180
Артық
болмас білгенің
Мұхтар Әуезовтің музей-үйі
Мұхтар Әуезов 1961 жылы 27 маусымда ауыр науқастан Мәскеу қаласында
қайтыс болды. Көрнекті жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Қа
-
зақстан басшылығы сол жылы 10 тамызда жазушы тұрған үйді музейге айнал
-
дыру туралы қаулы қабылдады. Екі қабаттан тұратын
бұл үйде жазушы өмірінің соңғы он жылын (1951-1961)
өткізген. Ал музей-үй ресми түрде 1963 жылы 28 қара
-
шада қызметін бастады.
Мұхтар Әуезовтің 50 томдық шығармалар жинағы
Алматы қаласында М.Әуезов атындағы Әдебиет
және
өнер институты бар, осы ғылыми мекеменің 50
жылдық мерейтойы қарсаңында институттың ғалым
-
дары Мұхтар Әуезов есімін қадірлеп, елу жылдық ме
-
рейтойға жазушының елу том жинағын дайындады.
Өйткені жазушының көзі тірісінде 6
том шығармалар
жинағы жарық көрген. Кейін 12, 20 томдық шығармалар
181
жинағы жарияланды. Бірақ бұл басылымдар кеңес кезінде жарық көргендіктен,
«Қилы заман» повесі оқырманға жетпеді, ал «Хан Кене» атты драмасы цензу
-
раның кесірінен толық берілмеген еді. Енді 50 том жазушының шығармаларын
мейлінше толық қамтыған басылым ретінде жинақталған.
Достарыңызбен бөлісу: