Сабақ : №1 Мектеп: Күні: Мұғалім: Сынып: 6



бет21/86
Дата14.11.2019
өлшемі61,44 Mb.
#51811
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   86
Байланысты:
6-сынып Қазақстан тарихы қмж




Сабақ : № 11

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Көне түркіндегі жазу.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

6.1.1.1 – түркі тілдес тайпаларды атап, олардың картада территориялық орналасуын көрсету

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы

көне түркі рухани мәдениеті, оның ішінде жазба өнерімен таныстыру. «Күлтегін», «Білге», «Тоныкөк» ескерткіштері жайлы білімдерін арттыру..

Оқушылардың көпшілігі

Кіріспеде мәселе туралы жалпы ақпарат берілген;

Негізгі бөлімде мәселенің себептері мен оған автор көзқарасы берілген.

Қорытындыда автордың мәсеені шешуге ұсынысы берілген.



Оқушылардың кейбірі

Кіріспеде мәселе туралы жалпы ақпарат, мысалдар, қорытынды берілген;

Негізгі бөлімде мәселеге аргумент пен контраргумент, олардың себептері мен оларға автор көзқарасы (келісу/келіспеу) берілген.

Қорытындыда ойы жинақталып, ұсынысы берілген.



Бағалау критерийі

Түркі тайпаларының ерлік күрестерін нақты мысалдар арқылы суреттейді

Тарихи оқиғаларды салыстыра білу біліктерін одан әрі дамытуға септігін тигізу.



Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Философия

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Шартты рай формасының қолданылу ережесін дағдыға айналдырады.



Пән лексикасы және терминология:

Уақыт тақырыбына қатысты мақал-мәтелдер.



Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Мәселенің бір (екінші) жағын қарастыратын болсақ; Жоғарыда айтылған ойымызды қорытындылайтын болсақ; Менің пікірімше,



Осыған дейін меңгерілген білім

Лексикалық тараудың алғашқы сабағы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

5 мин



Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Жұпта тақырыпқа ену үшін мақалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді:



  • Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.

  • Елу жылда ел жаңа.

  • Адамды заманы билейді.

  • Уақыт керуеніне бөгет жоқ.

  • Жасы бір құрдас емес, заманы бір құрдас.

  • Заманына қарай заңы, тоғайына қарай аңы.

  • Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені.

  • Жан жарасына уақыт емші.

Үй тапсырмасын қайталау сұрақ-жауап:

Түрік қағанатының территориясы?

553 жылы билік басына қай қаған келді?

Түріктер қай ғасырда пайда болды?

“Он оқ будун” қандай мағына береді?

Ежелгі түріктердің шығуы туралы қандай аңыз білесіңдер?

Түрік қағанаты қай жылдары өмір сүрді?

546 жылы түріктердің алғашқы қағаны кім болды?

Түріктер қандай шаруашылықпен айналысты?

Түрік қағанатының астанасы?


Берілген мақалдың астарлы мағынасы қандай деп ойлайсыз?

Мақалдың мәніне өмірден мысал келтіре аласыз ба? Қандай?

Сіз осы мақалдың мәнімен келісесіз бе, келіспейсіз бе? Неге?

Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен және дескрипторлармен танысады.





Сабақ ортасы

30 мин


5 мин


Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.

Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы

Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:

Енисей ескерткіштері.

Талас ескерткіштері.

Орхон ескерткіштері.

Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айырмасында және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-Лена бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Моңғолия далаларына, Орхон жеріне, одан Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі.

Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 150-дей.

Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі бірыңғай 8 ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты.

Орхон ескерткіштері. Моңғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің орны ерекше. Яғни Көне Түркі жазулары 5-8 ғасырлар аралығында Сібір, Моңғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей жерінде кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды шығаруға болады. Бұл көрсетіліп отырған тарихи мезгіл (5-8 ғасырлар) мен оның таралған үлкен аймағы Ұлы Түркі қағандығы, одан бөлінген Батыс және Шығыс Түркі, Түргеш, Хазар қағандықтары мен Көк Түркілер (Екінші Түркі қағандығы) мемлекеттерінің аумаы мен өмір сүрген дәуіріне сәйкес келеді. Бұдан басқа қазіргі ғылымға Көне Түркі жазуларының Тибет аймағындағы және Еуропалық даладаларғы нұсқалары белгілі.

Тапсырма:

. Кім шапшаң? (кесте толтыру).

Түріктердің діни сенімдері қандай болды?




Түріктер

сенді



V кезең. Ребус шешу.



1. Ежелгі түркі жазуы туралы тарихи деректер.
2. Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк жазбалары.
3. Түркітанушы ғалымдар.
1. Қызығушылықты арттыру 

 

- Оқушылар, бір сәт  аудиотаспаға  назар аударып, мұқият тыңдаңыздар. 



(Аудиотаспадан «Күлтегін» жыры оқылады). 

 

- Оқылған үзіндіні тыңдап отырғанда қандай ой түйдіңдер? Оқиға не жайлы екен?



(Оқушылар пікірі тыңдалады).

 

- Міне, оқушылар, өздерің айтып кеткендей  бабаларымыз ұрпаққа аманат етіп қалдырған жазбалар жайында біз әңгіме қозғамақпыз. Дәптерімізді ашып, күн реті мен тақырыпты жазыңыздар. Мен әр топқа мәтін таратамын,  7 минут  уақыт  ішінде сіздер мұқият оқып, ойларыңды жинақтаңдар. 


1- топқа: 

Ертедегі түріктер VI ғасырда өзіне тән алфавиттік жүйесі мен жазу емлесі бар руна жазуын дүниеге әкелді. Алғаш түрік жазуы туралы деректер Византия тарихшысы Менандр Протектордың жазбаларында айтылады. Ежелгі түркі жазуының көне ескерткішінің бірі- Күлтегін жазба ескерткіші.  Моңғолиядағы  Қарабаласаған қаласының қираған орнынан солтүстікке қарай 40 км жерге, Орхон өзені бойындағы Эрдени Цзу монастырының (8 ғасыр) жанына орнатылған. Ескерткіштің биіктігі -3,15 метр., ені-1,34 метр, қалыңдығы 0,41 метр. Тас бағана бес бұрышты қалқан тәрізді, қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген. Күлтегін ескерткіші туралы алғашқы мәліметтер 19 ғасырдағы батыс зерттеушілерінің еңбектерінде жариялана бастады. Екі құлпытастағы құпия жазуларды түркітанушылар көпке дейін оқи алмай келді. 1893 жылы 25 қарашада Дания Ғылым Академиясының мәжілісінде В.Томсон Орхон жазба жәдігерлерін оқудың кілтін тапқандығын әрі оның көне түркі тілінде жазылғандығын, алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екенін жариялады. Содан кейін академигі В.В.Радлов мәтінді тәржімалады. Осы зерттеулерден кейін құлпытастарға қашалған жазулар Күлтегін батырдың ерлік істері туралы қаhармандық дастан екендігі белгілі болды. 

 

2- топқа: 

«Тоныкөк» тас жазуында: «Мен, Білге Тоныкөк, табғаш (қытай) елінде тәрбиеленіп өстім. Түркі халқы ол кезде табғаштарға бағынышты еді» деп жазылған. Қытай сарайында жүріп, олардың өз еліне жасап жатқан қорлық, зорлығының бәрін көріп-біліп өскен Тоныкөк ақыры шыдай алмай, 683 жылы шыли иуән тайпасының басшысы Құтылықпен бірігіп, табғаштарға қарсы көтеріліске шығып, жеңіске жетеді. Түрік жұртының азаттыққа қол жеткізіп, жеке дербес ел болып отыруына айтулы еңбек сіңірген дала кемеңгері Білге Тоныкөк өзінің бағасын, тарихтағы орнын өзі қашатып, жаздырып кетті. «Тәңірі жарылқады! Бүкіл түркі жұртына қарулы жау келтірмедім, атты әскер жолатпадым. Ел төресі жауламаса, оған еріп мен жауламасам, елім, халқым жойылар еді. Оның шабуылының нәтижесінде, менің шабуылымның нәтижесінде еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды. Өзім қартайдым, ұлық болдым. Түркі Білге қағанның еліне арнап тасқа жаздырған мен Білге Тоныкөкпін» дейді дана қарт.

 

3-топқа: 



Білге Қаған Ескерткіші - Орхон түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкені әрі аса ірі “мәңгі тас” қатарына жататын ескерткіш . Күлтегін ескерткішінен 0,5 км жерде орнатылған. Білге Қаған ескерткіші мен Күлтегін ескерткішін орыс ғалымы  Н.М. Ядринцев тауып (1889 ж), оны белгілі түркітанушы В.В. Радлов пен  Дания ғалымы В.Томсен анықтаған әріптік жүйемен оқыды (1894). Білге Қаған Ескерткішін А. Аманжолов, Ғ. Айдаров, т.б. ғалымдар әр қырынан қарастырып, зерттеген. Ескерткіште  Бумын, Естемі, Білге Құтылық қағандары мен баһадүр, ақылгөй ерлерінің “ел-жер-тірлік” тұтастығын сақтау, қорғау, болашақ ұрпаққа жеткізу жолындағы ерліктері, мемлекеттегі . ұлы істің бірегей мақсат-мүддесі шебер тілмен, тұжырымды да тиянақты түрде жазылып, тарихи оқиғалар уақыт желісімен баяндалып бәдізделген. Ескерткіште “елді халық едім, елім енді қайда! Қағаны бар ел едім, қағаным енді қайда, қай қағанға іс-күшімізді жұмсар екенбіз!” деген астарлы тілмен ел тағдырын жырлайды. 80 жол, 3000-нан астам сөз, 10 мыңдай таңба-әріп бар. Ескерткіштің тілі “таза” сақталған, кірме сөздер өте аз дерлік. Сол себептен түркі этностарының тілдік табиғатын, тарихи, әдеби, этнографиялық, т.б. сыр-қырын анықтай зерттеу үшін қайталанбас дара мұра

 

4-топқа:

Көне түркі жазу ескерткіштерін  Енисей аңғарынан Д.Миссершмидт пен Ф.Страленберг сияқты ғалымдар тапқан. Түркітану ғылымында жазудың табылған жеріне байланысты «Орхон-Енисей жазба ескерткіштері» деп атайды. Бұл жазуларды скандинавиялық руна жазуына ұқсас болғандықтан «Руна жазуы» деп атаған. Күлтегін батыр жайындағы дастанның авторы өз дәуірінің аса дарынды ақыны, көрнекті қоғам қайраткері Иоллығ тегін (8 ғасыр). Ол- Білге қағанның ұлы. «Күлтегін» жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды.

Көне түркі жазуы XI-XII ғасырдан кейін қолданылмайды.Себебі түркі жазуын араб емлесі ығыстырып шығарды.

 

(Уақыт берілді, оқушылар өздерінің жазған ойларын оқиды). 


- Уақыт өтті, оқушылар. Менің сіздер оқыған мәтінге қосар мәліметтерім бар, тақтаға назар аударыңыздар (тақтада видеоматериал көрсетіледі, мұғалім қосымша түсіндіріп тұрады, 7 минут).
 

Есіңде сақта! (слайдта көрсетіліп, түсіндіріледі, 3 минут).


  • Білге қаған- Шығыс Түрік қағандығының қағаны, Күлтегіннің туысы. Ол билеген кезде қағандықтың іргесі берік, күшті мемлекетке айналды.

 

  • Күлтегін- Қапаған және Білге қағандар дәуіріндегі түркілер мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшы. Құтылық қағанның ұлы, мемлекетті нығайту үшін көптеген жорықтарға шығып, қабілетті қолбасшы атанған. 

 

  • Тоныкөк- Түрік қағанатының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. VIII ғасырда өмір сүрген. Елтеріс, Қапаған, Білге қағандарға кеңесші болған. Ол-түркі халқының жауынгерлік даңқын әлемге танытқан аса ірі қолбасшы. Ең жоғарғы әскери дәреже-Апа Тар Хан (түркі әскерінің саяси жетекшісі) мәртебесіне ие болған. «Тоныкөк» жырының авторы

1. «Елу жылда ел жаңа» деген мақалдың мәні қазіргі өмір үшін қаншалықты маңызды деп ойлайсыз? Өз пікіріңізді эссе түрінде жазыңыз. Көлемі – 110-120 сөз.

2. Эсселеріңізді жетістік критерийлері бойынша тексеріңіз. Жұбыңызға кері байланыс беріңіз.


Дидактикалық материалдағы жетістік критерийлері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет