Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"


Метеркулова Аяулым Нұрланқызы



Pdf көрінісі
бет19/27
Дата05.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#165000
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Байланысты:
10-1008 журн Бота (2)
АНГЛ НУРУМБЕКОВА
Метеркулова Аяулым Нұрланқызы 
Жамбыл облысы 
Меркі аудандық емханасы
"Ұшқын" жастар денсаулық орталығының
психолог маманы 
 
Нурпейсова Шынар Айтуовна 
Түркістан облысы Шардара ауданы 
«Ұзын ата» жалпы орта мектебі
Әлеуметтік педагог 
Ерекше балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу 
 
Ерекше бала ерекше қарауды қажет етеді. Осындай тұлғаны қалыптастыруды нәтижелі
басқару үшін, түрлі жас кезеңіндегі бала дамуының өзіндік психологиялық-педагогикалық
заңдылықтары туралы терең білу керек. «Психологиялық ой түйіндісі бойынша
физиологиялық кемшілік әлеуметтік тәртіп нормаларының бұзылуын туындатады. 
Осындай кемшіліктері бар балалардың барлық психологиялық ерекшеліктері биологиялық 
емес, әлеуметтік құбылыс болып табылады», Баланың бойындағы кез-келген кемшілік
баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын шектеуде, оған адамзаттың мәдени,
әлеуметтік тәжірбиесін игеруге кедергі келтіретіні бәрімізге белгілі. 
Ерекше балаларды өзгелермен бірдей оқуға, жұмыс істеуге, демалуға т.б. яғни
қоғамдық өмірге араласуға құқық беру қажеттігі еш күмән келтірмейді, дегенмен бұны 
шынайы түрде іске асыру оңай емес. 
Психофизиологиялық 
ауытқушылықтары 
бар 
балалармен 
психологиялық-
педагогикалық оқытудың тәрбиелік сипаты, көрнекілік, жеке ықпал ету сияқты жалпы 
дидактика принциптерімен қатар арнаулы педагогикадағы түзете-дамыта оқыту және 
практикалық бағытта оқыту принциптерін басшылыққа алады. Дегенмен осы балалармен 
жүргізілген жұмыстардың нәтижелілігі қосымша факторларға да байланысты. Ең алдымен
оқу сабақтарының оқушыларды қоғамдық тәртіп ережелеріне, белсенділіктерін дамытуға, 
коммунакабельдік дәрежесіне сәйкес келуі үлкен орын алады. Сонымен қатар барлық 
пәндер арасындағы байланыс, яғни бір тақырыптың түрлі пәндерде қаралып, 
түсіндірулермен қатар, жағымды тұлға қасиеттерін қалыптастыруда еңбекке оқыту,
еңбекке баулу ерекше маңызды. Практика барысында балаларда әлеуметтік бейімделуіне
өте маңызды ұжымда бірлесе жұмыс істеу, еңбек етуге деген икем, жауапкершілік сияқты 
адамгершілік қасиеттері қалыптасады. 
Жеке тұлғаны әлеуметтік бейімдеу сабақта және сабақтан тыс уақыттардағы
ұйымдастырылған сабақтар мен мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Сабақ барысында арнайы 
құрылған жағдаяттар бойынша балалар қажетті тұрмыстық икемдерді, қоғамдық тәртіп 
ережелерін игереді. Ол үшін топтарда «Дүкенде», «Шаштаразда», «Автобуста», «Поштада», 
«Асханада», «Ауруханада» т.б. сияқты сюжетті-рольді ойындар өткізіледі. Балаларға сабақ 
барысы белгілі бір жағдайда қалай жасау керектігін бірнеше рет қайтара көрсету керек. 
Бірнеше қайтара жаттығу, жүйелі қойылатын талаптар балаларда қоршаған ортаға
икемделуге көмектесетін жағымды әдеттерді шыңдайды. Ал танымдық әрекеттерін дамыту
олардың жеке бас қасиеттеріне әсер етеді. Өзі-өзіне қызмет жасауды үйрету барысында 
балалар өзіне қызмет жасау дағдыларына бейімделеді, нақтылап айтатын болсақ, киімдерін, 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
25 
аяқ –киімдерін киіп,бауын байлап, т.б. Жасалған жұмыстардың нәтижесіде байқалып 
бастайды. Тапсырманы жақсы бұйым жасаса жолдасына, мұғаліміне көрсетіп, мадақтауды 
ұнатады. Ерекше балалар осылайша еңбек әрекетіне қатысудың маңыздылығын түсіне 
бастайды. Бұның бәрі балаларымыздың тұлғалық қалыптасуы туралы айта отырып, 
олардың өмірлеріндегі еңбектің рөлі мен адамдар арасындағы қарым-қатынастың 
қалыптасуына әсер етеді. 
Тәрбиеленушілерді әлеуметтік оқыту барысында көрнекі құралдар негізгі тиімді әдіс 
болып табылады. Бұл жерде көрнекілік шынайылық деген мағынаны білдіреді.. Мұғалімдер 
ерекше балаларды мерекелік шаралар, сюжетті-рольді ойындар, ертегі қойылымдар
театрландырылған қойылымдар барысында сыртқы ортаның қасиеттерімен, 
құбылыстарымен таныстырады. Бұл балалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып,
өздеріне қызмет ету, тұрмыста және арнаулы өндірісте қиын емес еңбек операцияларын
орындауға, мүмкіндігінше қоршаған ортаға икемдеуге бағытталған жұмыстар. Осындай 
жұмыстар барысында дамуында проблемасы бар балалар белсенділік көрсетіп, өз
беттерінше жұмыс істей алуға, түрлі жағдаяттар барысына сай әрекет етуге, өзін өзгелердің
бағалауына парапар ұстауға үйренеді. Түзету жұмыстары барысында жасаған жұмыстарына
сын көзбен қарауға үйреніп қана қоймай, салыстырмалы түрде бағалауға, өзгелердің 
сындарын қабылдай және текшелей алуға, керек кезінде жолдастарын қолдауға, көмек қолын 
созу. Сабақ барысында балалармен жүйелі жүргізілетін психологиялық-педагогикалық 
жұмыстар нәтижесінде ермексазбен мүсіндеуді, қылқаламмен шимайлап сурет салуды 
меңгеріп, сөйлеу тілі қалыптасып, таным қабілетін артып қоршаған орта туралы түсінігі 
қалыптасады. Белгілі бір еңбек даярлығының арқасында бала өзінің еңбекке икемділігін 
анықтай алады.
Осы бағытта біздің «Бейнеу психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» 
коммуналдық мемлекеттік мекемемізде ерекше балаларыңдың жан-жақты дамуына айрықша 
көңіл бөлінген. Бұл балаларға қатысты мектеп алдында тұрған негізгі міндет – олардың 
әлеуметтік бейімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және 
көмек көрсету. 
Сонымен қатар балалардың дамуына байланысты мекемеде оқуына, басқа балалармен 
бірдей білім алып, түрлі шараларға қатысуына толықтай жағдай жасалған. Ерекше балаларға 
барынша қамқорлық қамқорлық көрсете отырып, олардың жеке тұлға болып қалыптасуына 
мүмкіндік жасап,интелектуалды дамуына, өз бетімен өмір сүруге бағыт-бағдар беруге 
тәрбиешілер топтық сабақ өкізіп, мамандарымыз психолог, логопед,дефектолог 20-30 минут 
жеке сабақтар өткізеді. Сабақ барысында балалармен жүйелі жүргізілетін психологиялық-
педагогикалық жұмыстар нәтижесінде ермексазбен мүсіндеуді, қылқаламмен шимайлап 
сурет салуды меңгеріп, сөйлеу тілі қалыптасып, таным қабілеттері артып, өзіне-өзі қызмет 
көрсетуге, қоршаған ортада өзін ұстауға өз –өзіне қызмет жасау дағдыларына бейімделеді. 
Қарым-қатынаста өзін басқара алуға, қоршаған ортаны танып білуге үйретіледі.. Белгілі бір 
еңбек даярлығының арқасында бала өзінің еңбекке икемділігін анықтай алады.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың болашағы мен тағдыры ата-ананың да басты 
мәселесі болғандықтан, ата-аналарды қолдау мақсатында, педагогикалық, психологиялық, 
құқықтық кеңестер үнемі беріліп отыру нәтиже береді. Баласының өмірлік қажеттілік 
дағдыларды меңгеруіне сауатты түрде ықпал ету мақсатында медициналық кеңес берілуі 
қажет. Қорыта айтқанда, ерекше балаларда қоғамда өз орнын тауып, басқа балалармен 
теңдей қүқылы өмір сүруге тиіс. Балалар ауырмасын, аналар күрсінбесін!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет