Сабақтың типі: Химия әлеміне саяхат сабақтан тыс шара



Дата27.02.2022
өлшемі25,76 Kb.
#133626
түріСабақ
Байланысты:
ашық сабақ



Сабақтың тақырыбы:Химия әлеміне саяхат
Сабақтың мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін қорытындылау, тақырыпты меңгеру дәрежесін тексеру, химия әлеміне саяхат арқылы білімдерін жинақтау, пәнге қызығуын, логикалық қабілеттерін дамыту.
Күтілетін нәтижесі : оқушылардың химия әлеміне саяхат арқылы білімдері жинақталады, пәнге қызығушылығы және логикалық қабілеттері артады, есте сақтауы, зейіні, сөйлеу қабілеті дамиды.

Сабақтың типі: Химия әлеміне саяхат сабақтан тыс шара
Қолданылатын әдіс–тәсілдер: Топтық жұмыс
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Көңілді, тапқыштар,білімділер бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді,көп оқыған болса егер, бүгінгі күні жеңімпазы болады.
Біреуінің жүрегінің түгі бар, біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар, Біреуінің күмбірлеген күйі бар. біреуінің қатты істейтін миы бар.
Сайысқа түсушілерге сабырлық пен жеңіс тілеймін.
Бүгінгі «Химия әлеміне саяхат» сайысында алған білімдеріңізді мына бөлімдерде көрсете аласыздар
І – бөлім « Бәйге»
II- бөлім « Полиглот»
III- бөлім Лездік сұрақтар.Менделеев кестесі, плакат, стикер, маркерлер
IV-бөлім «Чайнворд»
V- бөлім Қорытынды
І – бөлім «Бәйге». 4 мин І – топ
1. Табиғатта таралуы бойынша бірінші тұрған металл? (Алюминий)
2. Қандай элемент алдымен күнде,содан соң жерде ашылды.(гелий)
3. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл (иод)
4. Өмір мен ойдың элементі (Фосфор)
5. Күнделікті тұрмыста пайдаланылатын марганцовканың химиялық атауы (калий перманганаты)
6. Адам ағзасында қай элемент жетіспеуінен тіс жегі ауруына ұшырайды. (Фтор)
7. Менделеев құрметіне берілген элемент (Md)
8.Сүйекті қатайтатын элемент ( Ca)
ІІ – топ
1. Оттектің салыстырмалы атомдық массасы ( 16)
2. Отынның жануы қандай құбылыс? ( химиялық)
3. Сіріңкесіз қалай от жағуға болады.(ақ фосфор арқылы)
4. Үш түрлі күйде кездесетін зат (су)
6.Ең жеңіл металл ( литий)
7.Галогендер орналасқан топ (жетінші топ)
II – бөлім «Полиглот»10 мин
Қатысушылар берілген жұмбақтарды шешу және мақалды аяқтау арқылы жасырынған сөзді тауып, орыс, ағылшын тіліне аударады. (әр айтылған сөзге 10 ұпай)
1. Отқа жанбас суға батпас (Мұз, лед, айс,)
2. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа, воздух, air)
3. Өшпейтін өмір жоқ, сынбайтын..... жоқ (Темір, железо, iron
4. Сыйлап берген..... да тәтті (су, вода, water)
5. Құрғақ жерде сақтайсың, Онсыз тамақ татпайсың (тұз, соль, solt)
6. Сабыр түбі сары… (алтын, золото, gold)
7. Иісі, түсі, өңі жоқ Табиғатта онсыз өмір жоқ Өсімдіктен аламын Өміріме нәр қыламын. Жауабы: (Оттек, кислород, oxygen)
8. Арпа бидай ас екен. Алтын....... тас екен. Жауабы: (Күміс, Серебро, silver)
9.Өзім газбын,менімен демаласың, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың. ОТТЕК, КИСЛОРОД, ОКСИГЕНИУМ
10.Ең жеңіл элемент саналады, периодтық жүйе осыдан басталады. СУТЕК, ВОДОРОД, АШ – H
IІІ – бөлім 5 минут
Лездік сұрақтар ( 5 минут ішінде 10 сұраққа жылдам жауап беріп үлгеруі керек)
Лездік сұрақтар: 1топ
1. Қоршаған орта ластануын зерттейтін ғылым (Экология)
2. Натрий гидрокарбонатының тұрмыстық атауы (Ас содасы)
3. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл (Йод)
4. Сұйық металл (Сынап)
5. Ас тұзының формуласы (NaCI)
6. Күкірт қышқылының оқылуы (Аш - екі – эс - о - төрт)
7. Темір элементінің оқылуы (Феррум)
8. Күміс элементінің оқылуы (Аргентум)
9. Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр (Коэффициент)
10. Периодтық кесте неше топтан тұрады? (Сегіз)
Лездік сұрақтар: 2 топ
1. Натрий хлоридінің тұрмыстық атауы (Ас тұзы)
2. Қанның құрамына кіретін металл (Темір)
3. Қорғасын элементінің оқылуы (Плюмбум)
4. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі (Атом)
5. Индекс нені білдіреді? (Атом санын)
6. Фосфор қышқылының формуласы (Н3РО4)
7. Кестедегі VII топтың негізгі топша элементтері (Галогендер)
8. Кремний элементінің оқылуы (Силициум)
9. Зат массасының сақталу заңын ашқан кім? (Ломоносов)
10. Д.И. Менделеев қай жылы периодтық кестені ашты (1869)
IV-бөлім «Чайнворд»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет