С.Қ. Төлепбекова А. И. Аманжолов А. М. Жылқайдарова география



бет47/102
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152414
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   102
Байланысты:
С. . Т лепбекова А. И. Аманжолов А. М. Жыл айдарова география

Үй тапсырмасы
§55-56 оқу, 1-тапсырма сұрақтарына жауап беру (ауызша).






3-бөлім. Табиғатты пайдалану және геоэкология
3.2 Геоэкологиялық зерттеу негіздері

Сабақтың тақырыбы:

57-58. Мектептегі және үйдегі инновациялық технологиялар

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына сәйкес)

10.3.2.10 Экологиялық мәселелерді шешудегі инновациялық технологиялардың рөлін анықтау

        1. Зерттеу тақырыбына сәйкес салыстыру әдістерін қолдану

        2. Зерттеу тақырыбына сәйкес сандық әдістерді қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: «Инновациялық технология» ұғымын түсіндіреді.
Оқушылардың көпшілігі: Қоршаған ортаны зерттеуде салыстырмалы және сандық әдістерді қолданады.
Кейбір оқушылар: Инновациялық «жасыл технология» аясында білімді кеңейтуді және мектеп қауымдастығының тұрақты дамуының үлгісін жасайды.

Бағалау өлшемдері

  • «Жасыл технология», «жаңашыл», «тұрақты даму» түсініктерін біледі.

  • Қоршаған ортаны зерттейді.

  • Жасыл технологияны сипаттайтын конструкция үлгісін жасайды.

Тілдік мақсаттар

Оқу дағдысы: тақырып мазмұнынан негізгісін белгілеп алып оқу
Жазу дағдысы: графикалық сызба құрастыру
Тыңдау және сөйлеу дағдылары: тапсырмаларды бөлу және өзара оқытуы, мәселелерді талқылау
Негізгі тірек сөздер тізбегі: тұрақты даму, жасыл технология

Құндылықтарды қалыптастыру

Еңбек және шығармашылық (өз еңбегін ұйымдастыра білу, белсенділік, бастамашылық, адалдық, қызығушылық, жақсы
нәтижеге қол жеткізу, адалдық, еңбексүйгіштік)

Пәнаралық байланыс

Биология, химия, физика, қоғамдық ғылымдар

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Экологиялық жаңашыл технологиялар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
8 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта қолайлы ахуал
құру, көңіл күй сыйлау.

Жұмыстық
таныстырылым




Топтарға бөлу.
«Миға шабуыл» әдісі
Сабақ тақырыбын айтамыз. Сабақ түрі – вернисаж сабақ.
Зерттеу міндеттері мен әдістерін, ресурстарын анықтаймыз.

(зерттеу кезеңдері)

Сабақтың ортасы 22 мин

(Т) Сарамандық жұмыс:
Сарамандық жұмыс кезеңі.
1-бағыт. Мектеп қауымдастығының тұрақты даму үлгісін әзірлеу.
Жұмыс барысы:
Мектеп қауымдастығының тұрақты даму үлгісін әзірлеу және ұсыну.

  1. Ол үшін қоршаған ортаға экологиялық тұрғыдан шолу жасау және алынған деректерді

«Қоршаған ортаға шолу» 20-кестеге толтыру қажет.

  1. Алынған деректерді талқылау.

  2. Зерттеу нәтижесін талдау негізінде барлық деңгейдегі мектеп қауымдастығы үшін ұсыныстар жасап,әрекет ету жоспарын әзірлеу керек (оқушылар, мұғалімдер, техникалық қызметкер, ата- аналар), мектеп қоғамдастығының экономикалық мүмкіндіктері мен қоршаған ортаның сапалық жағдайын ескере отырып, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға бағытталған қауымдастық құру.

  3. Көркем көрме үшін қабырғалық материал ресімдеу.

2-бағыт. «Жасыл технологиялардың» әртүрлі бағытын білдіретін конструкцияларды құру. Жұмыс барысы:

  1. «Жасыл технологиялардың» түрлі бағытын білдіретін конструкцияларды құру.

  2. Балама энергия көзімен жұмыс істейтін үлгі құрастыр (жел, су, биоэнергия т.б.). Сызба, үлгілер ұсын.

  3. Көркем көрме үшін қабырғалық материал ресімде.

  4. Таныстырылым алгоритмі: конструкция аты, тағайындалуы, қолдану аумағы, материал түрі, экологиялық әсері.

Дайындық кезеңі.
Қабырғалық материалды рәсімдеу. Қорытынды таныстырылым.
Барлық жұмыстарды көркем көрмеде көрсет.
«Жаңашыл технологиялар мектепте және үйде» Таныстырылым кезеңі.

  1. Жұмыс нәтижесінің таныстырылымы. Таныстырылым нұсқасы: әрбір топтан баяндамашы жұмысын таныстырады. Қалған оқушылар бір стендтен екінші стендке жылжи отырып, сұрақтар қояды, маршруттық қағазға рейтингісін жазады.

  2. Жұмыс нәтижесін өзіндік және өзара бағалайды.

Технологиялық карта (әрбір жұмыс кезеңіне қарай ресурстар – іс-әрекет алгоритмі).

Қоршаған орта параметрін өлшегіш құралдары.


Қоршаған орта параметрі деректерімен таратпа материал (өздері параметрді өлшеу мүмкіндігі болмаған жағдайда)

Флипчарттар, маркерлар, стикерлер, компьютер


Үлгілерге арналған керек- жарақтар: сызба қағаздары, қарындаштар, маркерлер т.б.




Рейтинг бойынша қорытынды жүргізу және бірігіп талқылау, қай жұмыс қызықты және өмірде қолдануға болытынын таңдау.
Зерттеу нәтижесін өзара бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет