· Барынша ұнайтын, сәйкес келетін кәсіпті таңдау керек.
· Таңдаған
мамандықты
толығырақ
зерделеу:
профессиограммамен танысу, кәсіп формуласын анықтау, мазмұнын
анықтау, адамға кәсіп қоятын талаптар және еңбек шарттарын
айқындау. Оны алу мүмкіндіктері мен кәсіби өсу үдерісін зерттеу.
· Таңдаған кәсібінде өз күштерін байқап көрі (оқыту-өндіріс
комбинатында, қызығушылығы бойынша үйірмелерде).
· Кәсіп туралы алған білімін өз мүмкіндіктерімен салыстыру, ата-
аналарымен, мұғалімдерімен, дәрігерлерімен, психологпен кеңесіп,
білікті кәсіби кеңес алу.
· Өзінің кәсіби мүмкіндіктерінің таңдаған кәсіп талаптарына
сәйкестігін анықтаған жағдайда мектепте немесе оқыту-өндіріс
комбинатында алғашқы кәсіптік дайындық алу, кәсіби өзін өзі
анықтауға дайындығын өзі бақылауды жүзеге асыру.
· Көрсетілген сәйкестік болмаған жағдайда кәсіби таңдаудың
қосымша нұсқасын табу.
· Өзіне болашақ кәсіпті таңдай отырып, кәсіпті жеткілікті меңгеру
және талабын жүзеге асыруда табандылық көрсету қажет.