Цитронелолл – бір қосбайланысы бар спирт, бұл спирт α және β – формалардың қоспасы, бұнда да α – форманың үлесі басым. Гераниол мен цитронеллолға райхангүлдің иісі тән
Монотерпенді циклдық спирттер эфир майларының құрамында май қышқылдарының қатарындағы әртүрлі қышқылдармен түзілген күрделі эфирлер түрінде кездеседі.
Ациклдық монотерпендер мен олардың туындыларының структурасы «бүктелген» күйде де кездеседі.
Моноциклдық монотерпендер.
Моноциклдық монотерпендер екі қос байланысы бар циклдық қосылыстар болып табылады. Олар негізінен ментанның демек метилизопропилциклогексанның туындылары.
Қос байланыстың екеуі де сақинада (терпинен типі), немесе біреуі сақинада, екіншісі изопренил тобында (лимонен типі) болуы мүмкін. Оларға ментан, лимонен, α – терпинеол, ментол, ментен жатады.
Бициклдық монотерпендер.
Бициклдық монотерпендер екі кондинсирленген бейароматтық сақиналы және бір этилендік байланысты қосылыстар болып табылады.
Терпендердің бұл тобындағы көмірсутектердің 4 типті қосылыстары болады:
Карпен типі.
Пинен типі.
Сабинен типі.
Камфен типі.
Жалпы формуласы С10 Н16 болып келетін бұл төрт көмірсутекті бір-бірінен кіші циклдың немесе басқаша аталғанда «көпірдің» орналасуы бойынша ажыратады.