Негізгі сөздермен жұмыс кезінде берілетін әдістемелік ұсыныстар
Негізгі сөздер – бұл осы сөздерді іздеу жүйесіне енгізгенде параграф тақырыбына
сәйкес келетін ақпараттар шығатын сөздер. Олар балаларға ақпаратты интернеттен немесе
кітапхана каталогтерінен өздігінен іздену үшін ұсынылуы мүмкін.
Мәтінмен жұмыс кезінде берілетін әдістемелік тапсырмалар және мәтін
элементтерімен дағды қалыптастыру
Мәтін астындағы әдістемелік әдебиетте материал тасымалдағышта белгіленген ой
жазылады. Ол арнайы түрде өңделген, тақырыбы бар, автордың ойын іске асыратындай
болуы тиіс. Мәтін элементтері өзара логикалық байланыста болады.
Оқулықтың мазмұны алуан түрлі мәтінмен берілген. Ақпараттардың берілу тәсілі
бойынша ауызша және ауызша емес мәтіндер бар. Ауызша мәтіндер ақпаратты сөзбен
жеткізеді, ал ауызша еместер – графиктік материалдар арқылы жеткізеді. Дидактикалық
тұрғыдан оқулықта мынадай формаларды атауға болады: ақпараттандырушы (теориялық,
безендіруші, түсіндіруші) және жаттықтырушы (оқытатын, бақылаушы).
Теориялық
мәтіндер оқыту мақсатына бейімделген ғылыми ақпараттардан тұрады,
олардың көлемі мен мазмұны пәннің оқу бағдарламасына сәйкес анықталады. Теориялық
мәтіндер жаңа теориялық ақпараттарды жариялауға, бұрыннан белгілі мәліметтерді
жалпылауға арналған. Мәтіннің бұл типіне ауызша мәтіндер – түсініктердің, ережелердің
анықтамасы, процестердің, құбылыстардың, фактілердің сипаттамасы немесе суреттемесі,
сонымен қатар ауызша емес мәтіндер де – кестелер, сызбалар, графиктер, карталар және
басқалар жатады.
Безендіруші
мәтіндер теориялық мәтіндерде берілген теориялық ойды айқындайды
және түсіндіреді, олардың толықтай және тереңнен түсіндірілуіне мүмкіндік береді. Олар
оқушылардың танымдық іс-әрекетін жандандыруға, олардың жеке өмірлік тәжірибелерін
қатыстыруға, эмоционалдық жауап тудыруға арналған. Мұндай мәтіндерге нақты бір
объектіні, құбылысты, процесті, фактіні, тәжірибені, ғалымдар туралы мәліметтерді,
түпнұсқалық материалдарды, суреттерді, карталарды, фотосуреттерді, графиктерді,
диаграммаларды және басқаларының сипаттамасы жатады.
Түсіндіруші
мәтіндер оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастыруға арналған,
нақты бір пәндік тапсырмаларды орындау кезінде іс-әрекеттердің орындалу ретін
көрсетеді. Оларға нысандарға, құбылыстарға, процестерге, фактілерге талдау жасау
жоспары, ережелерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар, алгоритм, тапсырмалардың
орындалу тәртібі, т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |