«География» пәні бойынша курсты оқып үйрену кезінде ҚР МЖМБС талаптарына
сәйкес оқушылар:
1)
алғашқы географиялық түсініктерді; заманауи тіршіліктегі жаратылыстану
ғылымының рөлін; негізгі заңдар мен теориялардың мәнін; эксперименттік және
тәжірибелік жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін;
географиялық зерттеулер тәсілдерін; аумақтық кешендерді; географиялық нысандардың,
процестер мен құбылыстардың маңызы, жіктелуі, таралу және орналасу ерекшеліктерін;
заманауи геоақпараттық жүйелердің жұмыс істеу ерекшеліктері және қолданылу аясын;
географиялық қабық пен географиялық ортаның, геосфераның құрамын, қасиеттерін,
құрылымын, заңдылықтарын, негізгі даму кезеңдерін; карталардың түрлерін, жіктелуі мен
элементтерін; материктер мен мұхиттардың, жекелеген аумақтардың, мемлекеттер мен
Қазақстан Республикасының табиғат ерекшеліктерін; аумақтық және салалық
құрылымды, қазіргі заманғы дүниежүзінің, жекелеген аймақтардың, мемлекеттер мен
Қазақстан Республикасы шаруашылықтарының даму шарттары мен түрткіжайттарын;
халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың мақсатын, формасын; жаһандық және
аймақтық демографиялық мәселелерді, жекелеген аймақтардағы, мемлекеттер мен
Қазақстан Республикасындағы демографиялық саясаттың ерекшеліктерін; Қазақстан
аймақтарының саяси-географиялық жағдайы, табиғи-ресурстық әлеуетін; мемлекеттердің
типологиясын; халықаралық байланыс түрлерін; табиғатты сақтау және тұрақты дамыту
бойынша шараларды
білу; 2)
табиғи және әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарды, процестер мен
құбылыстарды;
заманауи
географиялық
кеңістіктің,
аумақтық
кешендердің
ерекшеліктерін; географиялық нысандардың, процестер мен құбылыстардың өзара
байланысын; географиялық қабық пен географиялық ортадағы құбылыстардың туындау
себебін, кезеңдерін, салдарын, мәнін; геосаяси процестер, геосаясат субъектілерінің рөлі
мен әсер ету аясы, өзара әрекеттесу сипатын
түсіну; 3)
жанды және жансыз табиғатта нысандарды, процестер мен құбылыстарды
сипаттау үшін негізгі географиялық түсініктер мен терминдерді; тәжірибелік-
эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу тәсілдерін; оқу және
қолданбалық мәселелерді шешу, тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды орындау
кезіндегі география заңдары мен формулаларын; нәтижелерді көрсетудің графиктік
тәсілдері; Өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесін; алған білімдерін құбылыстар мен
процестердің өту шарттарын түсіндіру үшін; географиялық қабық пен географиялық
ортаның құраушыларының сандық және сапалық сипаттамаларын анықтау тәсілдерін;
картометрия тәсілдерін, бағдарлау және бейімделу дағдыларын