Рахметулина ж. Б


Келесі тапсырмаларды ойланып көріңдер



бет17/34
Дата09.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#131173
түріПрактикум
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34
Байланысты:
Рахметулина ж. Б

Келесі тапсырмаларды ойланып көріңдер:

1. Акционерлік қоғамның қызметіне жалпы акционерлер жиналысы арқылы қалай ықпал етуге болады?


2. Төменде келтірілген тізімде қайсысы тұрақты, ал қайсысы өзгермелі шығындарға жатады: қаларалық байланысты төлеу; арендалық төлем; жылуға төлеу; шикізат сатып алу; құралдарды сатып алу; зейнетақы қорына аударымдар; амортизация; басқармалық персоналға еңбекақы төлеу; жұмысшылардың еңбекақысын төлеу; электроқуатына төлеу; телефонды қолданғаны үшін төлеу?
3. Келесі берілгендердің негізінде жалпы және шекті шығындар көлемін есептеңдер:



Шығарылым көлемі, Q

Тұрақты шығындар, FC

Өзгермелі шығындар, VC

Жалпы шығындар,ТС

Шекті шығындар, МС

0

100

0







10

100

50







20

100

100







30

100

150







40

100

200







4. Фермерлік шаруашылық картоп өсіреді. Кестеде өнімді шығарудың көлемі менқысқа мерзімді өзгермелі шығындардың динамикасы көрсетілген. Тұрақты шығындар 40 бірлікке тең. Шығындардың келесі түрлерін есептеңдер: ТС, VС, АТС, АРС, МС. Соңғы төрт көрсеткішті графикалық түрде көрсетіңдер.





Q (тонна)

АVС (бірлік)

0
1

0
40

2
3

40
46,6

4
5

55
72

6

86,6

5. Келесі берілгендердің негізінде бухгалтерлік және экономикалық пайданы есептеңдер:





Шығындар түрі

Тенге

Жалдамалы жұмысшылардың еңбекақысы
Кәсіпкерлің айқын емес табысы
Кәсіпкердің әйелінің айқын емес табысы
Несие үшін пайыздарды төлеу
Жеке капиталы үшін айқын емес пайыз
Амортизация
Шикізат пен материалдар
Жалпы пайда

58
12
24
16
4
22
18
186



КЕЙС 1

ҚР-ның 2008-09ж. шәкіртақысы орташа есепппен алғанда – 9500 теңге. Ал, 1997-2000 жылдары бұл көрсеткіш 2-3 есе, яғни 1500-2000 теңге болатын. ҚР–ның экономикалық жағдайының жоғарылағандығының нәтижесінде көптеген оңды өзгерістер орын алды. Әсіресе, медицина, банк ісі, экономика, білім беру ісінде көп оңтайлы өзгерістер орын алды. Ел Президентінің 2009ж. халыққа Жолдауының нәтижесінде барлық мемлекеттік қызметкерлер жалақысы 30%-ға өсті, соның ішінде студенттер шәкіртақысы да өсті. Сәйкесінше экономикада инфляция орын алды. Сонымен қатар, студенттердің қалалық көлікте жеңілдікпен жүретін билеттері алынып тасталды. Және маршруттық таксилердің жүру билеттерінің бағасы артты.


Нақты жағдайға қойылатын сұрақтар:

  1. Студент шәкіртақыны жолға қалай жаратуы тиіс?

  2. Қалалық көліктің қандай түрімен жүрген тиімді болар еді?



КЕЙС 2

1997 жылы көптеген елдер мен мемлекеттерде күннің күрт суытуынан барлық жеміс- жидектер, дәнді дақылдар үсікке шалынды. Тек қана Қазақстанның оңтүстік өңірінде олар біршама сақталып қалды. Дәл осы кезде Германияда құс тұмауы вирусынан көптеген құстар қырылып жатты. Және де бұл эпидемия дүние жүзіне тарап, адам өміріне қауіп төндірді. Оны жою үшін грек жаңғағының қабыршағы өте қажет болды. Сонымен бірге Түркияда осы жаңғақтың майына сұраныс өте жоғары болды. Себебі, «Хаят» ғылыми бірлестігі одан дайындалатын қоспадан адамның өмірін сақтап қалатын, әрі арзан тұратын препарат жасап шығарады. Түркияда осындай аурудың алдын алмаса, дүние жүзі халықтарына осы ауру тарау қаупі тұрды. Оны Халықаралық саудаға шығаратын тек Қазақстан болып отыр.


Нақты жағдайға қойылатын сұрақтар:

  1. Бұл жағдайда не істеу қажет?

  2. Қазақстан қандай шешім қабылдауы тиіс?

  3. Осы дағдарыстан шығатын басқа да нұсқалары бар ма?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет