С.Қ. Төлепбекова А. И. Аманжолов А. М. Жылқайдарова география



бет6/102
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152414
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
С. . Т лепбекова А. И. Аманжолов А. М. Жыл айдарова география

кезең Іске асыру (realization of meaning) немесе ұғыну сатысы: ақпаратты белсенді алу (мәтінмен жұмыс істеу), жаңа ақпаратты жүйелеу, өз түсінігін қадағалау.

Бұл кезеңде басты мағына жаңа материалды беру және алынған ақпаратты белсенді шығармашылық тұрғыдан ұғынуға үйрету тәсілдеріне ие болады.
Осы кезеңде келесі әдістер мен тәсілдерді қолдану ұсынылады:

  • «Мәтінді таңбалау» (I. N. S. E. R. T. – «Interactive Notation System for Enhanced Reading and Thinking»). Оқушылар сабақ (бөлім) тақырыбы бойынша өздеріне не белгілі екенін еске түсіргеннен кейін, оқытушы ұсынылған мәтінде фрагменттерді белгілеуді ұсынады, оларды (v белгісімен), нені білгендерін (+белгісімен), сұрақтар мен түсінбеушілікті (– белгісімен) белгілейді.

  • «Қосжазба күнделігі». Дәптердің беті тік сызықпен екіге бөлінеді, сол жақ бағанда мәтіндегі маңызды орындар белгіленеді. Оң жақ бағанға сол жақ бағанда жазылғанға түсініктеме жазады.

  • «Сұрақ-жауап». Оқушылар шағын топтарда жұмыс істейді, мәтінді оқиды, кезекпен бір-біріне сұрақтар қойып, оларға жауап береді.

  • «Өзіндік сабаққа арналған әзірлемелер». Мақсаты – оқушылардың назарын мәтінде шашыраған белгілі бір бөлшектерге аудару. Содан кейін топта оқып, талқыланады.

  • «Көмекші құралдар». Оқушыларға қосымша әдебиеттер беріледі, ол мәтіннің негізгі ережелеріне назар аударуы тиіс.

  • «Зигзаг». Сынып бірнеше кіші топқа бөлінеді. Топ мүшелері зерттелетін тақырыптың нақты мәселелері бойынша "сарапшылар" болады. Мәтіннің өзіне тиесілі бөлігін зерделеп, "сарапшылардың" әрқайсысы өз серіктестерін кезек-кезек үйретеді. Алдын ала сарапшылар өздерінің кіші топтарының мүшелеріне жаңа ақпаратты берудің тиімді тәсілдерін жоспарлай отырып, сараптамалық кіші топтарда өздері оқыған мәтіннің үзінділерін талқылайды.

  • «Бірлескен оқыту топтары». Сынып «бірлескен оқыту топтары» – кіші топтарға бөлінеді. Олардың әрқайсысында бірлесе талқылау үшін сұрақтар ойластырылады. Топ ішінде оқушылар бір-біріне жаңа материалды түсіндіреді.

  • «Озық дәріс». Жаңа материал кішігірім дәріс түрінде беріледі. Дәрісті оқу барысында сұрақтар қоюға және айтылған мәселелерді талқылауға мүмкіндік беру үшін үзіліс жасалады.

Сонымен қатар «Өзара оқыту», «Оқимын менің ойымша», т.б. әдістерді қолдануға болады.
«Скрайбинг» әдісі. Scribe – ағылшын сөзі – эскиздер мен суреттерді нобайлау. Қысқа уақыт аралығында, мәтінді оқи отырып сызба құрастыру арқылы материалды түсінікті әрі сапалы етіп түсінуге, идеяны жеткізуге болады. Скрайбингтің табысы мен тиімділігі адам миының суреттерді
бейнелеуге бейім екенімен, үлгілер бойынша ойлайтынымен түсіндіріледі, ал суреттің тілі – әмбебап тіл. Мұғалімге сурет салуға болатын бет және оны жасайтын аспап қана қажет. Скрайбер жұмысындағы үш түйінді аспекті:

  • көзбен шолуға лайықтау;

  • сызбалармен жұмыс;

  • қарым-қатынас.

Саралау (дифференциация) әдісі:
«Ой күмбезі» әдісі тақырыптық тапсырмаларды сатылап, деңгейлеп орындауға негізделген.
«Ой қазығы», «А» тобының мақсаты: алынған білім, ойдың негізгі сөзін тауып, қарапайым түсініктер мен ұғымдардың табиғатын айқындайды.
«Ой желісі», «В» тобы негізгі сөзден өрбитін ой-пікірді талдап, алған білімді қолдану мен жан-жақты зерделеуге мүмкіндік береді.
«Ой өрімі», «Ой күмбезі» «С» деңгейі оқушылардың пікірлері мен ой түйіндерін жинақтап, салыстыру, дәйектеу, дәлелдеу, ізденіске бағдар беруді көздейді, шығармашылық және ізденіс нәтижесінде ойдың маңызы мен мәнін ашуға, олардың қажеттілігі мен орнын айқындап, баға беруге жетелейді.
«Домино» әдісі – сұрақ-жауап түрінде жасалған домино оқушыларға таратылады. Сұрақ оқылып, жауабы басқа оқушыдан табылып, домино құрастырылады. Аз уақыт ішінде сыныптағы оқушылар білімін толық тексеруге мүмкіндік береді.
SCRUM-тақтасы тақырыптың мазмұнын толық елестетуге мүмкіндік береді(тақта 5 бағаннан тұрады). Мысалы, шикізат, орналасу түрткіжайттары, өңдеу жолы, дайын өнімі, орналасқан жері. Жұмыс жоспары ретінде де алуға болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет