Құрамында терпеноиды бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар. Эфир майлар, құрамында эфир майлары бар дәрілік өсімдіктер және шикізаттар. Шикізатты талдау


Цитронелолл – бір қосбайланысы бар спирт, бұл спирт α және β – формалардың қоспасы, бұнда да α – форманың үлесі басым. Гераниол мен цитронеллолға райхангүлдің иісі тән



бет5/21
Дата02.12.2022
өлшемі8,41 Mb.
#160867
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Дәріс 7 фармация ФГЗЭфирмайлары

Цитронелолл – бір қосбайланысы бар спирт, бұл спирт α және β – формалардың қоспасы, бұнда да α – форманың үлесі басым. Гераниол мен цитронеллолға райхангүлдің иісі тән.

Монотерпенді циклдық спирттер эфир майларының құрамында май қышқылдарының қатарындағы әртүрлі қышқылдармен түзілген күрделі эфирлер түрінде кездеседі.

Ациклдық монотерпендер мен олардың туындыларының структурасы «бүктелген» күйде де кездеседі.

Моноциклдық монотерпендер.

Моноциклдық монотерпендер екі қос байланысы бар циклдық қосылыстар болып табылады. Олар негізінен ментанның демек метилизопропилциклогексанның туындылары.

Қос байланыстың екеуі де сақинада (терпинен типі), немесе біреуі сақинада, екіншісі изопренил тобында (лимонен типі) болуы мүмкін. Оларға ментан, лимонен, α – терпинеол, ментол, ментен жатады.

Бициклдық монотерпендер.

Бициклдық монотерпендер екі кондинсирленген бейароматтық сақиналы және бір этилендік байланысты қосылыстар болып табылады.

Терпендердің бұл тобындағы көмірсутектердің 4 типті қосылыстары болады:

Карпен типі.

Пинен типі.

Сабинен типі.

Камфен типі.

Жалпы формуласы С10 Н16 болып келетін бұл төрт көмірсутекті бір-бірінен кіші циклдың немесе басқаша аталғанда «көпірдің» орналасуы бойынша ажыратады.

Пинен типіне α – пинен, β-түйен жатады.

Сабинен немесе туйен типіне сабинен, α – туен, β-туен жатады.

Карен типіне камфер мен фенхен жатады.

Бициклдық терпендердің оттегілі туындылары алуан түрлі болады. Спирттерден сабинол, туйол, борнеол белгілі болса, кетондардан камфора, фенхол, туйон белгілі.

Сесквитерпендер

Эфир майларының құрамында болатын сесквитерпендердің негізінде изопрен бар. Сесквитерпендер изопреннің 3 қалдығынан тұрады.

Монотерпендер сияқты сесквитерпендер де ациклды және циклды болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет