түсіністікке жетеді.Қарым-қатынастың арқасында адамдардың ой-өрісі кеңейіп, өмірдегі тәжірибелері молая түседі, ол адамның дамуына үлкен ықпалын тигізеді.

Жеке тұлға аралық қатынас – бұл адамдардың бір-бірімен эмоциялық қатынастарымен анықталады.бұл вербалды және вербалды емес құралдар көмегімен бірнеше адамдардың өзара қатынас орнатуы, осының нәтижесінде қарым-қатынасқа түсушілер арасында белгілі бір байланыс, психологиялық контакт пайда болады. Жеке тұлға аралық қатынастар қоғамдық қатынас табиғатынан ерекшеленеді. Оның басты спецификалық белгісі – эмоциялық негізі. Сондықтан да жеке тұлға аралық қатынастарды топтағы психологиялық “климат” факторы ретінде қарастыруға болады.



Жеке тұлға аралық қатынастардағы эмоциялық негіз адамдардың қатынастарында туындайтын бір-біріне деген сезімі негізінде пайда болып, қалыптасады. Мұндай сезімдер екіге бөлінеді:

    1. конъюнктивті сезімдер – адамдарды бір-біріне жақын тартып, бірлестіреді. Мұндай қарым-қатынастан адам жағымды әсер (эмоция) алып, бірлескен іс-әрекетке, бірлестікке, ынтымақтастыққа бейімделуге тырысады.

    2. дизъюнктивтісезімдер – адамдарда ажырату, бөлу сезімдері басым болып, бірлесуге ұмтылмайды, бірлескен қатынастарды итермелейді, қажет етпейді.

Қарым-қатынас сипатықарым-қатынас мазмұнымен, манера және стильдерімен сипатталады. Қарым-қатынастың мазмұны әртүрлі:

    • ақпарат беру;

    • бірін-бірі қабылдау;

    • қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірін бағалауы;

    • қарым-қатынасқа түсушілердің бір-біріне өзара әсері;

    • қарым-қатынасқа түсушілердің өзара әрекеті;

Қарым-қатынас мәнері келесідей анықталады:

    • қатынасу сарыны (байсалды, өктем дауыс, жылмаң, күлімсіреу, абыржу).

    • Қарым-қатынастағы мінез-құлық (ұстамдылық, мазасыздық, сенімсіздік, бөгеліп қалушылық).

    • Қарым-қатынастағы дистанция (интимті, жеке, әлеуметтік, жұрт алдында).

Қарым-қатынас стильдері:

Қарым-қатынас стилі – бұл адамдар арасындағы әрекеттердің жеке-типологиялық ерекшеліктері. Қарым-қатынас стилінде адамдардың коммуникативтік мүмкіндігінің ерекшеліктері, адамдардың психологиялық ерекшелігі, мінез-құлқы көрінеді.

Кең таралған қатынастар стильдері:


    • шығармашылық;

    • достық;

    • дистанциялық;

    • үстемді;

    • ойнақы, әзіл түрінде;

    • қатаң талап қою;

    • позициялық;

    • қызметтік;

Қарым-қатынас қызметтері:

Танымдық

Дамытушы

Себептілік қызмет

Ұйымдастыру

Басқарушы, басшылық ету


2. Қарым-қатынас құрылымы – коммуникативті, интерактивті және перцептивт-і жақтары.

Қарым-қатынастың құрылымы. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы

Коммуникация бірлескен іс-әрекет және қарым-қатынас жасау процесінде адамдардың ақпаратпен алмауы. Адамдар бірлескен іс-әрекетте бір-бірімен түрлі идеялармен, ой-пікір, көңіл-күй, сезімдерімен алмасады. Осының бәрі ақпаратқа жатады.

Ақпараттар тек қана берілмейді, сондай-ақ ол қалыптасады, нақтыланады, дамиды. Коомуникация теориясында екі ұғым бар:



    • аксиалды коммуникативті процесс (лат: AXIS – ось) мұнда сигнал ақпаратты жалғыз қабылдаушыға, яғни жеке адамға бағыттайады.

    • ретиалды коммуникативті процесс (лат: RETE - желіс) сигналдар көптеген мекен-жайға бағытталады.

Жалпы коммуникатордан шығатын ақпарат екі типке бөлінеді.

    • түрткі болатын қозғаушы ақпарат – ол бұйрықта, ақыл-кеңесте, өтініште байқалады. Ол қандайда бір әрекетті күшейтуге бағытталған.

    • белгілеуші (констатациялаушы) ақпарат – ол хабарлау ретінде жүреді. Ол түрлі білім беру жүйелерінде жүзеге асады.

Коммуникация құралдары:

Кез келген ақпараттың берілуі белгілер жүйесі арқылы жүреді. Белгілер жүйелерінің бірнеше түрлері бар.

Олар: 1) вербалды коммуникация. 2) вербалды емес коммуникация.

Вербалды коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде сөз қолданады. Сөз арқылы ақпарат беріледі және қабылданады. Ақпарат сөзбен беріледі, ал реципиент тыңдау процесінде ақпаратты қабылдап ұғынады.

Вербалды емес коммуникация түрлері сенсорлық жүйелердің: көру, есту, тері-тактильді сезім, дәм, сипай сезулердің қатысуымен жүзеге асады. Қарым-қатынастың вербалды емес құралдары арқылы қарым-қатынасқа түсуші адамның жеке-психологиялық ерекшеліктері, характерологиялық ерекшеліктері ашылады және де қолайлы жағдайлар жасайды. Кейбір авторлар вербалды емес коммуникация көмегімен 55-65 % ақпарат беріледі деп санайды.

Қарым-қатынастың перцептивті жағы. Қарым-қатынасқа түсу процесінде қатынасқа түсушілер бір-бірін өзара қабылдайды. Қатынасу барысында адамның сыртқы келбетін, мінез-құлқын, жасаған әрекет-қылықтарын, экспрессивті реакцияларын, сезімдерді білдіру тәсілдерін қабылдаймыз. Адамдардың осындай қасиеттерін қабылдай отырып, ол адамның ішкі психологиялық қасиеті жөнінде ой қорытып, бағалаймыз. Сөйтіп, оған деген көзқарасымыз, қатынасымыз қалыптаса бастайды. Мұндай қатынастар көбіне эмоционалды, яғни “ұнайды” немесе “ұнамайды” деген сипатта болады.

Әлеуметтік перцепция қабылдау ретінде адамның сыртқы белгілерін анықтайды, осының негізінде басқалардың жекелеген мінездемелерін қорытып, болжайды.

Адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісіне қарай отырып, адамның ішкі дүниесін “оқимыз”, яғни болжаймыз деуге болады. Қабылдаудан кейін ол адамға деген эмоциялық қатынасымызды білдіреміз.

Сонымен, әлеуметтік перцепция барысында өзгелерді эмоциялық бағалау, оның жасаған қылықтарының себебін түсінуге әрекет жасау, оның мінез-құлқын болжап, оның мінез-құлқының жеке стратегиясын жасау жүзеге асады. осыған байланысты, әлеуметтік перцепцияның төрт негізгі қызметтерін бөледі:



    • өзін тану;

    • қарым-қатынас арқылы серіктесін тану;

    • өзара түсінісу негізінде бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру;

    • эмоциялық қатынас орнату;

Перцепция механизмдері:

      1. Адамның бір-бірін тануы, түсінуі (идентификация, эмпатия, аттракция).

      2. Қарым-қатынас процесінде өзін-өзі тану (рефлексия).

      3. Қарым-қатынас бойынша серіктесінің мінез-құлқын болжау (каузалды атрибуция).

Қарым-қатынастың интерактивті жағы. Қарым-қатынастың интерактивті жағы адамның өзара әрекеттесуі және бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру әрекеті компоненттерінен тұрады. Өзара әрекеттесу тек қана білімдермен алмасу емес, сондай-ақ топтың жалпы іс-әрекетін жүзеге асыратын бірлескен әрекетті ұйымдастыруымен ерекшеленеді. Сондықтан да, интеракция – ең алдымен адамның өзара әрекеттестігін білдіреді. Қарым-қатынастың интерактивті аспектісінде тек ақпаратпен алмаспайды, онда бірлескен іс-әрекетті көздейді, сонымен қатар бір-бірімен жақын байланысып, өзара әрекеттеседі.

Өзара әрекеттесудің бірнеше тұрлері бар:

Кооперация және конкуренция. Кооперациялық қатынас әрқашан бірлескен күштің үйлесімді болуын көздеп, өзара әрекеттесу барысында қойылған мақсатқа жету жолында топтың барлық мүшелерінің қатысуын талап етеді.

Конкуренция - өзара әрекеттесуші адамдар қатынасының дау-жанжалды болуын туғызады. Себебі, топтың әрбір мүшесінің өз мақсаты болады. Мұндағы дау-жанжал екіге бөлінеді: конструктивті және деструктивті.

Келісім және дау-жанжал.

Бейімделу және оппозиция. Оппозиция - өз көзқарасын, өз саясатын басқа саясатқа қарсы қою, қарсы әрекет жүргізу, қарсыласу. Көпшілік пікіріне немесе үстемдік етуші пікірге қарсы болу.


Топтың дамуының жоғары формасы ретіндегі ұжым.

Ұжым – бір мақсатқа бағытталған мекемелерде жұмыс істейтін адамдардың немесе біліс беру орындарында оқитын студенттердің, оқушылардың т.б. тобы.



Топ және топ түрлері.

Топ – қоғамдық өмірдің түрлі сферасының ерекшеліктеріне қарай құрылады. Мысалы, өндірістік бригада жаңа өндірістің пайда болуына байланысты, мектеп сыныбы – білім жүйесіне келген жас ұрпақтың келуіне, студенттер тобы – жаңа оқу орнына білім алуға келуіне байланысты құрылады.

Топ дегеніміз жалпы ғылыми мағынада қандай да бір ортақ сипаты мен қасиеттері бар адамның кез келген жиынтығы.



Шағын топ.

Шағын топ – ортақ мақсаттармен не міндеттермен біріккен, тікелей байланыстағы индивидтердің біршама шағын саны



Шағын топ құрамы. Кіші топ мүшелерінің санын зерттеуде көптеген зерттеушілер пікірінше кіші топтың саны 2 және 7 адамнан құралады, яғни ең аз саны 2 адамнан құралады, ол “диада” деп аталады.

Кейбір зерттеушілер ойынша, кіші топ 2-3 адамнан құралады. Ол “триада” деп аталады. диада, триада топтың төменгі, ал одан жоғары (50-ге дейінгі) адамдар саны топтың жоғарғы көлемі болып табылады.



Топтардың бірнеше түрлері бар:

Шартты топтар.

Нақты

Табиғи


Лабораториялық

Ресми


Ресми емес топтар

Ұйымдаспаған, кездейсоқ топтар.

үлкен және шағын
3. Ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынастар.
Тұлғааралық қатынастар – бұл бірлескен іс-әрекет және қарым-қатынас процесінде адамдардың бір-біріне өзара әсер етуінің сипаты мен тәсілдерінде объективті көрінетін адамдар арасындағы субъективті әсерленетін өзара байланыстар.
4. Тұлғааралық таңдау. Лидерлік. Басшылық және оның стильдері.

Шағын топтағы динамикалық процесті сипаттауда топ қалай ұйымдастырылады, оны ұйымдастыру қызметін кім мойнына алады, топты басқару әрекетінің психологиялық көрінісі қандай болады деген сауалдар туады. Осыған байланысты, лидерлік және басшылық мәселесі әлеуметтік психологияның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады, яғни бұл мәселе топтық іс-әрекеттің бірігу мәселелеріне жатады.



Лидерлік стильдері

Авторитарлық стиль

Формалды жағы

Мазмұнды жағы

Іскер, қысқа жарлық жасау, бұйрық ету. Кешірімсіз болып, қауіп көрсету арқылы тыйым салу. Сөйлеген сөзі нақты, сөйлеу үні көңілсіз, өз пікірінше болады, басқамен санаспайды, эмоцияға қарамайды.

Топтағы істер алдын ала жоспарланады. Тікелей мақсат қана айқындалады, одан әрі болатын жағдай белгісіз. Даусымен басшылық етеді.

Демократиялық стиль

Ұсыныс жасайды, сөзі құрғақ болмайды, жолдастық қарым-қатынаста болады. Мақтау және адамның кемшіліктерін бетіне басу, ескерту кеңес беруде айтылады. Бұйрық беру, жарлық салу пікірталаста айтылады.

Іс-шара алдын ала жоспарланбайды, топпен жоспарланады. Ұсыныстардың орындалуына бәрі бірдей жауапты болады. Жұмыс шаралары, жоспары тек қана берілмейді, сонымен қатар талқыланады.

Өз еркімен жіберушілік

Мақтау да, ескерту де болмайды. Ешбір ынтымақтастықпен қызмет ету болмайды. Лидердің топта бар екені білінбейді, ескерілмейді.

Топта жұмыс, істер өз бетімен жүреді. Лидер нұсқау бермейді.

5. Топтағы және ұжымдағы интеграция. Ұжымшылдық.


Топ бірлігі дегеніміз топ құрамының бір мақсатта болып, бірлескен іс-әрекет процесінде ұйымшыл болып, топ ішінің бір адамдай бірігуі.

Ұжымшылдық – ұжымның мақсаты мен мүддесін жеке бастың ұмтылыстарынан жоғары қоятын және топтық ұйымдасушылық деңгейдің жоғарылығымен сипатталатын адамгершілік қағида. Адамзаттың рухани-адамгершілік дамуының тәжірибесі адамдардың бірігуінің негізі біріккен әрекет қана емес, сонымен қатар адамзаттық бауырластықтың биік мұратына сай өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі басқаруда екенін айқын көрсетуде. Адам мен қоғамның өзара жауапкершілігі адамдар арасындағы сенім, құрмет, талапшылдық, қағидашылдық қатынастарға негізделеді.



Дәріс № 7 Тақырып: Танымдық процестер психологиясы

Сағат: 2

Дәріс мақсаты: Тақырып бойынша теориялық білімдерді қалыптастыру.

Міндеті:

    • -студенттерді тақырып бойынша ғылыми психологиялық теориялармен таныстыру.

    • өзекті мәселелерді мысалға келтіре отырып, студенттердің белсендігін арттыру.

    • тақырып бойынша незізгі ғылыми психологиялық ұғымдарды бекіту.



Жоспар:

      1. Түйсіну және қабылдау туралы ұғым. Түйсіну түрлері. Түйсінудің жалпы қасиеттері.

      2. Қабылдау және оның негізгі ерекшеліктері.

      3. Зейін және оның физиологиялық негізі (И.П.Павлов, А.А. Ухтомский). Зейін түрлері.

Зейін қасиеттері.

      1. Ес туралы жалпы ұғым. Ес түрлері. Ес процестері.

      2. Ұмыту және оның түрлері. Реминисценция. Ретроактивті және проактивті тежелу.

Ұмытуға қарсы күрес.

      1. Ойлау туралы жалпы ұғым. Ойлау және сезімдік таным. Ойлау операциялары. Ойлау формалары. Ойлаудың физиологиялық негізі. Ойлау түрлері және жеке-дара ерекшеліктері.

      2. Қиял туралы ұғым. Қиял түрлері. Арман. Агглютинация. Схематизация. Акцентировка. Қиялдың жеке ерекшеліктері, оның дамуы.


Әдебиет тізімі:


  1. Ананьев Б.Д. Избранные психологические труды: в 2-х томах. –М., Педагогика. 1980 г.

  2. Асмолов А.Г. Психология личности. – М., Изд-во МГУ, 1990 г.

  3. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. – М., 2003 г.

  4. В.С. Мухина. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Алматы, 1986.

  5. В.С. Мухина.Возрастная психология: феноменология развития. – 14 е изд.- М., «Академия» 2012 г.

  6. Выготский Л.С. Собрание сочинений.: в 6ти томах.- М., Педагогика, 1983 г.

  7. Грэйс Крайг. Психология развития. Санкт-Петербург. 2002.

  8. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы. 2004.

  9. Казанская К.О. Возрастная психология. Конспект лекций. – М.: «А-Приор», 2007. – 160 с

  10. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. – М.: Изд-во МГУ, 1981 г.

  11. Намазбаева Х.Т. Психология. Алматы. 2005.

  12. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. – М., 1999 г.

  13. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПб , Питер. 2005 г.

  14. Столяренко. Л.Д. Основы психологии. – Ростов –на –Дону, Феникс, 2004 г.

  15. Эльконин Д.Б. Детская психология. – М., 2004 г.


Дәріс № 3 Тақырып: Танымдық процестер психологиясы

Сағат: 4
1.Түйсіну туралы ұғым.

Сыртқы дүние және өз тәніміз туралы білімдеріміздің басты қайнар көзі түйсік болып табылады. Ол адамға қоршаған ортада бағдарлануға мүмкіндік бере отырып, сыртқы дүние құбылыстары мен организм күйі туралы ақпараттарды миға жеткізетін жолдарды құрайды.

Түйсік адамға сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының және организм күйінің сигналдарын қабылдап, қасиеттері мен белгілерін бейнелеуге мүмкіндік береді. Олар адамды сыртқы дүниемен байланыстырып, танудың негізгі қайнар көзі, сонымен қатар оның психикалық дамуының негізгі шарты болып табылады.

Түйсік – бұл сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерін бейнелеу.

Сыртқы және ішкі ортадан әсер еткен белгілі бір тітіркендіргіштерді қабылдауға және оны түйсінуге маманданған анатомиялық-физиологиялық апаратты И.П.Павлов анализатор деп атады.

Әрбір анализатор үш бөліктен тұрады:

І Шеткі бөлім немесе рецептор. Мұнда белгілі энергия әсерлерін нервтік процеске тасымалдайды. Оларды сезім мүшелері деп атайды. Сезім мүшелері жоғары сезгіштігімен ерекшеленеді және белгілі бір тітіркендіргіштерді қабылдауға бейім.

ІІ Сезгіш нервтер (афферентті), мұнда қозу анализаторлардың орталық бөліміне беріледі.

ІІІ Анализаторлар орталығы – ми қыртысының маманданған учаскесі, мұнда шеткі бөлімдерден келген нервтік импульстер өңделеді.

Ағылшын физиологы И. Шеррингтон түйсіктің үш негізгі тобын бөлді:



  1. экстерорецептивті.

  2. интерорецептивті

3) проприорецептивті

Түйсіну түрлері. Тітіркендіргіштер модальдығы (модальдық –белгілі бір сезім мүшесіне тиісті түйсіну және қабылдаудың сапалық сипаты) бойынша түйсіктерді көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, тактильді, статикалық және кинестезиялық, температуралық, ауру түйсіктеріне бөледі.

Аталған түйсік түрлерін қысқаша баяндайық.



    • Көру түйсіктері.

    • Есту түйсіктері.

    • Діріл түйсіктері.

    • Иіс сезу түйсіктері

    • Дәм түйсіктері

    • Тері түйсіктері.

    • Статикалық түйсіктер.

    • Органикалық түйсіктер.

Түйсіну қасиеттері:

        1. Түйсік табалдырықтары және сезгіштік.

        2. Адаптация құбылысы.

        3. Түйсіктің өзара әсері. Сенсибилизация.

        4. Синестезия.

2. Қабылдау және оның негізгі ерекшеліктері.

Қабылдау” ұғымы. Егер адам түйсіну нәтижесінде заттардың жекелеген қасиеттері (ыстық, суықтығы, қаттылығы, жұмсақтығы, жарықтылығы, т.б.) туралы ақпарат алса, қабылдау заттар мен құбылыстардың біртұтас бейнесін көрсетеді. Қабылдау – бұл сезім мүшелеріне тікелей әсер еткен объективті дүниенің заттары мен құбылыстарының тұтастай бейнеленуі. Түйсік пен қабылдау бірі-бірі мен тығыз байланысты.



Қабылдау қасиеттері. Психологияда қабылдаудың бес негізгі қасиеттерін бөледі: тұтастығы, константтығы, мағыналылығы, таңдамалылығы және апперцепция.

Қабылдау тұтастығы. Қабылдау қашанда заттардың біртұтас бейнесі. Қабылдау әртүрлі түйсіктер түрінде алынатын заттардың жеке қасиеттері туралы білімдерді жалпылау негізінде жинақталады. Қабылдаудың объектісі жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанмен, біз оларды бүтіндей, тұтас қабылдаймыз.

Қабылдау тұрақтылығы (константтығы). Қабылдау тұрақтылығы көмегімен біз айналадағы заттарды пішіні, түсі, шамасы т.б. бойынша тұрақтылықта көреміз. Қабылдау тұрақтылығы деп отырғанымыз, олардың жағдайлардың өзгеруіне қарамастан, заттардың сол қалпында қабылдануы.

Қабылдау константтығы – бұл көбіне өткен тәжірибе ықпылының көрінісі. Себебі, біз қағаздардың ақ, дөңгелектердің шеңбер болатындығын немесе қабырғада ілулі тұрған сурет қалай қозғалсақ та көлем жағынан сол күйінде болып қабылданатындығын білеміз. Сондықтан да, адам айналасындағы таныс заттарды өзгермеген нәрсе ретінде қарайды.

Қабылдау мағыналығы – ақыл-ой иесі адам барлығының мәнін түсінуге тырысады. Әдетте, ол түсінетін нәрсесін ғана қабылдайды. Сондықтан, да қабылдау ойлаумен, заттардың мағынасын түсінумен тығыз байланысты.

Қабылдау таңдамылылығы – толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеу.

Бір ақпаратты адамдардың әртүрлі, өзінің қызығуы, қажеттіліктері мен қабілеттері т.б. байланысты субъективті қабылдауы – қабылдау субъективтілігінің заңдылығы. Психикалық дүние мазмұнына, жеке басының ерекшеліктеріне байланысты қабылдауды апперцепция деп атайды. Апперцепцияның тұрақты және уақытша түрлерін бөледі. Тұрақты апперцепция – тұлғаның тұрақты ерекшеліктеріне (дүниетаным, сенім, рухани дүниесі т.б.) байланысты және уақытша епперцепция психикалық күйлер ситуативті пайда болғанда (эмоция, бағыт т.б. ) көрінеді.



Қабылдау түрлері. Қайсы бір анализатордың үстемдігіне қарай көру, есту, иіс сезу, кинестезиялық, сипай сезу, және дәм сезу қабылдауларын бөледі.

3. Зейін және оның физиологиялық негізі (И.П.Павлов, А.А. Ухтомский).

Зейіннің физиологиялық механизмі И.П.Павлов және А.А.Ухтомский еңбектерінде түсіндірілген. И.П.Павлов пікірінше, психикалық іс-әрекеттің шоғырлануы басқа нәрселерден дерексіздену (дерексіздену - қасиет-белгілерді нәрсенің біртұтас ерекшеліктерінен бөліп алып көрсету тәсілі) кезінде мидың үлкен жарты шарлары қыртысында нервтік процестердің қозуы мен тежелуінің өзара индукциясы заңы бойынша жүреді. Сыртқы сигнал әсерінен пайда болған қозу ошағы үлкен жарты шар қыртысында мидың басқа бөліктерінде тежелу тудырады. Қандай да бір нәрсені қабылдау, есте сақтау және ойластыру үшін оптималды жағдайлар осылайша жасалады. Ал А.А.Ухтомиский белгілі бір уақытта мидың қалған участкелерін бағындырып, үстемдік ететін мидың үлкен жарты шары қыртысындағы бұл қозу ошағын доминанта деп атады. Доминанта (лат. Dominaus – үстемдік етуші) осы сәтте нервтік орталықтардың жұмысын қамтамасыз етуші, сондай-ақ мінез-құлыққа белгілі бір бағыттылық беретін уақытша үстемдік етуші рефлекторлық жүйе. Үстемдік етуші қозу ошағы пайда болысымен, біруақытта басқа орталықтар белсендігін баса отырып, орталық нерв жүйесіне ағатын импульстерді жинақтайды. А.А.Ухтомскийдің пікірінше, доминанта белгілі бір уақытта адам мінез-құлқын басқарады.

Зейіннің физиологиялық механизмі туралы қазіргі түсініктер келесі қағидаларға саяды:


  • Зейін мидың жалпы сергектік күйін көрсетеді. Ол ретикулярлық формацияның жоғары өрлеуші және төменге түсуші бөліктерінің жұмысымен байланысты;

  • Ретикулярлық формацияның жоғары өрлеуші бөлігінің тітіркенуі ми қыртысында жылдам электрлік тербелістің пайда болуын (десинхронизация құбылысы) тудырады. Мұның барлығын зейіннің жалпы күйі, организмнің тітіркендіргіштерді қабылдауы ретінде түсіндіруге болады. Ретикулярлық формацияның жоғары өрлеуші жолдарының қыртыстың жалпы тонусын ұстауын белгілі бір уақыт ағымында зейін күйінің физиологиялық корреляты ретінде қарастыруға болады.

  • Ретикулярлық формацияның төменгі жолының активизациясы зейінмен байланысты қозғалыс компоненттерін арттыруға жауапты. Ретикулярлық формацияның осы бөлігінің талшықтары ми қыртысының барлық аймақтарынан басталады, әсіресе олар маңдай бөлігінде көп. Осыған байланысты, ретикулярлық формацияның төменгі жолының түрлі қозғалыстарды бағыттау және бақылау арқылы іске асатын ерікті зейінгі қатысы бар екендігін ұйғаруға болады;

  • Ми қыртысының маңдай бөлігі ерікті зейін күйін басқаратын жетекші аппарат;

  • Еріксіз зейіннің психофизиологиялық механизмі жұмысы бағдарлаушы рефлекспен тығыз байланысты;

Басқа психикалық процестер секілді сананың қатысуына қарай зейіннің ерікті және еріксіз, еріктіден кейінгі зейін (үйреншікті) түрлерін бөледі.

Еріксіз зейін – күшті, қанық немесе жаңа, күтпеген тітіркендіргіштен немесе эмоциялық кейіп тудыратын маңызды тітіркендіргіштен еріксіз, өздігінен, тұлғаның саналы ерік-күшінсіз-ақ пайда болатын зейін. Еріксіз зейін қандай әрекеттерден тұрады? Ең алдымен – бұл сыртқы тітіркендіргіштер, заттар мен құбылыстардың белгілі бір ерекшеліктері. Сонымен қатар, тітіркендіргіштер жаңалығы да еріксіз зейінді тудырады. Қатты дауыс, өткір иіс, ашық түстер еріксіз қарауға мәжбүр етеді. Тану процесінде ашық эмоциялық кейіп тудыратын заттар (қанық түстер, әуенді дыбыстар, жағымды иістер) зейіннің еріксіз шоғырлануын тудырады, сондай-ақ еріксіз зейіннің туындауы үшін интеллектуалды, эстетикалық және моральды сезімдер де үлкен маңыз алады. Адамда таңырқау, таңдану, қуану тудыратын заттар ұзақ уақыт назар аудартады.

Еріксіз зейіннің туындауында сыртқы факторлармен қатар ішкі факторлардың – тұлғаның қандайда бір фактілерге, құбылыстарға, заттарға, оқиғаларға қатынасының да үлкен маңызы бар. Нақтырақ айтқанда, тұлға үшін тұрақты және уақытша маңызды нәрселер де зейін аудартады. Ырықсыз зейінді тартуда қызығу маңызды роль атқарады. Психологтардың анықтауынша, қызығуды тудыру үшін біріншіден, қабылдап жатқан объект біз меңгерген білімдермен байланысты болуы керек, объект біз үшін мүлдем жат болмауы қажет. Екіншіден, осы объектіні тану бізге жаңа білім беруі, яғни бізде туындаған сұрақтарға жауап беруі керек;

Француз психологы Г. Рибо қайсы бір адамның зейіні өрісіне түскен нәрсеге қарап, оның жеке басының көптеген қасиеттері жайында талқылауға болады деп санаған. Сол белгілерге қарап, адамның жеңілтек немес салмақты, ойы таяз немесе ой-өрісі кең т. с.с. деп ой өрбітуге болады.

Еріксіз зейінмен қатар адамның психикалық дүниесінде ерікті зейін де үлкен рөл атқарады. Ерікті зейін – бұл саналы қойылған мақсатпен, ерік күшімен байланысты. Ерікті зейін әрқашан алдын ала ойластырылған, белсенді болады, адам бір нәрсеге өзі зейін аударады. Сонымен қатар, бұл зейін түрінде қызығушылық, зейін объектісінің маңыздылығы аса зор. Ерікті зейін өз кезегінде ерік күшін, еңбекті талап етеді. Ерік күші қойылған мақсатқа жетуде күшті жұмылдырады. Ерік күші іс-әрекет объектісіне шоғырлануға, алаңдамауға, әрекет жасауда жаңылыспауға қажет.

Зейінді ерікті шоғырландыруды жеңілдететін бірқатар шарттар бар. Зейінді ұстаудың басты шарты адамның психикалық күйі болып табылады. Шаршаған адамға шоғырлану аса қиындыққа түседі. Көптеген байқаулар мен тәжірибелер ұзаққа созылған жұмыс аяқталуға тәмам қалғанда жұмысты орындау барысында қателіктер санының артатынын, сондай-ақ зейінді шоғырландыру қиын екендігін көрсетеді. Жұмысты орындауға айналадағы себептер (басқа ойрамен алаң болу, ауру күйі, т.б. факторлар) эмоциялық қозуды тудырады.

Ерікті зейін – белгілі бір ақпаратқа саналы шоғырлану ерік күшін ерік күшін талап етеді, 20 минуттан соң шаршатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет