Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Мазмұнға байланысты - ақын шығармасын оқи отырып, композициялық құрылысымен танысу, шығарманы оқи отырып, ой тереңдігін, тіл шеберлігін сипаттайды
Бағалау критерийі
Оқушылар еркін ойлауын,дүниетанымының кеңіп,рухани өсуін іске асырады.
Шығармашылық дамуына өзіндіңк талпыныс жасайды.
Тілдік құзіреттілік
Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті
Ресурстар
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»
Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.
«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.
1-топ:
Жазушылар
2-топ: Зерттеушілер
3-топ: Суретшілер
«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам.
Жаңа білім
10 минут
Қазынам бар,
Қисапсыз шектеледі.
Қызғанады біреулер, жек көреді.
Бермеймін де, сатпаймын, көрсетпеймін,
Алам десең, алдымен, зертте мені - деп жырлап кеткен Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 13 наурызда
(куәлікте 9 ақпан деп жазылған) Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген.
Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали. Бірақ «пайғамбар атын алып жүру жас балаға ауырлық етеді»
деп есептеген ата - анасы оны кішкентай күнінен «Мұқағали» деп еркелетіп атап кеткен. Үйдің тұңғышы
болғасын ба, Мұқағали Тиын әжесіне табиғи болып, анасын жеңге есебінде санаған.
Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,
Ақ кимешек жоғалса... нені көрем?- деп өзі жырлағандай, өр мінезді, айбынды әжесін ерекше құрметтеген.
Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт болмаған. Ол өлең боп өмір сүрді, өлең боп өмірден өтті.
10 жасынан бастап соғысқа кеткен әкесін сағынып өлеңдер жазған.
Мұқағали мектеп қабырғасында оқып жүргенде өлең жаза бастаған. Ол 10-ыншы сыныпты интернатта бітірген Мұқағали әртүрлі салада қызметтер атқарады:ауылдық кеңестің хатшысы,мектеп мұғалімі,комсомол қызметкері
М.Мақатаевтың ең бірінші жазған өлеңі “Қойшы бала Әкітай”. Бұл өлеңде ақынның өз өмірі суреттеледі. Ақынның тірісінде үш аудармасы жарыққа шықты. Оған Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығы берілді, сондай-ақ “Ғасыр ақыны” атағы да берілген.
Сұрақ – жауап әдісі арқылы оқушылар бір-бірінің
білімдерін тексереді.
— Мұқағали Мақатаев кім?
- Мұқағали Мақатаев ең бірінші ақын дейміз, сосын драматург,
сатирик, публицист, жазушы,
аудармашы, ұстаз, журналист деп атап өтеміз.
— М.Мақатаев қай жылы, қайда туған?
— Ол әкесінен неше жасында жетім қалды?
— Оның қандай өлеңдерін білесің?
— Қай жылы мемлекеттік сыйлықты алды және қандай
кітабы үшін?
— 2000 жылы15 желтоқсанда мемлекеттік сыйлық берілді
және «Аманат» кітабы үшін.
Оқулық,
мәтіндер.
Ортасы
10 минут
І тапсырма: «Кім көп біледі?»
Оқушылар М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет жинайды.
Үш топ та жинаған мәліметтерін оқып басқаларға таныстырады. Мәліметтерді айтып болған соң, әр топтан бір оқушы шығып ақынның өлеңдерін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жатқа айтады.
ІІ тапсырма «Суреттер сөйлегенде» (Әр топтан 1 оқушыдан шығып, басқалар өлеңдерге талдау жасап жатқанда, ақынның өлеңдерінің біріне сурет салады)
ІІІ тапсырма Шығармашылық жұмыс Тақтада бірнеше тапсырмалар ілінеді. Әр топтан бір оқушы шығып, берілген тапсырмаларды жұп болып орындайды
Ақынға арнап өлең жазу.
Ақын болу оңай емес , қарағым,
Аузында болу бұл, ашылған әрбір жараның
Хат жазу.
Болашаққа арыз жазып кетейін...
«Ақ кимешек көрінсе» өлеңіне эссе жазу.
Эссе тақырыбы: Өз өміріңіздегі әжелерді М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстырыңдар
(Қалған оқушылар оқулықпен жұмыс істейді)
ІVтапсырма. Ақынның оқулықтағы өлеңдеріне СКТ жасайды.
1топ «Бабаларым, рақмет сендерге» өлеңі
1.Авторы: М.Мақатаев (1931-1976)
2.Тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық құндылықтары туралы
3. Жанр түрі: поэзия
4. Идеясы: Келешек ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге , ұмытпауға уағыздау
5.Шумақ саны: 5
6. Тармақ саны: 26
7. Бунақ саны: 3
8. Буын саны: 11
9.Ұйқас түрі: ( а-а-б-а) қара өлең ұйқасы
10. Әдеби- теориялық ұғымдар
10.1 Троп-
а) эпитет – мылқау болып келгенде, қорқынышты мұң-зар, ашпай кеткен сырлар,құлазыған ,құла түз, жазылмаған тарих,тасқа түскен таңба,тастап кеткен аңыз
ә)теңеу- тарихымдай ардақтап
10.2 Фигура
а) қайталау
11. Түсіндірме сөздік:
12. Өлеңнің тәрбиелік мәні: Ұлттық құндылықтарын ұрпаққа қалдырған бабалар есімін ардақтау
2топ «Жаңбырда»
« Жаңбырда» өлеңі СКТ
1.Авторы: М.Мақатаев (1931-1976)
2.Тақырыбы: Жастық туралы
3. Жанр түрі: поэзия
4. Идеясы: Жастық дәуірді ардақтау
5.Шумақ саны: 4
6. Тармақ саны: 19
7. Бунақ саны: 3
8. Буын саны: 11
9.Ұйқас түрі: а-а-б-а қара өлең, а-б-а-б шалыс ұйқас
10. Әдеби- теориялық ұғымдар
10.1 Троп-
а) эпитет – жақсы едің, жан құрбым,, ақ жүзің, құлын мүсін қылықтым, сынық жүз, күз аспаны бұлыңғыр, адасқан құлын, қара нөсер
ә)теңеу-
б) метафора- құлын
10.2 Фигура
а) қайталау Еңіреп тұр күз аспаны бұлыңғыр,
Бұлыңғырда адасқан бір құлын жүр-еспе қайталау
11. Түсіндірме сөздік:
12. Өлеңнің тәрбиелік мәні: Жастық дәуірді ардақтап өткізу
3топ «Ақ кимешек көрінсе» өлеңі СКТ
1.Авторы:
2.Тақырыбы: Отбасы тәрбиесі туралы
Жанр түрі: поэзия 4. Идеясы: Қазаққа ұлттық тәрбие беретін әжелерін аңсау 5.Шумақ саны: 5 6. Тармақ саны: 20 7. Бунақ саны: 3 8. Буын саны: 11 9.Ұйқас түрі: (а-а-б-а )қара өлең ұйқасы, (а-а-а-а )шалыс ұйқас 10. Әдеби- теориялық ұғымдар 10.1 Троп- а) эпитет – ақ кимешек,таныс дауыс, таныс сөз, таныс мәсі ә)теңеу- оттай басылып
б) метафора- ақ кимешек
10.2 Фигура
а) қайталау
Түсіндірме сөздік: 12. Өлеңнің тәрбиелік мәні: Ұрпаққа тәрбие беретін әжелердің маңыздылығы
(ІІ тапсырма «Суреттер сөйлегенде» ақын өлеңіне салған суреттерін баяндап беру )
ІІІ тапсырма Шығармашылық жұмыс. Оқушылар жұппен орындаған тапсырмаларын оқып, таныстырып өтеді.
Шығармашылық жұмыс
Қазақстан мен Ресей мемлекетінің қарым-қатынасына байланысты суреттер көрсету.
Қазіргі кездегі екі мемлекет арасындағы қарым –қатынас туралы тұжырым жасау
1.Біз бүгін қандай тақырып өттік, нені білдік?
2.Өлеңмен таныса отырып қандай сезімде болдың?
3.Өлең саған қалай әсер етті?
4.Өлеңде заманның қандай жағымсыз жақтары суреттелген?
5.Қарапайым халыққа осы жағымсыз жақтардың қандай қаупі болды?
6. “Заманның бұзылуы” дегенді қалай түсінеміз?
7.Бүгінгі таңда заманның бұзылу белгілері ортамызда бар ма? Біз оған қалай қараймыз?
«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі
Бағалау
5 минут
Кері байланыс
3 минут
Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.
Оқушының аты-жөні
«Жария
лау» әдісі
«Салыстыру кестесі»
«Ыстық орын
дық» орындық әдісі
«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі
Балл
«Рефлексиялық шеңбер»
Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?
Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
Сабақта қандай қиындықтар туындады?
Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?
SWOT - талдау
*Топқа бөлгендегі психологиялық жағдайдың оқушылардың көңіл күйіне жағымды әсері.
*Топпен жұмыс істеу барысында оқушылардың бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынастың орнауы.
*Оқушылардың өз пікірлерін ашық айтуға дағдылануы.
*Өткен тақырыпты қазіргі өмірмен байланыстыруға деген оқушылардың талпынысы
* Жекелеген оқушылардың сабақта белсенділік танытпауы.
* Уақытты тиімді пайдаланбауы.
* Ортақ пікірге келе алмауы.
Мүмкіндіктері
Қатерлері
*Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әдіс-тәсілдерді түрлендіру қажеттілігі
* Өз бетінше білімді меңгеруді ұйымдастыру
*Дарынды және талантты балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстарын ұйымдастыру
* Бағалау барысында нақты баға бере алмауы.
* Әр оқушының пікіріне деген топтың ортақ көзқарасының жеткіліксіздігі.
Бағалау парақшасы
Рефлексиялық шеңбер
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?