Р. А. Қаратабанов, Бекдаирова В. Ж


Өз жауаптарыңды сенімді дәлелдермен растаңдар



Pdf көрінісі
бет24/234
Дата06.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#79673
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   234
Байланысты:
9 сынып ктж. қмж

Өз жауаптарыңды сенімді дәлелдермен растаңдар. 
Бұл тапсырма қазіргі кездегі география ғылымы зерттеулерінің 
өзекті мәселелерін және физикалық географияны мысалға 
келтіре отырып, компоненттер арқылы география ғылымының 
жіктелуі туралы білімді оқушылардың меңгеру дәрежесін 
анықтауға бағытталған.
Халықаралық құжатта география ғылымына қатысты 
мақсаттарды анықтағаннан кейін, біздің еліміз Қазақстан 
Республикасы да дамудың мемлекеттік мақсаттарын алға қойып 
отырғаны, ол жайында «Қазақстан – 2030» және «Қазақстан – 
2050» тәрізді құжаттарда айтылғаны туралы талқылауға көшу 
керек. Оқулықтың мәтінінде берілген «Қазақстан – 2050» 
құжатының қысқаша мазмұнымен таныстырып, осы құжаттың 
негізінде оқушыларға келесі тапсырманы орындауға беріңдер. 
2-тапсырма 
Егер сен өзің тұратын аймақтың әкімі болсаң, оның тұрақты 
дамуы үшін қандай географиялық зерттеулер жүргізуге тапсырма 
берер едің? Неліктен? Осы немесе басқа географиялық зерттеуді 
географияның қай саласының мамандарына тапсырар едің? 
2-тапсырманы талқылау кезінде, географиялық зерттеулер 
жүргізудің мақсатын анықтап, соның негізінде оқушыларға 
географиялық зерттеулердің түрлері мен оның мәні туралы айту 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет