С.Қ. Төлепбекова А. И. Аманжолов А. М. Жылқайдарова география



бет8/102
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152414
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   102
Байланысты:
С. . Т лепбекова А. И. Аманжолов А. М. Жыл айдарова география
МҰҢАЙМА, 13 сабақ, БЖБ №1 2-тоқсан-1
«Түрлі деңгейлі оқыту» технологиясы
Әртүрлі деңгейдегі оқыту – әр оқушы оқу материалдарын әртүрлі деңгейде (А, В, С) меңгеруге мүмкіндігі бар оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру. Бірақ деңгей оқушының қабілеттері мен жеке ерекшеліктеріне байланысты базалық деңгейден төмен болмауы тиіс. Онда оқушының қызметін бағалау критерийі үшін оның осы материалды меңгеруі, оны шығармашылықпен қолдану бойынша күш-жігері қабылданады.
«Ең төменгі талаптармен белгіленген тақырыптар» оқытудың барлық деңгейлері үшін бірыңғай қалып отыр.


Жобалар әдісі
Оқу жобасы–аяқталған оқу тақырыбын немесе оқу бөлімін зерделеуге бағытталған және стандартты оқу курсының немесе бірнеше курстардың бір
бөлігін құрайтын жұмыстың ұйымдастырушылық түрі. Мектепте оны жұп оқушылардың бірлескен оқу-танымдық, зерттеу, шығармашылық немесе ойын қызметі ретінде қарастыруға болады.
Жобалар әдісінің негізінде оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту, өз білімдерін өздігінен құрастыра білу, ақпараттық кеңістікте бағдарлана білу, сыни және шығармашылық ойлауды дамыту, мәселені көре білу, тұжырымдау және шеше білу. Жобалар әдісі оқушылардың алдына қойылған мәселелерді шешу қабілетін дамытады.
Жобалар әдісінде жұмыстың келесі кезеңдерін бөліп көрсетуге болады: іздестіру, конструкторлық (аналитикалық), технологиялық (практикалық), қорытынды.
Жоба бойынша жұмыс кезеңдері: тақырыпты таңдау, мәселелердің нұсқасын қалыптастыру, міндеттерді топтар бойынша бөлу, жобаны топтық немесе жеке әзірлеу, жобаны қорғау және сараптау.
Пән курсында бөлімдердің барлық тақырыптары бойынша жобалар ұсынылады.
Жоба тақырыптарының мысалдары: «Өзіміз тұратын өңірдің қоршаған ортасына антропогендік түрткіжайттардың әсерін азайту», «Мен не тұтынамын?», «Біздің болашаққа қосқан үлесіміз», «Мектептегі және үйдегі инновациялық технологиялар».
Сондай-ақ «ойын технологиялары», бағдарламаланған оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, «оқушы портфелі» технологиясы, «дебаттар» технологиясы қолданылады.
Сабақтың жеке кезеңдерін жоспарлау кезінде «Идеялар галереясы»,
«ХИМС», «Жетістік баспалдағы», «Факт немесе пікір», «Өз мысалдары»,
«Жеңіл және күрделі сұрақтар», «Калейдоскоп», «Ыстық орындық», «РВФ»,
т.б. әдістер мен тәсілдерді қолдану ұсынылады.
Оқыту үдерісін жақсарту үшін оқушыларға өзара бағалау және өзін-өзі бағалау жүргізу ұсынылады. Бағалау оқытудың кез келген кезеңінің ең маңызды компоненттерінің бірі, оның басты мақсаты – өзін-өзі бағалауды жүзеге асыруға, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі ұйымдастыруға, өзін-өзі бақылауға және өзін-өзі жетілдіруге, оқу қызметінің субъектісі болуға қабілетті оқушы.
Бірін бірі бағалай отырып, оқушылар жұмыс нәтижелерінің күшті және әлсіз жақтарын атап өтеді, сонымен қатар оқушы өзінің жетістігін талдайды. Өзара бағалау оқушыларға оқылған материалды бір-бірімен жұмысты бағалау арқылы бекітуге мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалау өзін бақылау, өз нәтижесін дұрыс салыстырумен тығыз байланысты.
Бағалау қызметіне қойылатын негізгі талаптардың бірі –оқушылардың өз нәтижелерін бағалау, қателерді көру, түрлі жұмыстарға қойылатын талаптарды білу дағдыларын қалыптастыру. Осы мақсатқа жету үшін сабақтың сол кезеңі, белгілі бір қызмет түрі мен оның нәтижелері бағаланатын нақты критерийлерге ие болуы қажет. Мұғалім сабақты жоспарлау кезінде бағалаудың әдістері мен тәсілдерін дербес таңдайды. Мысалы: «Білім ағашы», «Келісемін, келіспеймін», «Дұрыс, бұрыс»,
«Түсінікті, түсініксіз», «Бағдаршам», «Дейін» және «кейін», «Басбармақ»,
«Смайлдер», «Екі жұлдыз – бір тілек», т.б.
Бағалау үшін бағалау жүйесі әзірленген бағалау парақтарын да ұсынуға болады, оған мыналар кіреді: балл саны және бағалау критерийлері.
Бағалау дербестігін дамыту қазіргі жаңартылған білім беру мазмұнының көптеген міндеттерін шешудің негізгі шарты болып табылады, өйткені бала тек пәндік білімді, дағдылар мен іс-қимылдарды меңгеріп қана қоймай, оқу іс-әрекетінде дербестікті игеруі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет