Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования



Pdf көрінісі
бет93/194
Дата07.02.2022
өлшемі3,33 Mb.
#93961
түріМетодические рекомендации
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   194
Байланысты:
Қосымша білім берудегі кәсіби бағдар

 
 
Мектептегі кәсіби өзін өзі анықтау 
 
(Солтүстік Қазақстан облысының Красноярск негізгі мектебінің 
директоры О.В. Михайлованың тәжірибесінен)
 
 («Жасөспірімдерді ерте кәсіби бағдарлау» бағдарламасын енгізу 
аясында «Жастардың жетістіктері» ҚҚ) «Балама білім беру 
орталығы» (ББО)
 
Өз жолын дұрыс тапқан адамға 
шынайы тектілік келеді. 
Қазақ халқының мақалы. 
Кәсіби оқыту және 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты 
біз жыл бойы мектепте ерте кәсіби бағдарлау бойынша жұмыс 
жүргізілді.
«Жастардың жетістіктері» ББО «Жасөспірімдерді ерте кәсіби 
бағдарлау» жобасы аясыда біздің мектепке «Кәсіби өзін өзі анықтау» 
курсының бағдарламасы беріліп отыр.
9 сыныпқа арналған оқу–әдістемелік топтама екі жұмыс 
дәптерінен тұрады (1 және 2 бөлім), мұғалімге арналған оқу–
әдістемелік құрал, электронды оқу құралы, тесттер, бастауыш және 
орта кәсіби орындарға оқуға түсушілерге арналған анықтамалық. 
Курстың мақсаты оқушыларда мамандық таңдауда жеке және 
кәсіби тұрғыда өзін өзі анықтаудың негіздерін қалыптастыру. 
Бірлескен жұмыс барысында оқушылардың алдына қойылған 
негізгі талаптар болып өзін өзі тануға талпыну, өздігінен дамуға деген 
қызығушылық туғызу, өз шешімдеріне деген жауапкершілік туғызу 
болып табылады.


79 
«Жастардың 
жетістіктері» 
ББО 
әзірлеген 
әдістемелері 
оқушылардың 
жеке 
психологиялық 
ерекшеліктерін 
зерттеу 
мүмкіндігін беріп, мамандық таңдауда осы қасиеттерінің сәйкестегін 
анықтайды.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жасөспірімдерде өзін анықтау 
үдерісі ауыр өтеді, себебі, 8 және 9 сыныптарда балалардың 
дағдылары мен біліктері жоқ, таңдалып алынған мамандық үшін аса 
қажетті іскерлік қасиеттері төмен көрсетілген. Көптеген түлектер оқу 
орнын таңдау барысында өздерінің болашақ мамандықтары туралы 
мүлде ойланбайтыны анық.
Әлеуметтік қызметкерлердің есептеуінше, оқушылардың 30-40 
%
-ы ғана кәсіби жоспарын құруда қателеспейді. Сондықтан да, 
кәсіпалды даярлықтың бүгінгі күні оқушының өз жолын анықтауға 
бағытталған білім ордасын ұйымдастыруға беттелген. Ол оқу 
ордасында оқушыларға таңдауы бойынша курстар, ақпараттық 
жұмыстар, кәсіби бағдарлау және психологиялық–педагогикалық 
көмек көрсетіледі. Осы бағыттардың барлығы «Жастардың 
жетістіктері» ББО әзірлеген бағдарламада бар.
Жасөспірімдердің кәсіби өзін өзі анықтау қиындықтары көбіне 
олардың жас ерекшеліктеріне байланысты, себебі 14-15 жасқа келген 
жасөспірімнің дүниетанымы мен көзқарастары өзгереді, жалпы 
бұқарадан сытылып көзге түсуге тырысады. Сондықтан, осы курстың 
әдістемесі жасөспірімдерді өз бойындағы келеңсіздікті анықтауға ғана 
емес, сонымен қатар, өздерінің жақсы жақтарын да анықтауға, 
мінезінің қайратты, жігерлі жақтарын анықтауға да мүмкіндік береді.
Жасөспірімдердің өздері туралы төмен сана-сезімі, өзін төмен 
бағалауы, 
эмоциялық 
тұрақсыздыіы 
педагогтер 
мен 
сынып 
жетекшілерінен қосымша күш-жігерді қажет етеді, ал курс 
материалдарында тұлғаның шыдамдылық, тұрақтылық, шапшаңдық, 
өздігінен ойлай білу, өздігінен білім алу сияқты қасиеттерінің дамуына 
көп назар аудырылады.
Өзін – өзі бағалау дағдыларын қалыптастыру үшін біз 
оқушылардың неге басым қарайтындарын анықтадық. Сабақтарда 
алынған нәтижелер психодиагностикалық ақпарат болмаса да, әр 
оқушыға өмірде не қажеттірек екендігі, ал не аса бағалы болып 
табылмайтындығын көрсете алды. Біз оқушылардың зейінін қоғамда 
қалыптасқан стереотипқа, бағыттардың қандай да бір бағалысына өз 
көзқарасы болуы аса қажет.
Маңызды сәттердің бірі - мамандық таңдауды қойған мақсаттан 
бастау керек екендігін оқушыларға түсіндіру. Мамандықты дұрыс 
таңдау адамға өзінің күш–қуатын барынша іске асыруға мүмкіндік 
тудыратынын түсіндіру қажет. Сонымен қатар, мамандықты дұрыс 
таңдасаң, 
көңілің 
қайтудан, 
өзіңді 
кедейліктен 
арашалап 


80 
қалатыныңды, бүгінгі және ертеңгі күніңе нық болтыныңды айдан 
анық екендігін білдіру де маңызды.
Көптеген теориялық материалдармен қатар, жұмыстың белсенді 
және интерактивті түрлері де жүргізіледі. Мысалы, іскерлік және 
рөлдік ойындар: «Мамандықты ата», «Мынау жаман мамандықтар», 
«Аналитикалық марафон» және тағы басқа.
Оқушыларды өздігінен әрекеттенуге үйреткен, өз идеяларын 
енгізуге және қате көзқарастан бас тартқызатын «Көпжүзді «Мен»», 
«Өзін өзі бағалау» тренингтері, жобалар әдісі, миға шабуыл, 
«мозаика», сауалнама, тестілеу әдіс–тәсілдері арқылы зерттеулер 
жүргізілді.
Сабақ барысында барлық 11 сынып оқушыларында бастапқы 
мамандық таңдаулары соңғы шешім болмады, яғни 99% өз ойларын 
өзгертті. Біздің бірлесе істеген жұмысымыздың аз ғана тәжірибесі 
көрсеткендей, «Оқушылардың кәсіби өзін өзі анықтауы» курсының 
көмегімен біз әр оқушының мамандық таңдаудағы ішкі құзырлығын 
ғана емес, сонымен қатар, түрлі мамандықтарға бай әлемді ашуға, 
маманның біліктілігі мен біліміне талап қоюды қалыптастыруға, 
жоғары сапаға кәсіби сипаттама беруге және медициналық қарсы 
көрсеткіштеріне сипаттама беруге назар аударуға мүмкіндік берді. Бұл 
бағдарлама болашақта балалардың мамандықты жеңіл–желпі таңдай 
салудан қорғайды. 
Ерте кәсіби бағыт беруде мамандық таңдау ғана емес, 
балалардың қабілеттерін ашып, оны дамыту да өте маңызды. Бір 
ағылшын ғалымы айтқандай: «Қанда да бір мамандықта жетістікке 
жетудің бірінші қадамы – оған шын мәнінде қызығушылық таныту». 
Ал балаларды қызықтыруға, болшақта кәсіби тұрғыда жетістікке 
жеткізуге бағыттауға «Жастардың жетістігі» ББО-ның бағдарламасы 
көмектесті деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет