Пәннің тақырыптық міндеттері:
оқушылардың географиялық және кеңістіктік ойлаумәдениеті мен тілін дамыту;
геоэкологиялық, геосаяси, әлеуметтік, геоэкономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеуде оқушылардың жаһандық, аймақтық және жергілікті тәсілдерді түсінуін дамыту;
картография, геоэкология, геосаясат, геоэкономика, аймақтық зерттеулер мен адамзаттың жаһандық мәселелерін зерттеуде геокеңістіктік деректерді өңдеудің заманауи әдістерін қолдану үшін оқу жағдайларын жасау;
құндылықтарды жүйелеу, оқушыларға белгілі және дүниежүзінің заманауи географиялық бейнесін зерттеу;
іс-шараларды орындау арқылы оқушылардың кәсіби бағдарлануы, геокеңістіктік әдістер мен мәліметтерге қатысты мамандықтар және кәсіптермен танысуы.
Оқу материалы осылайша зерттеу тақырыбына ғылыми тұрғыдан негізделген. Оқулықта көрсетілген тапсырмалардың көпшілігі сарамандық бағыттағы сипатқа ие. Сонымен қатар оқушының бақылағыштығы мен зерттеушілік қасиеттерін:сындарлылық теориясы негізінде сыни тұрғыдан ойлау, дивергентті ойлау, логикалық ойлау, мнемоника, қысқамерзімді, ұзақмерзімді жад (рәсімдік, эпизодтық, семантикалық) дамытуға бағытталған. Іс жүзінде барлық тапсырма оқушыларды өз бетіменжұмысқа ынталандырады.
Оқу құралының құрылымы төмендегідей:
10-сыныпқа арналған «География» курсының ғылыми-әдістемелік негіздері (педагогикалық стратегия, технологиялар, оқыту әдістері мен тәсілдері).
Географиялық зерттеулерде матрицалық әдісті қолданудың әдістемелік ерекшеліктері.
География сабақтарында мақсатқа жету.
Оқушылардың іс-әрекетіне қойылатын талаптар.
Ұзақмерзімді жоспар.
Сабақтарды қысқамерзімді жоспарлауды дамытудың мысалдары.
Пайдаланылған әдебиеттер.
10 сыныпқа арналған «География» курсының ғылыми-әдістемелік
негіздері
«География» курсының жаңартылған мазмұны 10-сынып оқушыларын табиғатқа, табиғи құбылыстарға, әлеуметтік-экономикалық процестер мен қоғамда болып жатқан заңдылықтарға кешенді, жүйелі және әлеуметтік бағыттайтын тәсілдерге ие. Географияны оқу барысында оқушылар қоғамның, экономиканың және табиғаттың өзара әсері мен өзара байланысы туралы нақты түсінік алуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |