Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования



Pdf көрінісі
бет92/194
Дата07.02.2022
өлшемі3,33 Mb.
#93961
түріМетодические рекомендации
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   194
Байланысты:
Қосымша білім берудегі кәсіби бағдар

Топтық 
пікірталас. 
 
Психологтың 
басшылығымен 
оқушылардың қарым-қатынас жасауын ұйымдастыру. Топтық 
пікірталас өз тәжірибесі мен біліміне негіздеп, өз ойын айтуды 
қарастырады. Топтық пікірталас оқушыларға мәселені жан-жақты 
қарастыруға, жұмыс тиімділігін арттыруға, әрбір баланың жеке 
көзқарасын білуге мүмкіндіктер береді.
Кооперативті оқыту (КО). 
Кооперативті оқыту – кішігірім 2-6 
адамдық топтарда оқыту әдісі, онда оқушылар ортақ мәселені бірігіп 
шешеді. Кооперативті оқытуды ұйымдастыру кезінде келесі
процедураларды негізге алу қажет: қатысушыларды біріктіріп, бетпе-
бет отыруларын сұраңыз. Топ қатысушылары арасында рөлдерді 
үлестіріп қойыңыз (баяндаушы, пікірталас басшысы, хатшы, 
безендіруші және т.б.). Бір-бірімен ақпарат, материал, идеямен бөлісіп, 
түсінбестіктерді бір-біріне түсіндіріп, мәселені анықтап, қорытынды 
жасап отыру керектігін айтып бәріне ортақ бір тапсырма беріңіз. Кейін 
топ жұмысын бағалаңыз.
Миға шабуыл. 
Миға шабуыл көптеген идеяларды жылдам 
түрлендіруге ғана мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, психологқа 
қатысушылардың барлығын жұмысқа қосуға, мәселелерді ерікті әрі 
еркін талқылауға, оқушылардың білім деңгейі мен қызығушылықтарын 
анықтауға да үлес қосады. Жиналған идеялар педагог үшін мәселе 


78 
төңірегінде тереңірек жұмыс жасауға, оның ішінде топтық пікірталас 
ұйымдастыруға негіз болады. Қажет жағдайда жүргізуші миға 
шабуылдың кілт идеяларын айтып өте алады. 
Рефлексия. 
Курстың көптеген тапсырмалары рефлексия 
техникасын қолдануды қарастырады. Бұл техниканы икемді қолдануға 
болады: бір тапсырмаларды ол оқушыларға өз көзқарасы төңірегінде 
ойлануға, қорғашан адамдармен ой бөлісуге мүмкіндік берсе, басқа 
тапсырмаларда тапсырманы топпен бағалау құралы болады. Рефлексия 
қабылданған ақпаратты қорытуға, алған білімдерін қайда және қалай 
пайдалануға болатындығын ойластыруға үлес қосады. Рефлексия 
жүргізушімен қарым-қатынас орнатады. Қарым-қатынас орнату 
мақсатымен 3 түрлі рефлексиялық сұрақ қойылады: тапсырма мазмұны 
туралы; тапсырма орындау барысында топтағы қарым-қатынас туралы; 
әрбір қатысушы не біліп, не сезінгендігі туралы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет