С.Қ. Төлепбекова А. И. Аманжолов А. М. Жылқайдарова география



бет1/102
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152414
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
С. . Т лепбекова А. И. Аманжолов А. М. Жыл айдарова география


С.Қ. Төлепбекова А.И. Аманжолов А.М. Жылқайдарова
ГЕОГРАФИЯ
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Жаратылыстану-математика бағытындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып мұғалімдеріне арналған

АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ 2019




С.Қ. Төлепбекова
География. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ: Жаратылыстану-математика бағытында жалпы білім беретін мектептің 10-сынып мұғалімдеріне арналған
/ С.Қ. Төлепбекова, А.И. Аманжолов, А.М. Жылқайдарова. – Алматы: АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ, 2019. – 208 б.


С С.Қ. Төлепбекова, А.И. Аманжолов,
А.М. Жылқайдарова, 2019
С «АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ» ЖШС, 2019
Құрметті ұстаздар!

10-сынып «География» пәніне арналған оқу-әдістемелік нұсқау жаратылыстану-математика бағытында жалпы білім беретін сыныптарда жұмыс істейтін география пәні мұғалімдеріне көмек ретінде құрылған.


Оқу-әдістемелік нұсқауға авторлар – С.Қ. Төлепбекова, А.И. Аманжолов, А.М. Жылқайдарова жазған 10-сыныпқа арналған «География» оқулығы негізге алынды.
Оқу-әдістемелік кешені оқулық пен оқу-әдістемелік нұсқауды қамтиды. Оқулықтың негізгі мазмұны жаңартылған білім мазмұны талаптарына сәйкес жасалған. Мұғалімдерге ұсынылған ОӘК құрылымы мен бағалау механизмі, критериалды бағалау жүйесі негізінде білім алушының жан-жақты даму бағытында оқытуды жүзеге асырады, оқушылардың өз бетінше іздену қызметін ұйымдастырады және әрбір оқушының функционалдық сауаттылығының даму деңгейін оқу пәнінің барлық тақырыптары бойынша объективті түрде тексере алады.
Оқу құралының мақсаты – білім берудің жаңартылған мазмұнын, сабақ өткізу жоспарларын ескере отырып, 10-сынып географиясы курсы бойынша тақырыптық жоспарлауды әзірлеуде мұғалімге практикалық көмек көрсету(педагогикалық технология, әдіс-тәсіл, стратегия, т.б. бойынша).
Басылымды педагог өз жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарау және қажет болған жағдайда сабақ құрылымын икемді құру, оқытудың әдістері мен тәсілдерін, білім алушылармен жұмыс мазмұнын түрлендіру үшін пайдаланады. Оқу-әдістемелік нұсқауда келесі жұмыс түрлері ұсынылады:

  • негізгі оқу және қосымша материалдарды өздігінен түсіну;

  • PowerPoint бағдарламасында баяндама-хабарлама, реферат, постер, кластер, карта-сызба, т.б. құрастыру және таныстырылым жасау;

  • жобалық,тәжірибелік, зерттеу, шығармашылық, қызметі;

  • дербес, жеке және топтық жұмыс.

Оқу-әдістемелік нұсқаудың мазмұны оқушылардың логикалық ойлауын, салыстыру, талдау, жалпылау, бағалау қабілетін дамытуға, пән бойынша алған білімдерін меңгеріп, бекітуге, сондай-ақ білім алушыларды оқуға және ақыл-ой еңбегінің мәдениетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Оқу-әдістемелік нұсқауды теориялық материалдар мен білім алушылардың жас ерекшеліктерін жақсы білетін практик-мұғалімдер мен ғалымдар әзірлеген.
10-сыныпқа арналған «География» пәнінің мақсаты: оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, географиялық кеңістіктің барлық деңгейінде пайда болатын геоэкологиялық, геоэкономикалық, әлеуметтік, геосаяси және жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған географиялық білімді, дағдылар мен іскерлікті қолдану үшін жағдай жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет