Құрамысов д сталин [1] Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты»



бет18/23
Дата28.09.2023
өлшемі351,89 Kb.
#182792
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Бағалау критерйиі


тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

балл

Арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды ажыратады



1-2


терминдерді теріп жазады

1

жаңа қолданыстағы сөздерді теріп жазады

1

автордың тілдік оралымдарды қолданудағы мақсатын айқындайды

1

сәулет өнеріне қатысты ұғымдарды теріп жазады;

1

тілдік оралымдарды теріп жазады

1

жаңа қолданыстағы сөздерді ажыратады

1

автордың бұл тілдік оралымдарды не үшін қолданғандығын өз сөзімен түсіндіреді

1

10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью, нұсқаулық жазу.










Барлығы:







7


Бөлім «Саяхат және демалыс. Синтаксис»

Оқу мақсаты:

5.2.4.1 ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру;
5.3.3.1 сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру.

Бағалау критерийі:


Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білім алушы

  • Ауызекі стильде берілген мәтіндердің тақырыбы, мазмұны және тілдік құралдарын салыстырады;

  • Сюжетті суреттердің көмегімен әңгіме құрастырады.

Жоғары деңгей дағдылары



Орындау уақыты:

20 минут

Тапсырма
1. Венн диаграммасы арқылы мәтіндерді салыстырыңыз.



1-мәтін
ерекшелігі

Ортақ белгісі

2-мәтін
ерекшелігі

Тақырыбы




Тақырыбы



Мазмұны




Мазмұны



Тілдік құралы




Тілдік құралы





1-мәтін. Еуропаға бірінші рет жалғыз өзі саяхаттап келген 22 жастағы
Таңшолпан Төлегенмен сұхбат.
Таңшолпан, Еуропаға саяхатыңыз туралы айтып берсеңіз.
– Әу баста жалғыз өзім саяхаттаймын деп жоспарламадым. Достарыммен бірге барамыз дегенбіз, бірақ белгілі бір жағдайларға байланысты соңында жалғыз өзім қалдым. Басында жалғыз баруға қорықтым. Өйткені шетел дегенде тек Қытайға ғана, оның өзінде 17 адаммен бірге барып көрдім (күліп). Енді бұрын-соңды аяғым тиіп көрмеген Еуропа елдеріне жалғыз кету шынымен қорқынышты еді. Сол кезде Ақниет деген құрбым мені өте жақсы жігерлендірді. Керісінше, дәл қазір осындай мүмкіндігім болғанына қуану керек екенін айтты. Солай тәуекелге бел будым. Жоспарым бойынша, төрт елге бару керек едім. Олар: Венгрия (Будапешт), Австрия (Вена), Чехия (Прага), Франция (Париж).  (94 сөз) (https://baribar.kz/)


2-мәтін
Алтын бала
Күләш апай ас дайындап жүр. Тамақтың қамырын жаймақ боп дайындаған суының тұзын көрдi де, қабағын шытты:
– Қап, ұмытып кетiппiн-ау... Зәукен, тез Нағима апаңның үйiнен тұз әкеле қойшы!...
Зәукен «жарайды» деп, тұра жөнелдi. Зәукен келмедi. Әрi күттi, берi күттi. Ақыры шыдамы таусылды.
– Әлгi жүгермек қайда жоғалып кеттi? – деп далаға шығып едi, масаттанып келе жатқан ұлына ұшырасты. – Тұз қайда?!
– Апатай, ұмытып кетiппiн... – дедi де, қайта жүгiрдi. Екеуiнiң сөзiн естiген Бейсен Ақсақал дәуiрлеп қоя бердi:
– Зәукенге кейiме, келiн! Оны кешiктiрген мен едiм. Үш-төрт күннен берi радиомыз сөйлемей қалған. Бала-шағаға «сендер бүлдiрдiңдер» деп кейiп жатыр едiм. Зәукен радионы айналдыра қарады да: «Жөндеуге болады, ата. Мен осыны жөндейтiн үйiрмеге қатысамын» дедi. Жiңiшке қызыл сымды бiр бұрандаға қосып бекiтiп едi, радиом саңқылдай жөнелдi. Ой, азамат екен өзi!
Күләш апайдың көңiлi судай тасыды. Қуанышы қойнына сыймай, шаруасы есiнен шығып кеттi.
– Неге келiп ем, осы? – деп сасқалақтады.
– Тұзға! – дедi Зәукен қолындағы тұзды шешесiне ұсынып. (146 сөз)
(https://www.balakai.kz/engimeler)


Тапсырма 2.
Суреттердегі көріністерді негізге алып, «Табиғатқа саяхат» тақырыбында әңгіме жазыңыз. Әңгімеңізде міндетті түрде кейіпкерлердің болуын ескеріңіз. Қандай да бір оқиға желісіне құрыңыз. Кейіпкерлер арасындағы диалогке мән беріңіз.






_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет