Р. А. Қадырқұлов, У. А. Ғайыпбаева



бет26/28
Дата08.02.2022
өлшемі2,02 Mb.
#121248
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Informatika Metodika 5 kl Kaz

Сабақтың соңы
5 мин

Жұптық жұмыс
Цифрлық құрылғылардың өзің үшін маңызына үш мысал келтір. Не үшін маңызды? Себебін түсіндіріңдер.

Kahoot, plickers программаларымен тест дайындап орындату.



Компьютер



Рефлексия
1 мин

«Екі жұлдыз, бір тілек». Оқушылар екі жақсы түсінген мәлімет, бір сұрақ айтады.

Үй тапсырмасы




«Цифрлық технологиялар адамға және адамның өмір сүру салтына қаншалықты әсер етті?» тақырыбына шағын эссе жазыңдар.


5-бөлім. Компьютер және қауіпсіздік
5.3. Интернетте жұмыс істеу қаншалық қауіпті?

Мектеп:

Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.4.2.1 біреудің жұмысын көшіру заңсыздығы туралы айту;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • интернетте ақпараттың қорғалуы мен плагиат ұғымын анықтайды.

Көптеген оқушылар:

  • интернетте ақпаратты пайдалану кезіндегі заң бұзушылықтарды салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • интернеттегі ақпараттардың авторлық құқықтарының қорғалуының маңыздылығын тұжырымдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология
Сабақта қолданылатын термин сөздер.




Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі




авторлық құқық

авторское право

copyright

дереккөз

источник

source

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

  • Үй тапсырмаларын орындай алмаған сәттеріңде не істейсің?

  • Сабақта берілген тапсырма, жобаларды орындауда интернеттен алынған ақпаратты қай дәрежеде пайдаланасың?

  • Авторлық құқық деген не?

  • Интернеттен алынған ақпараттарға не үшін сілтеме келтіру керек?

Жазу.
«Плагиат» ұғымын жазыңдар.
Интернетте авторлық құқықты бұзбай ақпарат алу ережелерін жазыңдар.

Алдыңғы алған
білімі

Компьютерлік желілер. 3-сынып.

Пәнаралық
байланыс

Орыс тілі, Ағылшын тілі, Жаратылыстану.

Құндылықтарға
баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.

Жоспар

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қосымша ресурстар

Сабақтың басы
3 мин
7 мин

Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу.
Сыныпта көңілді ахуал орнату.


Өткен сабақты пысықтау: «Автор орындығы» әдісі. Оқушылар үй тапсырмасына берілген «Цифрлық технологиялар адамға және адамның өмір сүру салтына қаншалықты әсер етті?» тақырыбында жазған эссені орындықта отырып оқып береді.
Ауызша мадақтау, қолдау көрсету.




Сабақтың ортасы 3 мин

5 мин
6 мин


10 мин


Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Үй тапсырмаларын орындай алмаған сәттеріңде не істейсің?

  • Сабақта берілген тапсырма, жобаларды орындауда интернеттен алынған ақпаратты қай дәрежеде пайдаланасыңдар?

  • Авторлық құқық деген не?

  • Интернеттен алынған ақпараттарға не үшін сілтеме келтіру керек?



Оқулықпен жұмыс
Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).
Практикалық жұмыс орындау
Тапсырма
Отан, туған жер туралы өлең және отанымыздың кең байтақ жерін, табиғатын суреттейтін сурет кірістірілген мәтіндік құжат дайындаңдар.
Практикалық тапсырманы орындау алгоритмдері:

  1. Мәтіндік редакторды іске қосыңдар. Браузерді іске қосыңдар.

  2. Браузер көмегімен интернетке кіріп, іздеу серверінің мекенжайын жазыңдар. Мысалы, www.yandex.kz .

  3. Іздеу жолағына «Отан, туған жер» туралы өлеңдер деп жазып, Найти (Іздеу) батырмасын басыңдар. Браузер терезесінде пайда болған сайттар арасынан өздеріңе ұнаған өлең шумақтарын тінтуір көмегімен көшіріп алып, тікелей мәтіндік редакторға сақтаңдар.

  4. Дәл осы әдіспен суреттерді іздеу алаңына «Отан, туған жер» туралы суреттер деп жазып, 3-пункттегі тапсырманы қайталаңдар. 110 111

  5. Дайындалған мәтіндік құжаттың төменгі жағына ақпаратты көшіріп алған сайт мекенжайына сілтеме жасаңдар (2-сурет). Сілтеме жасамай пайдаланған ақпараттың плагиат екенін естен шығармаңдар.

Дескриптор:

Оқулық







  • интернеттен мәтін жүктей алады;

  • жүктеп алған мәтінді өз құжатына орналастырады;

  • құжатқа сілтеме жасайды;

  • плагиат ұғымын анықтайды.

Топтық жұмыс
Ақпаратты заңсыз көшіру (плагиат) мен авторлық құқық жайлы талдай отырып, құрдастарыңның плагиат жасамауы үшін бірнеше қадамдардан тұратын ереже жобасын дайындап, оны ұсыныңдар.
Дескриптор:

  • плагиат ұғымын анықтайды;

  • авторлық құқық ұғымын анықтайды;

  • плагиат пен авторлық құқықты бұзбау ережесін ұсынады.




Сабақтың соңы
5 мин

  1. Плагиат жайлы не білесіңдер?




  1. Егер досың фотосуретіңді сенің рұқсатыңсыз әлеуметтік желідегі парақшасына орналастырса, онда не істер едіңдер?

  2. Не үшін интернеттен біреудің еңбегін рұқсатсыз көшіруге болмайды деп ойлайсыңдар?

  3. Егер интернеттен алынған деректерді өз сайтыңа жариялағаннан кейін ғана барып плагиат екенін білсең, ары қарайғы іс-әрекеттерің қалай болады?

оқулық

Рефлексия
1 мин

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Оқушылар сабақта жақсы түсінген екі ақпарат және түсінбеген бір сұрақпен бөліседі.

Үй тапсырмасы






«Қазақстанда авторлық құқықтың дамуы» тақырыбына шағын эссе жазып келіңдер.

5-бөлім. Компьютер және қауіпсіздік
5.4. Компьютердегі деректі қалай қорғауға болады?

Мектеп:

Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.4.2.2 құжаттарға арналған пароль орнату;
5.1.3.1 ортақ пайдалану файлдарын орналастыру, редакциялау, жүктеу;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • құжаттарды шифрлау және парольдың сипаттамаларын анықтайды.

Көптеген оқушылар:

  • құжаттарды шифрлау кезіндегі парольдың сипаттамасын салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • құжатты шифрлау үшін пароль қолданудың маңыздылығын сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:
Парольдің күрделілігі – сложность пароля – password complexity белгісіз – неизвестный – unknown.

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

  • Ақпаратты қорғау дегеніміз не? Ақпаратты қалай қорғауға болады?

  • Ертеде адамдар ақпаратты қорғауда қандай әдістерді қолданған?

  • Ақпаратты қорғаудың қандай заманауи тәсілдерін білесіңдер?

  • Ақпаратты логин-пароль арқылы қорғаудың маңыздылығы жайлы әңгімелеп беріңдер. Естеріңе түсіріңдер.

  • Сендер компьютерде жасаған құжаттарыңды қорғаудың қандай жолдарын білесіңдер? Ойларыңмен бөлісіңдер!

Жазу.
Компьютерде жалпыға қолжетімді бумаларды жасау жолдарын жазыңдар.

Алдыңғы алған білімі

Компьютеріңіздегі деректерді қалай қорғауға болады?

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, Ағылшын тілі.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру

Жоспар

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қосымша ресурстар

Сабақтың басы
3 мин
7 мин

Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу.
Сыныпта көңілді ахуал орнату.

Өткен сабақты пысықтау үшін «Аукцион» ойынын қолдану. Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға қағазға жазылған сөзді іліп, бұл сөзге әр топ қанша ұпай беретінін анықтап алу керек. Ең көп ұпай берген топқа сөзді ашып, сол сөз туралы білгендерін айтады.


Егер команда дұрыс жауап берсе, берілген ұпайлар команданың қорына көшеді. Дұрыс жауап бермесе, ұпай екінші командаға көшеді. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.
Ауызша мадақтау, қолдау көрсету.




Сабақтың ортасы 3 мин

5 мин
6 мин


10 мин


Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Ақпаратты қорғау дегеніміз не? Ақпаратты қалай қорғауға болады?

  • Ертеде адамдар ақпаратты қорғауда қандай әдістерді қолданған?

  • Ақпаратты қорғаудың қандай заманауи тәсілдерін білесіңдер?

  • Ақпаратты логин-пароль арқылы қорғаудың маңыздылығы жайлы әңгімелеп беріңдер. Естеріңе түсіріңдер (1-сурет).

  • Компьютерде жасаған құжаттарыңды қорғаудың қандай жолдарын білесіңдер? Ойларыңмен бөлісіңдер.

Оқулықпен жұмыс
Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім оларды жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).


Жеке практикалық жұмыс
Электрондық жеке күнделік:

  1. Word мәтіндік редакторын іске қосып, жаңа құжаттық файл құру үшін Файл – Создать (Құру) командасын орындаңдар.

  2. Файл ішіне күнделікті жазуды бастаған мерзім жайлы және күнделіктің кімге тиесілі екені туралы ақпарат жазыңдар.

  3. Файл – Сохранить как... (Қалай сақтау керек...) командаларын орындаңдар. Пайда болған сақтау терезесінің жолағына файлға «Күнделік» атауын беріп, оны сақтаңдар.

  4. Құжат сақталған соң келесі қадамда Файл – Сведения (Мәлімет) – Зашифровать паролем (Парольмен шифрлау) командаларын орындап, құжатқа пароль қою терезесін ашыңдар. Күнделік басқаларға қолжетімсіз болу үшін, файлға сенімді пароль орнатыңдар.

  5. Жасаған жаңа құжатыңды жауып, қайта ашқанда, ол тек парольмен ғана ашылатын болады.

Дескриптор:

  • құжат жасайды;

  • құжатты парольмен қорғай алады.

Топтық жұмыс.

Оқулық




Парольдің сипаттамасы мен пароль таңдаудың ережелерін пайдаланып, 5 түрлі сенімді пароль құрастырыңдар. Парольдер зиянкестерге қолды болмау үшін оны қорғаудың жолдарын ұсыныңдар.
Дескриптор:

  • пароль сипаттамасын анықтайды;

  • пароль таңдаудың ережелерін анықтайды;

  • парольді қорғау жолын ұсынады.

Жұптық жұмыс
Қандай ақпраттарды, құжаттарды құпияға жатқызуға болады? Өз қызметінде құпиялылықты қажет ететін қандай салаларды атай аласыңдар? Не үшін бұл салаларда құпиялылық қолданылады? Мысал келтіріңдер. Өздеріңнің қандай құжаттарыңды, ақпараттарыңды құпия санайсыңдар? Себебін түсіндіріңдер.
Дескриптор:

  • құпия ақпараттар мен құжаттарды анықтайды;

  • ақпаратты құпия сақтаудың себебін сипаттайды.




Сабақтың соңы
5 мин

Төменде берілген парольдерді күрделілігіне қарай жіктеңдер.
1) mvzbvf;
2) 2) 83cpz[]BgA;
3) 3) tklgrdd;
4) 4) 2#T9!UPPd4;
5) 5) BLJU98JYH
Дескриптор:




Рефлексия
1 мин

«Смайликтер». Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы көрсетеді.

Үй тапсырмасы






«Қазақстанда авторлық құқықтың дамуы» тақырыбына шағын эссе жазыңдар.


5-бөлім. Компьютер және қауіпсіздік
5.5. Жалпыға қолжетімді бумалар мен файлдар жасау

Мектеп:

Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.1.3.1 ортақ пайдалану файлдарын орналастыру, редакциялау, жүктеу;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • компьютерде жалпыға қолжетімді бумаларды жасау жолын анықтайды.

Көптеген оқушылар:

  • компьютерде жалпыға қолжетімді бумаларды жасау жолын салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • компьютерде жалпыға қолжетімді бумаларды жасаудың маңыздылығын тұжырымдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология




қолжетімді

доступный

access




кеңейтілген баптау

расширенная
настройка

advanced settrings




Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

  • Файлдарды бірге пайдалану дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Файлдарды қай жерден және қалай жүктеуге болады?

  • Сыныптастарыңмен, достарыңмен қолмен жасаған немесе компьютерде бірлесіп орындаған қандай жұмыстарыңды мысалға келтіре аласыңдар?

Жазу.
Жалпыға қолжетімді файлдар мен бума жасау алгоритмін жазыңдар.

Алдыңғы алған білімі

Компьютеріңіздегі деректерді қалай қорғауға болады?

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, Ағылшын тілі.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.

Жоспар

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қосымша ресурстар

Сабақтың басы
3 мин
7 мин

Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу.
Сыныпта көңілді ахуал орнату.

«Сұрақ – жауап» ойыны.


Ойынның шарты: қатырғықағаздан 20 карта жасау. 10 картаға сұрақтар, қалған 10 картаға жауаптар жазу. Оқушылар шеңбер құрып отырады. Бір оқушы сұрағы бар картамен келесі балаға жүреді. Ол оқушы оны сұраққа жауап беретін картамен басады.










Ауызша мадақтау, қолдау көрсету.




Сабақтың ортасы 3 мин
8 мин
6 мин

Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Файлдарды бірге пайдалану дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Файлдарды қай жерден және қалай жүктеуге болады?

  • Сыныптастарыңмен, достарыңмен қолмен жасаған немесе компьютерде бірлесіп орындаған қандай жұмыстарыңды мысалға келтіре аласыңдар?

Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім оларды жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).

Жеке практикалық жұмыс


Желідегі жалпыға қолжетімділік берілген бумаларды пайдалану

  1. Компьютерде жаңа мәтіндік құжат жасаңдар. Құжатқа

«Информатика» пәнінен өздерің түсінбей жүрген сұрақты жазып, өз аттарыңмен сақтаңдар.

  1. Құжатты жалпыға қолжетімді 5-сынып бумасына салыңдар.

  2. Желідегі пайдаланушылардың жауабын күтіңдер. Жауап жазылған файлдан сұрағыңа қанағаттанарлық жауап алсаңдар, файлды жалпы бумадан компьютеріңнің жұмыс үстеліне көшіріп қойыңдар.

Дескриптор:

  • мәтіндік құжат жасайды;

  • Жалпыға қолжетімді бума жасайды.

Топтық жұмыс.
Теориялық материалды талдаңдар. Белгілі бір тақырып бойынша жоба жұмысын жоспарлаңдар. Таңдап алған жобаларыңды желіде бірлескен жұмыс арқылы ұйымдастырудың қадамдарын орындаңдар:
1. Жобаның тақырыбын ұсыныңдар;

Оқулық

7 мин


  1. Жобаға қажетті файлдар тізбесін таңдап (презентация жасау, құжат жасау, сурет файлын құру, керек болған жағдайда дыбыс және видео қосу) құжат жасаңдар;

  2. Жалпыға қолжетімді бума жасап, оған ат қою;

  3. Жобаға қатысатын топ мүшелерінің әрбірінің жобаны орындаудағы қызметтерін бөлу;

  4. Жобаның дайындалған файлдарын жалпыға қолжетімді бумаға орналастыру.

Дескриптор:

  • файлдар тізбесін жасайды;

  • жалпыға қолжетімді бума жасайды;

  • файлды қолжетімді бумаға орналастырады.

Жұптық жұмыс
Жалпыға қолжетімді бума және файлдарды жасаудың маңызын бағалаңдар. Артықшылығы мен кемшілігі жайлы пікір алмасыңдар.
Дескриптор:

  • жалпыға қолжетімді буманы анықтайды;

  • жалпыға қолжетімді файлды анықтайды;

  • жалпыға қолжетімді файлдар мен бумаларды салыстырады.




Сабақтың соңы
5 мин

«Файл» сөзіне синквейн жасау.




Рефлексия
1 мин

«Смайликтер». Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы көрсетеді.

Үй тапсырмасы

Жұмыс үстелінде орналасқан «Жалпы суреттер» ортақ бумасынан «Менің суреттерім» бумасына сурет жүктеу алгоритмін орындаңдар.








5-бөлім. Компьютер және қауіпсіздік
5.6. Шағын жобаларды орындау

Мектеп:

Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.4.2.2 құжаттарға арналған пароль орнату;




5.2.2.1 құжатты басып шығару үшін тиімді ұйымдастыру (бет параметрлерін орнату, алдын ала қарауды орындау);

5.1.3.1 ортақ пайдалану файлдарын орналастыру, редакциялау, жүктеу;



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • құжаттарға пароль орнату, жалпыға қолжетімді файлдарын орналастыру, редакциялау, жүктеу және баспаға беруді орындайды.

Көптеген оқушылар:

  • құжаттарға пароль орнату, жалпыға қолжетімді файлдарын орналастыру, редакциялау, жүктеу және баспаға беруді салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • құжаттарға пароль орнату, жалпыға қолжетімді файлдарын орна- ластыру, редакциялау, жүктеу және баспаға беруді орындаудың маңыздылығын сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология
Сабақта қолданылатын термин сөздер.




жалпы қолжетімділік

общий доступ

shared access

толық қолжетімділік

полный доступ

full access




Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

  • Жоба жұмысын орындаудың қандай түрлерін білесіңдер?

  • Жобалық жұмыстарын дайындау қандай қадамдардан тұрады?

  • Жобаны рәсімдеуге қандай талаптар бар?

Жазу.
Жоба түрлерін жазыңдар.

Алдыңғы алған
білімі

Жалпыға қолжетімді бумалар мен файлдар жасау.

Пәнаралық
байланыс

Орыс тілі, Ағылшын тілі.

Құндылықтарға
баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.

Жоспар

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қосым ша

Сабақтың басы
3 мин
7 мин

Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгендеу.
Сыныпта көңілді ахуал орнату.


Өткен сабақты пысықтау:
«Ыстық орындық» ойыны.
Оқушылар орындықта отырған оқушыға өткен сабаққа байланысты сұрақтар қояды. Оқушы жылдам жауап бермесе күйіп қалады.




Сабақтың ортасы 3 мин

5 мин



6 мин


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет