«рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру аясында мектепке дейінгі балаларға ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесін дамыту» деп алып, ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргіздім. Зерттеу тақырыбы



бет17/26
Дата07.02.2022
өлшемі4,31 Mb.
#94168
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Байланысты:
дплом дурысы
customs-and-traditions-of-kazakhstan-and-great-britain, 1571750336, user file 587e51409e5e2, 1550229157, биофизика қолд.курс
Сабақ №4
Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»
Мақсаты:
А) Ұлттық ойын арқылы балалардың дене бітімінің дұрыс қалыптасуын жетілдіру.
Ә) Ұлттық ойынға деген қызығушылық сезімдерін дамыту арқылы ептілікке, шапшаңдыққа тапқырлыққа баули тәрбиелеу.
Б) Ойын арқылы салт - дәстүрді түсініп қастерлеуге ұлттық құндылықтарды білуге үйрету.


Тапсырма 1: «Айгөлек» ұлттық ойыны
Ойын мазмұны: Балалар екі топқа бөлінеді де, арасы он бес – жиырма метрдей жерде қол ұстасып қарама‑қарсы тізбек құрайды. Ойын жүргізуші екі топтың біреуіне кезек береді. Олар барлығы қосылып төмендегі өлеңді айтады:
Айгөлек‑ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден тер шығар.
Ақ терек пен көк терек,
Бізден сізге кім керек?
Екінші топтың ойыншылары жауап береді:
Айгөлек‑ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Тебінгіден тер шығар.
Ақ терек пен көк терек
Шолпан атты (шақыратын баланың немесе қыздың атын атайды) қыз керек, ‑ дейді.
Қарсы топтан шақырылған қыз не бала тізіліп тұрған топтың әлсіз жерінен үзіп өтуге тиісті. Егерде ол үзе алмаса, онда сол қатарда қалады, ал үзсе – онда өзі қалаған ойыншының бірін өз тобына ала кетеді. Ойын аяқталғаннан кейін екі жақтың ойыншылары саналады, қай жақ көп болса, сол жақ ұтқан болып саналады.

Сурет-10
Тапсырма 2: «Бәйге алу» ұлттық ойыны. Балаға салт-дәстүрлерге, ұлттық ойындарға, ұлттық киімдерге байланысты сұрақтар қойылады. Сұрақтардан кейін қима қағаздар беріледі. Қатты қағазға жіп арқылы бекітілген 2 атпен жарысады. Межеде еліміздің туы тұрады. Дұрыс әрі тез орындаған бала туды алып жеңіске жетеді.




Сурет-11




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет