128
бірігіп кету тұжырымы еді. Паламаның мистикасына қарсы кү-
ресті қызу жүргіе бастаған
калабрийлік ғалым гуманист
Варлаам болатын.Варлаам ақыл-ой діннен басым,ол бұрын
пайда болды деген пікірді жақтады. Шіркеу Паламаны жақтап,
Варламды қуғынғы ұшыратты.
ХІҮ-ХҮ ғғ. ғылымда, философия мен әдебиетте гумма-
низмге әлеуметтік және рухани тұрғыдан туыстас жаңа бағыт
қалыптасты. Гуманистік бағыт әсіресе ХҮ ғ.көрнекті
ойшыл
Мануил Хрисолор
мен философ-неоплатоник
Георгий Гемист,
Плифонның
еңбектерінде ерекше көрініс тапты. ХҮ ғасырдағы
византиялық гуманистерге тән сипаттар-антика мәдениетіне
деген ыстық ықылас, сана алдында бас июшілік, адам тұлғасына
көңіл бөлушілік және өмір сүріп тұрған әлеуметтік-экономия-
лық құрылысты қайта құруға деген ұмтылыс болды.
Бұл кездегі халықтық шығармашылыққа тұрмыстық тақы-
рыпқа арналған сатиралық мысқыл жанры кеңінен тарады. Әсі-
ресе «
Жануарлар туралы эпос»
деген шығарма ерекше табысқа
ие болды. ХІҮ ғасырдың басында
византиялық феодалдық қо-
ғамның мінез-құлқын мазақ еткен құстар өмірі туралы
(«
Пулолог»)
сатиралық повесть кеңінен танымал болды. Халық-
тық мысқылдар демократиялық сипатта дамыды. Мысалы
«
Төрт аяқтылар туралы өсиетті повесть
» деген мысқылда
жыртқыш хайуандардың бейбіт аңдарды зәбірлегені,
сөйтіп
олардың ашу-ызасын туғызғандығы, ақырында бейбіт аңдардың
қорлыққа шыдай алмай көтеріліске шығып, жыртқыш хайуан-
дарды қырып салғандығы туралы айтылады. Бұл мысқыл ха-
лықтың қанаушыларға қарсы белсенді күреске ұмтылысын бей-
нелейді. Осы кезеңнен сондай-ақ біраз лирикалық шығармалар
да сақталған. Олардың ең таңдаулы үлгісі «
Родостың
махаббат
өлеңдері
» (ХІҮ-ХҮғғ.).
Византия бейнелеу өнері тек ХІҮ ғасыр мен ХҮ ғасырдың
бірінші жартысында тамаша гүлденген “
Палеологтың қайта
өркендеу
” дәуірін басынан өткізді. Осы гүлдену сол кездегі
Византия мәдениетінде гуманистік тенденциялардың өріс алуы-
мен байланысты болды. Бұл суретшілер
шіркеу өнері белгілеп
берген ереже шеңберінен шығып, дерексіз бейнелеу орнына, тірі
адамды бейнелеп, оның басындағы құштарлықты, қуанышты,
129
қайға-мұңды көрсете білді. Константинопольдегі
Хора
монасты-
рын әшекейлеп тұрған мозайкалар мен фрескалар сол заманның
тамаша мұрасы болып табылады. Алайда, адамның жеке басын
шіркеудің-догматты ой шырмауынан құтқару ісі әлсіз де дәйек-
сіз болды. ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Византия өнері шіркеу шең-
берінде қалып, реалистік италияндық Ренессансы қатарына кө-
теріле алмады,.
Феодалдардың сарайлары
көбіне қамал тәріздес болып
салына бастады. Мәселен, ХІІІ-ХІҮ ғасырларда Пелопоннесте
тұрғын үйлердің өзі қамал тәріздес болып тұрғызылды. Визан-
тиядағы сәулет өнерінің тамаша мұрасына Константинопольдегі
императорлар сарайлары
жатады. ХІҮ-ХҮ ғасырларда визан-
тиялық сәулет өнеріне тән нәрсе ғимараттың жеңіл,
әсемдігі,
сыртқы және ішкі безендірудің симметриялығы. Бұл кезең ес-
керткіштеріне Константинопольдегі (қазіргі Кахрил-Джами ме-
шіті)
Хора
монастыры жатады. Эмал өнері, зергерлік өнер бұл
кезде күйзеліске ұшырай бастады.
Достарыңызбен бөлісу: