1. Теориялық топтама. Кәсіп таңдау кезіндегі қателіктер мен қиындықтар. · Кәсіпке өмірлік пана таңдау ретінде қарау, жоғары білікті
кәсіпке бірден бағдарлану.
· Қоғам үшін маңызды кейбір кәсіптерді және жұмыстарды
лайықсыз, әдепсіз деп санайтын ескішілдік.
· Достардан қалмау үшін «достармен бірге» кәсіп таңдау.
· Қандай да бір кәсіп өкіліне деген қарым-қатынасты сол кәсіпке
ауыстыру.
· Кәсіптің тек сыртқы немесе бір жағына қызығу.
· Мектептегі оқу пәнін тиістіәйкес кәсіппен теңдестіру.
· Кейбір өндіріс саласындағы еңбек сипаты туралы көзқарастың
ескіруі.
· Өзінің жеке қасиеттері, икемділіктері, қабілеттері, дайындығын
түсінбеу.
· Кәсіп таңдау барысында өзінің физикалық ерекшеліктерін,
кемшіліктерін білмеу немесе бағалай алмау.
2. «Кәсіпті тап» жаттығуы. Жүргізуші қатысушылардың біреуін бөлмеден шығып кетуін
сұрайды. Осы уақытта қалғандары кәсіпті ойластырады. Шығып кеткен
адам жетелеуші сұрақтардың көмегімен шеңбердегі адамдар жасырған
кәсіпті табуы керек. Бұл жаттығуды бірнеше рет қайталауға болады.