«Оқулыққа бағдар жасау аппараты», «Кіріспе (оқушыларға жолдау)», «Оқулықпен жұмыс істеу ерекшеліктері» «Оқулыққа бағдар жасау аппараты», «Кіріспе (оқушыларға жолдау)», «Оқулықпен
жұмыс істеу ерекшеліктері» алдағы оқу барысының мазмұны мен сипатын ашады,
оқулыққа бағдар жасау аппаратымен, негізгі оқу барысымен, сонымен қатар оқулықта
шартты белгілермен таныстырады.
Шмуцтитулдың мақсаты Шмуцтитул оқулықтың бөлімін таныстыратын ақпараттық график түріндегі арнайы
айқара бет болып табылады. Ол оқулықтың бөлімдері бойынша навигацияны қолайлы ету
үшін, сонымен қатар оқулықтағы материалдармен жұмыс істеу арқылы оқушыларды
танымдық жұмысқа ынталандыру мақсатында жасалған. Оқушылар жылдам көз жүгіртіп
қараған кезде басты тақырыптарға көңіл аударады және сол арқылы өздерінің жақын
күндері нені оқып-үйренетіндіктері туралы кешенді түсінік қалыптасады. Шмуцтитулға
бөлімде оқылатын тақырыптың атауы мен оның мағынасын бейнелі түрде көрсететін
сурет қойылады.