Сенсуализм сезімдік - таным философиясы.
Сана - ойлаудың ең жоғарғы формасы, қоғамдық сананы билеу құралы.
Секіріс – сан өзгерісінің сапа өзгерісіне өтуі, сан өлшемнің шегінен асып, басқа сапаға жеткізуі.
Сенсуализм – (лат. sensus – сезім) философиялық ағым, танымның көзі – сезім (түйсік) әрі ақиқаттың өлшемі деп санайды.
Субстанция – (лат. sudstantia – мән, негізінде не жатыр деген сөз) кейбір бастама немесе алғашқы негіз, обьективтік нақтылық, оның өзіндік дамуындағы барлық түрлерінің ішкі бірлігі.
Славянофильдер – Ресейдің тарихтағы жолын уағыздайтындар, оны халықтың діншілдігі, ұжымдылығы және өнегелік құндылықтарға ұмтылысымен негіздейді.
Скептицизм – (гр. skeptikos – құрастырушы, зерттеуші, сынаушы). Обьективтік шындықты танып-білу мүмкіндігіне сенбейтін, күдікке орын беретін философиялық концепция.
Соборлық – шешім қабылдау, қоғамның даму жолын таңдауды ұжым болып талдауды қажет ететін сананың, әрекеттің біріктіруші бастауы.
София – әлемнің даналығы, болмыстың рухани өзегі, құдаймен бірге туып, әлемді жасауға қатысады.
Субстрат – (лат. sub – түпкі және tum - құрылыс) құбылыстың жалпы материалдық негізі. Әлемдегі бар құбылыстар мен процестердің субстраты, қозғалыстағы материя.
Сапа – обьектінің тұрақты, негізгі қасиеттерінің жиынтығы, оның басқалардан айырмашылығының көрсеткіші. Сонымен қатар, ұқсас обьектілерді сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |