Р. А. Қаратабанов, Бекдаирова В. Ж


Бастамамен жұмыс кезіндегі әдістемелік тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет14/234
Дата06.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#79673
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   234
Байланысты:
9 сынып ктж. қмж
1 наурыз алғыс айту күні, Самал устаз куни, ТАРБИЕ ЖОСПАРЫ С,.ӨМИРХАН 2018-2019, ТАРБИЕ ЖОСПАРЫ С,.ӨМИРХАН 2018-2019, ТАРБИЕ ЖОСПАРЫ С,.ӨМИРХАН 2018-2019, дарынды балалармен жумыс жоспар, Дарынды оку жоспары, Шанханай НМ 2019-2020 годовой план школы, өзін өзі тану, жоспар, Ашық сабақ Отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі
 
Бастамамен жұмыс кезіндегі әдістемелік тапсырмалар 
Әрбір параграф бастамадан басталады. Бастама – кітаптың немесе оның бір 
бөлігінің, бөлімінің басталар жолының ең үстіңгі жағында орналастырылған және 
параграфтың атауы мен жалғасатын мәтіннен бос орын арқылы ажыратылған тақырып 
атауы. Әр сабақтың бастауында онымен жұмыс ұйымдастырылған: оқушылар тақырып 
қалай аталатынын, оны оқыған кезде нені үйренетіндіктерін білетін болады. Оқушылар 
бастамаға сабақтың соңғы кезеңінде тексеру мен қол жеткізген жетістіктерді бағалау 
кезінде де қайта оралатын болады. Сонымен қатар, берілген тапсырмалар параграф 
бойынша жұмыс істей бастағанда қойылған мақсаттар және міндеттермен өзара қатынаста 
болады. Тапсырмаларды орындай отырып, оқушылар ойлаған мақсаттарына қол жеткізе 
алды ма, соны шешеді, ол өз кезегінде олардың қол жеткізген нәтижелерін жалпы 
бағалауына негіз бола алады. 
Бастамамен жұмыс кезінде бірнеше әдістемелік мәселелер шешіледі: 
1. Сабақ оқуға деген ынталандыру. 
2. Сабақ бойынша атқарылатын жұмыстың мақсатын қою. 
3. Сабақты оқу барысында атқарылатын іс түрлерін анықтау. 
4. Сабақты оқыту нәтижелері бойынша бақылау-бағалау қызметін ұйымдастыру. 
Сонымен қатар, бастама материалдарының көмегімен бұрындары өткен 
материалдарды қайталауға, оқушылардың осы және басқа да тақырыптар бойынша алған 
білімдері мен дағдыларын жандандыруға болады. Осы элементте берілген бағдар 
(мақсатты нұсқама) бойынша бөлімді оқып-үйренудің сызбасын, бағдарын құруға болады. 
Онымен жұмыс кезінде іс жүзінде әмбебап оқу іс-әрекеттерінің барлық түрлері 
жасалады. Осылайша, оқушылар өз жұмыстарын жоспарлауды, бөлімді оқып үйрену 
барысында атқаратын іс-әрекеттерінің ретін анықтауды, бөлім мазмұнына мақсатты 
нұсқамалар бойынша болжам жасауды үйренеді. Бастамада көрсетілген нұсқамалар 
негізінде оқушылар оқу мақсаты мен міндеттерін қабылдауды және сақтауды үйренеді. 
Бұл дағдылар реттеуші оқыту іс-әрекеттеріне жатады. 
Бастама пункттерін талқылау кезінде оқушылар қатарластарымен және мұғаліммен 
сұхбат құрады, әңгімелеседі, сұрақтар қояды, өз ойларын айтады – осылайша 
коммуникативтік әмбебап оқыту әрекеті түзіледі. 
Мақсатты нұсқамаларды талдау негізінде танымдық дағдылар қалыптасады: 
оқушылар ойша өздерін қоршаған алуан түрлі табиғи және мәдени әлемнен осы бөлімде 
зерделенетін нысандар мен құбылыстарды бөліп алады, алда тұрған оқу барысының 
сипатын анықтайды (бақылаулар мен тәжірибелер жүргізеді, жоспар бойынша 
салыстырады және сипаттайды, модель әзірлейді, т. б.). 


11 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет