Сабақ : №1 Мектеп: Күні: Мұғалім: Сынып: 8


І. Тірек сызба бойынша әңгімелеу: 1-топ – Ақын өмірі; 2-топ – Ақынның білімі; 3-топ – Ақын шығармалары. ІІ



бет123/145
Дата07.02.2022
өлшемі17,88 Mb.
#87220
түріСабақ
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   145
Байланысты:
8 сынып адебиетКмж (1)

І. Тірек сызба бойынша әңгімелеу:
1-топ – Ақын өмірі;
2-топ – Ақынның білімі;
3-топ – Ақын шығармалары.
ІІ. Мұғалім алдымен жаңа сөздермен таныстырады. Сөздерге қарап өлеңнің не туралы екенін болжатады.
Ерсі – дөрекі, әдеп ережесіне сай емес
Дүрбелең дүние – тынымсыз өмір
Беймәлім – белгісіз
Жаралу – дүниеге келу, пайда болу
Сему – солу, құрау, өлу
Жармасу – бір нәрседен ұстау
Қасқайып – қаймықпай, тайсалмай.
Оқушылардың назарын суретке аударады:
1)Бұл қандай ағаш? Оны қандай сөздермен сипаттауға болады?
2)Бұл ағаш қанша жыл өмір сүреді?
3)Қайыңның жаны бола ма?
4)Қайыңның жүрегі бар ма? Болса ол қайда орналасқан деп ойлайсыңдар?
5)Қайың жапырақтары неге ұқсайды?
6) Сенің қайың болғың келе ме?
Балалар, ақынның өзіне құлақ түрейік:
(Компьютерден ақынның «Өмір сүрейік алмасып...» өлеңі тыңдалады)
Оқушылардың өздеріне іштей мәнерлеп оқуға тапсырма беріледі.
1)Өлең кімге арналған?
2)Өлеңде қандай қаратпа сөз жиі қолданылады?
3)Ақын өлеңде қандай өтініш айтады?
4)Ақынға қайың не себепті ұнайды?
5) Ақын неге қайың болғысы келеді?
6) Ақын ме қайыңның арасында қандай ұқсастықтар болуы мүмкін?
7) Ақын қайыңға қандай сезімдерін жеткізеді?
Т.Ахтановтың «Күй аңызы» атты шығармасында күйдің құдіреттілігі, қасиеттілігі сөз болады. Адам тілмен жеткізе алмағанды күй өз құдіретімен жеткізеді. Бұған тағы бір дәлел, «Ақсақ құлан Жошы хан» аңызы. Жошының өлімін Кетбұға күйші күйі арқылы етіртеді. Бұл күйдің қасиеттілігі, күйдің құдіреттілігі болса, бүгін біз құс төресі – аққудың қасиеттілігі мен киелілігі туралы өтеміз. Осы тақырыпта жазылған М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасымен танысамыз.
Алдымен шығарманың авторы туралы қысқаша мағлұмат алайық. /слайд/
Болжау стратегиясы арқылы қара сөзбен түсіндіріп өту
І бөлімде Жетімкөлдің сұлулығы суреттеледі. Таң ата бастағанда, таудың басы алаумен боялғанда қанатынан аққудың оянатын. Аққулар Жетімкөлін түгендеп келетін. Көкқұтандар тәрізді жалп беріп бірден келіп қонбайтұғын. Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын. Аққулар аман-есен қайтқанынша бұл көлге мылтық алған саятшы тұрмақ тірі жан аяқ баспайтұғын. Аққулар аман-есен қайтқанынша Жетімкөлдің суына шөлдейтұғын. Суымен сырқаттарын емдейтұғын. Тұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан осындай дәстүр қалыптасқан-ды. Алайда, жылдар өтті, байғұстар шошыған ба? Жетімкөл жетімсіреп қала берді, аққулар оралмады осы маңға.
ІІ бөлім. Төсекте албырап ауырып жатқан бала, еденде қалжыраған әке, шарасыздан шаршаған, жаудыраған, түн күзетіп отырған ана.
Бала жатыр төсекте күйіп-жанып,
Баласының ана отыр күйінбағып.
Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар
Миын қарып барады, миын қарып.
Бір уақыттарда байғұс ана төрт бүктеліп еденде жатқан жарына тіл қатып:
•Мана күндіз, тәуіп шал не деп кетті?!
Әлде өтірік, әлде шын жөнеп кетті.
«Аққуменен баланы аластаңдар», - демеді ме? Неткен жансың санасыз жаратылған, тұрсаңшы таң атуға таяу қалды. Манағы тәуіп шалдың айтқаны ұмытылып кетті ме санатыңнан, - деп жарын Жетімкөлге жұмсайды. Неге?
біреудің көзіне түсіп қалып, елді дүрліктірмей Таң атқанша Жетімкөлге таң жамылып барып қайт дейді. Қалай ойлайсыңдар ары қарай не болды?
Алайда әке қалай барам, аққу құсты қалай ғана атам? Айдынның аққулары ұйықтағанда тіпті өрген мал мен өскен шырша да абайлаған. Барлығы қасиеткеқарайлаған. Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам,-дейді. Перзентін аман алып қалудан басқаны ойламаған ана не істейді?
•Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!
Балам өлсе, бақыттың керегі не?! –деп мылтықты алып, атты ерттеп жолға шығады.
Тамсандырған тамыздың таңы да атты. Аққулар көл бетінде ұйықап жатыр тербетіле. Ана отыр жағада, таңданып тәкаппар құс келбетіне. Аласұрып, тамырында қан ойнап, ана-жүрек тыпыршып қабынуда, не қыларын біле алмай жабығуда.
Аппақ құс, аппақ айдын, аппақ нұр.аппақ нұр аппақ нұрға қосылады. Осы кезде ұйқысы аққулардың ашылады, сұлулығына сұқтанып, әлі қашып, ана-жүрек солқ етіп, басылады.
Ал, аққулар...
Аққу-мойын, сүмбе-қанат,алаңсыз тарануда күнге қарап. Жаны сұлу ақ ерке, ары сұлу, тарақ етіп тарайды, қауырсынын, құм тұрса да бір түйір ауырсынып. Жаны сұлу ақ ерке, ары сұлу ақ қанатын сабалап, асыр салып бірде суға сүңгиді басын салып.
Бір мезгілде аққулар ақ айдынды қалдырды да, ана отырған келеді жағалауға. Ана өзі көрген сұлулықты қимай отыр, қимай отыр, ауру бала ананы қинап отыр. Ары қарай не болуы мүмкін? Топ аққуға көзі тұнып бейбақ ана, білмей қалды мылтықтың атылғанын.
Айдын көлін аққулар қия алмай жүр,
Сан айналып, сұңқылдап ұшты –дағы,
Сапар жолға мезгілсіз түсті дағы,
Бетін түзеп, батықа бағыт алып,
Қарғыс атқан мекеннен қашты бәрі.
Қош айтысып көлменен ұшты бәрі.
Көл бетінде көлбеңдеп жаралы аққу,
Ұша алмайды, ұшпақ боп күш қылады.
Сыңар қанат сынық құс байлауда тұр,
Тағы бірі айдында жайрап жатыр.
Қан аралас қалқыған мамығымен,
Жетімкөлдің толқыны ойнап жатыр.
Қасиетке оқ атып, сұлулықты жойған пақыр не істерін білмей жағада сүлесоқ күйде отыр.
ІІІ бөлім – жетімкөлдің басында жылқы баққан жылқышы : «Апыр-ай, таңсәріде, көл басында мылтық атқан, құстардың зәре-құтын шырқыратқан бұл қандай қаныпезер болды екен»,- деп шыдамай, атына қамшы басып көлге келеді. Көлге келіп, бұл жердің берекесін қашырған әйелден жөн сұрайды. «Ей,кімсің? Тірісің бе? Жаның бар ма? Аққуды неге атасың арың бар ма? Қаруыңды таста да, жақын кел кудеңде жаның барда»,-дейді. Қолындағы мылтықты құлаштап тұрып Жетімкөлге лақтырып жіберіп,Сорлы әйел көзінен жас, көңілінен зар төгіп болған жайтты баяндайды. Қарт әйелдің сөзін тыңдап болады да: «Болмады ғой, болмады ғой,
Қасиет кетті көлден сорлады ғой, тәуіптің айтқанынын бәрі өтірік ауылға қайт олжаны қой. Ең болмаса аққуға кезенерде, ырым қылып саусағыңды қанаттың ба? Жасымнан естіген ем Аққуға мылтық атқан оңбайды деп»,-дейді. Әйел ондай ырым жасамаған еді.
Жетімкөл жетімсіреп қалып қойды,
Бір өлі, бір тірі аққу айдында,
Бар өмірден көңілі шайлығуда,
Байғұс ана еркінен айырылуда.
Дәл осындай күй кешіп келеді ана, абыр-сабыр, үй маңы дүрбелең-ді.
Неге?
Көз алдына Жетімкөл, жағадағы аққу елестеп, ана үйіне енсе, өліп жатқан ұлын көреді.
Ақ төсек – аппақ айдын, аққу – бала,
Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?...
«Мына жатқан Жетімкөл, мына аққуды,
Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа...
Жоқ!
Мен емес... мен атпадым...
Кеше гөр, кешіре гқр жаратқаным?!»
Ғазиз ана, ербеңдеп екі қолы,
жиылған жұртқа қарап алақтады.
Орнында екен Жетімкөл жоғалмапты,
Ортаймапты немесе тола алмапты.
Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,
Қасиетті аққулар ....? оралмапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет