Пән: Адам Қоғам Құқық
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: 9.3С Отбасы мүшелерінің құқығы мен міндеттері
Күні:
Сынып: 9
|
Мектеп : Шанханай негізгі мектебі
Мұғалімнің аты-жөні:Өмірхан Самал Ермекқызы
Қатысқан оқушылар саны:10
Қатыспаған оқушылар: 0
|
Сабақ тақырыбы:
|
Отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі қандай?
|
Оқу мақсаты:
|
9.5.3.1 Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау
|
Сабақ мақсаттары
|
Заңнамалық негізде отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесін анықтау
|
Бағалау критерийлері
|
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін ажыратады
Отбасының әр мүшесінің құқықтары мен міндеттерін сәйкестендіреді
Проблемалық жағдаяттың шешімін шығарады, баға береді
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындай отырып, отбасы құқығы туралы өз ойларын бере алады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
«Мәңгілік ел» ҚҰНДЫЛЫҒЫ:
ТАРИХ, МӘДЕНИЕТ ПЕН ТІЛДІҢ ОРТАҚТЫҒЫ
Зияткерлік мектептердің құндылығы:
ҚҰРМЕТ, ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
|
Пәнаралық байланыстар
|
Қоғамдық пәндер
|
АКТ қолдану дағдылары
|
АКТ-ны қолдана отырып презентация және бейнеролик көрсету.
|
Бастапқы білім
|
Алдыңғы тоқсандағы сабақтардан неке, отбасы сөздерінің анықтамасын біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспар
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
7 мин
3 мин
15 мин
8 мин
|
I.Қызығушылықты ояту: Психолгиялық ахуал орнату
Ұйымдастыру: амандасу-түгендеу
1. Отбасы туралы»бейнесюжетін көрсету.
2. Оқушылар дәптерлеріне 1минут ойланып, отбасындағы ерлі –зайыптылардың, ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін жазады
3. Оқушылардың ойларын білгеннен кейін, заңнаманың баптары арқылы толықтыру.
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері:
|
Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері:
|
1.
2.
3.
4.
|
1.
2.
3.
4.
|
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңның 29-бабы:
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды.
1. Ерлі-зайыптылар тең құқықтар пайдаланады және тең міндеттер атқарады.
2. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет түрін, кәсібін және діни сенімін таңдауға ерікті.
3. Ерлі-зайыптылар ана болу, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру, ерлі-зайыптылардың тұрғылықты, болатын жерлері мәселелерін және отбасы өмірінің басқа да мәселелерін бірлесіп шешеді.
4. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық пен өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқат жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.
Қазақ халқының әдет-ғұрыптарын мазмұнына қарай сәйкестендіріңіз
Әдет-ғұрып түрі
|
Мазмұны
|
Асар
|
Көршілердің көмегімен ауыр жұмысты орындау
|
Жылу
|
Ауыр жағдайға душар болған жандарға көмек
|
Белкөтерер
|
Ұзақ жасаған қарияларды аспен сыйлау
|
Қонақасы
|
Қонақ күтуге байланысты шыққан дәстүр
|
Қонақкәде
|
Қонақтың ән салуығ музыкалық аспапта ойнауы
|
Ерулік
|
Жаңа көршіге арнап ас беріп, қонақ ету
|
Той дастарханы
|
Мерекеге арналған ерекше ерекше салтанат түрі
|
II. Мағынаны тану
1. Оқушыларға жағдаятты беру
2. Берілген жағдаятқа өз шешімдерін шығарады
3. Шығарылған шешімдердің дұрыстығын Кейс Стади беру арқылы анықтау
7-тарау. ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1-топ.Жағдаят
А мен В некесін бұзу және ортақ мүлікті бөлу жөніндегі талаппен сотқа шағымданады. Сот отырысында жауапкер бөлінуге жататын заттардың қатарында бейнемагнитафон, жұмсақ жиһаз, кілем және т.б. А-ның ата - анасы тойға сыйлаған мүліктердің көрсетілмегенін айтады. Сот аталған заттардың той күні екеуіне тарту етілгенін анықтаған.
2-топ.Жағдаят
Азамат В әйелімен ажырасқан бері өзінің кәмелетке толмағана қызына алимент төлеп отырды. Бірнеше жылдан соң, қызы кәмелет жасқа толып, колледжді аяқтап, жұмысқа тұрғаннан кейін әкесі қызынан материалдық көмекті сұрайды. Бірақ қызы оған қарсылық білдіреді. Қызының айтуы бойынша, әкесі шешесімен ажырасып, жеке тұрған және оған тәрбие беруде қатысқан жоқ.
3-топ.Жағдаят
Соттың шешімі бойынша азамат Б тиісінше қартайған әкесіне алимент төлеуі тиіс, оған қоса қартайған және ауырып жүрген әкесіне қарайтын күтушінің жұмысына ақы төлеуге міндетті. Бұл шешім әділетті ме?
«Мозайка» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру арқылы суреттерді құрастырып шығару
ҚР Конституциясының қай бабында ата-ана құқықтары айтылған?
Неке мен отбасы айырмашылығын айтыңыз
Бала құқығын қорғайтын құжаттар
Ерлі-зайыптылар құқықтары мен міндеттері көрініс табатын құжат
Неке құандай жағдайда тоқтайды?
ҚР заңдылығы бойынша неке жасы
Некеге тұру үшін қандай шарттар қажет
Мұсылмандық неке заңды неке болып сана ма?
Азаматтық некеде құқықтар мен міндеттер туындай ма?
Туысқандар деп заі бойынша кімдерді айтамыз?
Неке шартын кімдер жасай алмайды?
«Неке және отбасы туралы» Кодексі қашан қабылданған?
Неке шарты дегеніміз- (қосымша сұрақ)
|
Неке (ерлі-зайыптылардың) және отбасы туралы. Қазақстан Республикасының Кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2013. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518;
Өнгелі отбасы –білім мен тәрбие ордасы http://www.youtube.com/watch?v=D0i69FMcaVo
|
Сабақтың соңы
2 мин
|
1. Оқушылар «Шабадан, Еттартқыш,себет» әдісі арқылы бүгінгі сабаққа кері байланыс жасайды
Үйге тапсырма:
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңның 7 тарау; 19 тарау; 21 тарау оқу
Неке шартының болуы дұрыс па, бұрыс емес пе? Өз ойын жазу
|
Кері байланыс парақтары
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Қабілеті орташа оқушылар:
1 және 2 тапсырманы орындай алады
Қабілеті жоғары оқушылар:
Барлық тапсырмаларды орындайды
|
Берілген мақсаттар бойынша құрастырылған тапсырмаларды оқу барысында дұрыс жауап көрсете отырып қалыптастырушы жұмыс жүреді
|
Бөлмедегі қауіпсіздік жағдайды қадағалау
|
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
1:
2:
|