186
Ғаламтор
1. М.Әуезовке арналған хабарларды тауып, сыныпта ойларыңды ортаға са
-
лыңдар.
2. Мына сілтеме бойынша «Құнанбай» фильмін (pежиссері Досхан Жолжақ
-
сынов) көруді жалғастырыңдар. https://ok.ru/video/10433398215
Қосымша оқу үшін:
1. Жұртбай Т. Құнанбай. Тарихи және әдеби тұлға. – Алматы, «Алаш», 2004.
2. Тоқтаров Р. Абайдың жұмбағы. Роман. – Алматы, «Әл-Фараби», 1999.
Артық
болмас білгенің
Хакімжан Есімханұлы НАУРЫЗБАЕВ
(1925-2009) – қазақтың тұңғыш кәсіби
мүсіншісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық суретшісі.
Ол 300-ден астам мүсін өнерінің туындыларын туған
халқына ескерткіш етіп
қалдырды. Атап айтқанда, Алматы қаласындағы «Абай Құнанбайұлы» (Алматы
қаласы, 1960), «Абай» (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл
ауылы, 1965) «Шоқан Уәлиханов» (Алматы, 1969), «Жамбыл» (Тараз, 1963),
«Мәншүк Мәметова» (Орал, 1988), т.б.
Орал қаласындағы Мәншүк Мәметова ескерткіші