Құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәрауыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы. Нәрауыз денатурациясы мен ренатурациясы


Бактерия, саңырауқұлақ, өсімдік және жануар жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтері



бет28/65
Дата07.02.2022
өлшемі411,21 Kb.
#86164
түріҚұрамы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65
Байланысты:
Voprosy itogovoi 774 attestatsii kaz BSh 2020
hologram, 0011481f-f144d001
11. Бактерия, саңырауқұлақ, өсімдік және жануар жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтері.
Бактерия - бір жасушалы организм, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк-жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды; ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушалы организмдер[2].Саңырауқұлақтар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны, олардың 100000-дай түрі кездеседі. Басқа өсімдіктер типтерінен басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты өсімдіктер
.Бактериялар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер жасушаларының әртүрлі заттан түзілген қабырғасы (цитоплазманың өсімдік жасушасы қабықшасына жабыса орналасқан сыртқы қабығы) болады. Олар бактерияда – мурсин, саңырауқұлақта–хитин, өсімдікте–целлюлоза аталатын полисахаридтер. Жасуша қабырғасының астында плазмалық жарғақ және тұрақты, тұрақсыз қосындылары бар цитоплазма болады. Онда бір, кейде бірнеше ядролар орналасды. Жалпы жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының құрылысы ұқсас болады. Өсімдік жасушаларының ерекшелігі сол, онда пластидтер және көпіршіктер сақталады. Әртүрлі ұлпаның мамандануына байланысты жасушалардың құрылысы, қасиеттері де күрт ерекшеленеді.
Көпжасушалы жіпше балдырлар, біржасушалы өсімдіктер жасушалары тіпті әр түрлі, өзгеше болады. Біржасушалылар көпжасушалы өсімдіктерден ерекше, өйткені бірталай қызметті жалғыз өзі атқарады, көпжасушалыларда бұл қызметтер әр ұлпа жасушаларына бөлінген. Дегенмен де олардың құрылысы мен қызметтерінде айтарлықтай ұқсастықтар байқалады.
Көпжасушалы өсімдіктерде олар мынаған байланысты: біріншіден, организмнің барлық жасушалары (вегетативті көбеюден басқа, онда аналық өсімдіктен бірден жаңа дарак ретінде немесе ұрығынан тұтас көпжасушалы кешен бөлінеді) бір негіз салушы-жасушалардан пайда болады. Сондықтан жасушалар қалай маманданса да, шығу көзі бір болғандықтан, бір-біріне туыс болып келеді.
Екіншіден, әртүрлі өсімдіктер жасушаларының жалпы құрылысының белгілері барлық өсімдіктердің түрлі деңгейдегі туыстығына байланысты. Барлық өсімдіктер біржасушалы жалпы тегінен біртіндеп тарихи дамуда пайда болған. Қазіргі өсімдіктер жасушалары жалпы белгілерін көне ата тек жасушалардан мұралаған. Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының жалпы құрылыс белгілері мен жұмыстары осыған байланысты көрінеді.
Үшіншіден, мұндай ұқсастық барлық тірі жасушалар организмде қандай да болмасын арнайы қызмет атқарғанымен, олар алдымен өз тіршілігін қамтамасыз етуі керек. Жасушалар қоректік заттарды сіңіреді, оларды өңдейді, қуат өндіреді, сөйтіп өз денесін құрады, тыныс алады, қажетсіз заттарды шығарады, түрлі бұзушылықпен күреседі, сыртқы орта өзгерісін сезеді, өз тіршілік әрекеттерін өзгертеді, өседі.
Табиғатта микроағзалар барлық жерде көп мөлшерде кездеседі.Тыңайтқыштың əр
граммында, өзен суының əр миллилитрінде миллиондаған микроағзалар болады.
Табиғатта ең жиі кездесетін жəне микробиологиялық өндірісте кең қолдангылатын
топтарға
микроскопиялық
саңырауқұлақтар
(ашытқылар
мен
көгергендер),
сəулелік
саңырауқұлақтар, сонымен қатар бактериялар жатады. Олардың клеткаларының өлшемдері
0,5-10 мкм аралығында болады, олар жарық микроскоптарында жақсы көрінеді. Адамның,
жануарлардың, өсімдіктердің көп ауруларының қоздырушысы болып вирустар табылады.
Оларды тек электрондық микроскоп арқылы ғана көруге болады, себебі вирустардың өлшемі
10 нан 400 нм Ге дейін өзгереді.
Бактериялардың пішіндері.
Бактериялар шар- немесе коккитəріздес, таяқшатəріздес жəне тармақталған пішінді
болады.
1) Коккитəріздес бактериялар – өлшемі 0,5-10 мкм шамасындағы шартəріздес
жасушалар. Егер шартəрізді бактериялар топта екі-екіден орналасса оларды диплококка
5

1(пневмококк, менингококк), топта төрттен орналасса – тетракокка, топта сегізден орналасса


сарцина, тізбектеліп орналасса - стрептококка, жүзім шоғы тəрізді орналасса –
стафилококка деп атайды.2)
Таяқшатəріздес
бактериялар
өлшемдеріне,
жасушалардың
жасушалардың өзара орналасуына қарай ерекшеленеді. Жасушалардың ұзындығы 1,0 –ден
10 мкм-ге дейін болады. Олар бактерия, бацилла, клостридияларға жіктеледі. Бактериялар-
спора түзбейтін (ішек, дизентерия, туберкулез жəне т.б) таяқша тəріздес микробтар.
Бациллалардың споралары жасуша диаметрінен аспайды (сибирь жарасы бацилласы).
Клостридия споралары жасуша диаметрінен үлкенірек(батулизм, столбняк клостридиясы)
3)
Имек пішіндес бактерияларға – виброндар, спиральдар, спирохеттер жатады.
Вибриондар үтір белгісіне ұқсас имек таяқша(холера, су вибриондары). Спиралдар – бір
немесе бірнеше орамы бар спиралды бактериялар. Спирохеттер жіңішке, ұзынша, имек,
штопр тəрізді бактериялар (сифилис жəне тифтің қоздырғыштары).
Саңырауқұлақтардың құрылысы.
Саңырауқұлақтар – сапрофиттер жəне өсімдік, жануар, адам паразиттері болып
бөлінеді. Саңырауқұлақтар жасушалық құрылымға ие. Саңырауқұлақтар ашытқы(сопақша)
жəне мицелия (зең) пішінді болып бөлінеді. Мицелиялы саңырауқұлақтар ұзын,жіңішке
өрімделген жіпшелерден- мицелиялардан құралады. Споралары арқылы жынысты жəне
жыныссыз жолмен көбейетін саңырауқұлақтар - жетілген (мінсіз) деп есептеледі. Ал,
жынысты жолмен көбейе алмайтын саңырауқұлақтар – жетілмеген (міні бар) түрлеріне
жатқызылады. Медицинада көбіне кездесетіні адамда ауру туғызатын саңырауқұлақтардың -
жетілмеген, яғни жынысты жолмен көбейе алмайтын түрлері.

12. Түр түзілудің тәсілдері. Түр түзілудің механизмі. Түр түзілудің оқшаулаушы механизмі. Түртүзілудегі репродуктивті оқшаулану. Полиплоидия және гибридизация.


Түр – деп құрлысы ұқсас, шығу тегі бір, өзара еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін және ұзақ уақыт бір аймақта мекендеп, сол орта жағдайларына бейімделген даралар жиынтығын айтады. Түр түзілу көбінесе оқшаулануға негізделеді. Түр түзілудің екі жолы бар
· Географиялық түр түзілу
· Экологиялық түр түзілу
Географиялық түр түзілу - бұл түр түзілудің негізгі себебі географиялық оқшаулану. Оқшаулану екі жағдайға байланысты болуы мүмкін. Біріншіден, бастапқы түр аймағы қандай да бір табиғи кедергілерге байланысты оқшауланған бірнеше бөліктерге бөлініп кетеді. Мысалы: тау түзілу немесе түбекті материктен бөлетін бұғаздардың түзілуі т.б.Екіншіден, оқшаулану бастапқы түр аймағының кеңеюіне байланысты жүреді. Бұл кезде түр популяциялары бір-бірінен алшақтап, жаңа орта жағдайларының әсерінен өзгеріп, жаңа түр бастамаларына айналады.
· Экологиялық түр түзілу - түр аймағының жеке бөліктеріндегі экологиялық жағдайлармен тікелей байланысты.Жаңа мекен ортасындағы экологиялық жағдайлардың әсерінен көбею мерзімі де өзгереді. Биологиялық оқшаулануға негізделген. Экологиялық түр түзілуге мысал ретінде әр түрлі орта жағдайларына бейімделген сарғалдақтың бес түрі белгілі.
· Олай болса, географиялық және экологиялық оқшаулану популяциялардың алшақтауына, дербестенуіне, келешекте жаңа түрлердің түзілуіне әсер ететін эволюциялық механизмдер болып табылады

Полиплоидия - гаплоидты жиынтыққа қатысты хромосомдар санының өсуі (тақ және жүпты болады). Полиплоидия геномды мутацияларға жатады.


Полиплоидты органимздер хромосома санының еселену дәрежесіне қарай 3n – трипдоидті, 4n – тетраплоидті, 5n – пентаплоидті болып бөлінеді. Полиплоидия организмнің түрлі белгілерінің өзгеруіне себеп болады.Симпатриялық түр түзілу бастапқы түр ареалының ішінде жүреді. Мұның бірінші жолы- картотиптің тез арада өзгеруіне байланысты (автополиплоидия) жаңа түрдің түзілуі. Өсімдіктерде туыстығы жақын түрлердің хромосома сандары еселеніп келген топтары белгілі. Мысалы, хризантема туысында хромосома саны екі немесе бірнеше рет еселеніп артқан, яғни 9,18,27,36,45,...,90 хромосомалы формалары болады.


13. Популяция түрдің тіршілік етуінің формасы және эволюцияның элементарлы бірлігі ретінде. Популяцияның құрылымы (жыныстық, жастық, кеністіктік). Популяциядағы панмиксия, гендердің дрейфі мен ағыны эволюциялық факторлар ретінде.

Популяция (лат. populus — халық, тұрғын халық) — белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын ағзалар тобы.


Осы топтың популяция болып есептелуі үшін: тарихи қалыптасқан ареалы және үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруы; бір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс. Әр популяция өзіне ғана тән статиктикалық сипаттамалары (саны, тығыздығы, ареалы, орналасуы, жас ерекшелігі, жыныстық құрамы) және динамикалық сипаттамалары (саны мен тығыздығының уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет