Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"



Pdf көрінісі
бет11/27
Дата05.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#165000
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Байланысты:
10-1008 журн Бота (2)
АНГЛ НУРУМБЕКОВА
Ойындар түрлері: 
«Кімде қандай қасиет бар»


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
14 
Малдың түрі бейнеленген карточкаға бала оның қасиетін көрсететін сөз жазылған басқа 
карточканы таңдап алады. Мысалы, ит және иесіне берілгендік, түлкі және айлакерлік, түйе 
және тәкаппарлық және т.б. 
«Түспен ажырату»
Мақсаты: адамның мінез-құлқын бояумен көрсетіп, жағымды, жақтарын түспен 
ажырату. Жүргізуші: балаға адамның қасиеттерін кемпірқосақ тәрізді етіп бояуды 
тапсырады. Қандай қасиетті қай түспен бояуды баланың өзі шешеді. Ойын соңында адамның 
мінез-құлқын көрсету үшінқай түсті неге таңдағанын өзі түсіндіріп береді. 
«Баға беру»
Ойын 
тапсырмаға 
қорытынды 
жасап, 
баға 
беруге 
негізделген.
Жүргізуші баладан портретке немесе суретке қарап, ондағы адамдардың мінез-құлқын, 
қасиеттерін ажыратып беруді тапсырады. Балалар ойын жинақтау үшін баяу музыка 
қойылып, белгілі бір уақыт беріледі. 
Бұл ойын баланың адамды тани білуіне, келбетіне қарап, мінез-құлқын ажырата білуіне 
көмектеседі.
Ойын-пантомима
Мақсаты: баланың мінез-құлықты эмоция арқылы танып білуін көздейді.
Мысалы, балаға түрлі мимикамен түсіндірілетін түрлі тапсырмалар беріледі: 
— ауырған, немесе шаршаған шешесін баласы қалай аялайды; 
— оқушы қартты жолдан қалай өткізу керек
— әжесінің алдында бала өз кінәсін қалай жуып-шаяды; 
— ренжіскен екі дос бір-бірімен қалай татуласарын білмейді. 
Жанұя мүшелерінің көмегімен музыканың сүйемелдеуімен өздері құрастырған сюжетті 
көрсетеді. Соңынан тапсырмалардың мазмұны ашылған соң, олар берілген сұрақтарға жауап 
дайындап, қысқаша мәтіндер құрастарады. 
«Өз есіміңді ерекше ата»
Адамның есімі-оның бетке ұстар құралы.Біздің есімдеріміз өмір бойы бізбен бірге,олар 
біздің мінезімізге,сезімдеріміз бен ойымызға өз ізін қалдырады. Кәнеки,өзіміздің есімімізді 
еркелей әрі ардақтап айтып көрейік. Жаттығып алайық. Мұғалім баланы ортаға шақырады. 
Бала өз есімін атаған кезде қандай сезімде болғанын сұрауға немесе осы айтқандарын қағаз 
бетіне түсіруіне болады.
Қорыта айтқанда: «Әрбір бала-бір жұлдыз, жарқырауына көмектес!» қағидасын бекем 
ұстанайық. Даму мүмкіндігі шектеулі болып келген баланың көңіліне кірбің түсірмейік. Мені 
әр оқушының алдағы өмірі ойландырады…


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет