1
Р.А. Қаратабанов, Бекдаирова В.Ж.
Қазақстан географиясы
Әдістемелік құрал
Жалпы білім беретін мектептің
9-сынып мұғалімдеріне арналған
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі ұсынған
АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ
2019
3
КІРІСПЕ
Аталған құрал Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №
292 қаулысымен бекітілген Негізгі мектептің мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру
стандартында белгіленген жалпы орта білімнің негізгі білім бағдарламасын меңгеру
нәтижелеріне қойылатын талаптарды іске асыратын мұғалімге көмек ретінде әзірленді.
2016 жылғы 7 шілдедегі № 432 үлгі оқу жоспарына сәйкес 9-сыныпта «Қазақстан
географиясы» пәні бойынша сағаттар саны аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты
құрайды.
Құралда «География» оқулығының ғылыми-әдістемелік негіздері және олардың 9-
сыныпқа
арналған ОӘК-де іске асырылуы, «Қазақстан географиясы» оқулығы
құрылымының, мазмұны мен әдістемелік
ұстанымының ерекшеліктері, күнтізбелік-
тақырыптық жоспар, аталған курсты 9-сыныпта оқу бойынша жоспарланатын нәтижелер
(тұлғалық, жүйелік-әрекеттік және пәндік), сабақтардың әдістемелік әзірлемелері оқу
жетістіктерін бағалауға арналған ұсынымдарымен бірге берілді.
Әдістемелік құралда география сабағында белсенді
оқыту әдістерін қолдану
теориясы мен практикасының ең өзекті мәселелері: белсенді және интерактивті оқыту
әдістері ұғымы
мен жіктелуі, әртүрлі оқу міндеттерін іске асырған кезде белсенді оқыту
әдістерінің түрлерін
таңдау бойынша ұсыныстар, топтық жұмысты ұйымдастыруға
қатысты негізгі әдістемелік көзқарастар беріліп отыр.
Құралдың авторлары қазіргі география сабақтарының тиімділігін арттыру бойынша
ұсыныстарын да баяндаған.
Авторлар