185
Оқу
сауаттылығы
1. «– Бұ не ғажап! Гоголь кітапханасына қашаннан бері түйелер жібері-
летін болған? – деді.
Абай бұл кезде кітапханашы қартқа қол беріп амандасып, өзіне ке-
рек кітабын енді атағалы тұр еді. Жаңағы тұрпайы әзілді құлағы
шалысымен, чиновник жаққа салқын ызамен жалт етіп бір қарады...
Енді күлкілі мысқыл жүзбен жігітке бұрылды да, лезде жауап қатты:
– Чиновник мырза, түйе кірсе, несі бар, бұнда ол түгіл, есек те оты-
рыпты ғой! – деді».
Сұрақ:
Роман бойынша, осы жағдай орын алғаннан кейін Абаймен
танысып, кейін досына айналған кейіпкерді атаңдар.
a) Лосовский
b)
Михайлов
c) Потанин
2. «Осындай ойын-сауық жиынының ортасында ең қадірлі бір топ қо-
нақ бар. Шет елден келген қонақ. Бұлар – қазір төрдің тап ортасын-
да, жағалай көрпе үстінде, үлкен
ақ жастықтарды шынтақтаған сал,
серілер. Солардың ішіндегі ең көрнектісі және бар жиынға қадірлі,
сүйіктісі – мынау қос ішекті домбыраны безілдетіп отырған орта бой-
лы, қызғылт жүзді, кең ақ маңдайлы, нұрлы жігіт. Ол – Арқаға аты
шыққан, бүкіл Орта жүзді асыл саз, әсем әнімен ұйытқан ...Тобықты
ішіне сонау алыс Көкшетаудан келген сирек сый қонақ...»
Достарыңызбен бөлісу: