Айран сапасына қойылатын талаптар. Айранның консистенциясы біртекті, ұйытындысы бұзылған немесе бұзылмаған болу керек, 2,5% майлылықты жеміс - жидек айраны үшін – сұйық, газ көпіршектерінің болуы рұқсат етіледі. Айранның дәмі мен иісі таза, сүт қышқылды, сәл өткір, бөтен дәм мен иіссіз, ал жеміс - жидек айраны үшін – жеміс татымды болуы керек. Түсі – ақ немесе сәл кремді, жеміс - жидек айраны үшін – жеміс - жидек сиропының түсі, қышқылдылығы 85 - 120°Т, жеміс - жидек айраны үшін – 85 - 110°Т, спирт мөлшері – 0,6%. Ащы аммиакты, азықтық және басқа татымды айранды пайдалануға болмайды. Айранды 8° С температурада 36 сағатқа дейін сақтайды.
Айран өндіру үшін шикізат. МЕМСТ 13264 - 84 бойынша 2 сорттан төмен емес әзірленген сиыр сүті; тірі және құрғақ айран саңырауқұлақтары; мезофильді, термофильді, сүт қышқылды бактериялар және ашытқылармен таза көбейту; МЕМСТ 2874 - 82 бойынша ауыз суы.
Достарыңызбен бөлісу: |