«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі
Бағалау
5 минут
Кері байланыс
3 минут
|
Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.
Оқушының аты-жөні
|
«Жария
лау» әдісі
|
«Салыстыру кестесі»
|
«Ыстық орын
дық» орындық әдісі
|
«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі
|
Балл
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Рефлексиялық шеңбер»
Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?
Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
Сабақта қандай қиындықтар туындады?
Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?
Үй тапсырмасы:1.Шалкиіздің өмірі мен шығармашылығы. «Би Темірге бірінші толғауын» мәнерлеп оқуға,талдауға.
|
Бағалау парақшасы
Рефлексиялық шеңбер
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
|
Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
|
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
| | | |
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|
САБАҚ: сабақ
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 8
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Мұрат Мөңкеұлы
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру (8.А/И1
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: Мұрат Мөңкеұлының толғау – дастандарының мазмұнын меңгерту, ақын шығармаларынан игерген білімдерін тың мәліметтер беру арқылы тереңдетеді
Оқушылардың көбісі: өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру, танымдық белсенділігін арттыру, тіл байлығын дамытады.
Оқушылардың кейбірі: Ұқсас шығармалар бойынша өз пікірлерін ортаға салады
|
Бағалау критерийлері
|
Шығарма эпизодтары мен бейнелерді біледі
Ұқсас екі шығарманы салыстырады
Ойларына дәлел келтіріп айтады
Мұрат Мөңкеұлының толғау – дастандарының мазмұнын меңгеріп өмірмен байланыстыра біледі.
Өз ойын, аз сөзбен түйіндеуге, пікір айтуға дағдыланады, шығармашылық қабілеттері мен білімдерін кеңейтеді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пән лексикасы және терминология: Айтыскер ақын, жырау шығармалары арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, ақын көтерген тағылымды дүниелерден үлгі – өнеге алуға шақыру Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: Менің ойымша...;Салыстыра қарғанда...; Өмірмен байланыстыратын болсам...; Бұл оймен келісемін/ келіспеймін, себебі...
|
Құндылықтар
|
Құрмет, ынтымақстастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық.
|
Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу
|
Әр адам жеке тұлға
|
АКТ дағдысынқолдану
|
Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.
|
Сабақтың түрі
|
Шығармашылық сабақ
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
|
Дереккөздер
|
Сабақтың басы
|
Қызығушылықты ояту
Оқушылар топта төмендегі кестені сәйкестендіріп шығады және дұрыс жауаппен салыстырады. Салыстырудан кейін жұмыстарына байланысты өз пікірін білдіреді.
Сұрақтар:
Шалкиіздің өмір сүрген жылдары (1465-1560)
Жырау шығармашылығында қандай толғаныстар көп? (адамгершілік жайындағы)
Шалкиіз жырының басты тақырыптары қандай? (ел бірлігі, ынтымағы)
Шалкиіздің «Қоғалы көлдер..» ары қарай? (құм сулар
|
|
Сабақтың ортасы
|
Мағынаны тану
«ЖИГСО-2» әдісі Мұрат Мөңкеұлының өмірі туралы түсінік. Ақын өмір сүрген кезең.
Мұраттың арнау өлеңдері, олардың тақырыптары.
Ақынның сұлулық тақырыбына арналған өлеңдері, мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіндіру.
Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) - айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген. Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен.
Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады
«ВЕНН диагарммасы» тәсіліарқылы жыраулар исін салыстыру
«Үш қиян» шығармасы бойынша талдау жұмыстары.
Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері.
Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады.
Оқулықпен жұмыс жасау. Үзінділерді талдау.
І топ 1. «Мұрат –дауылпаз ақын, жырау, ел мұңын жырлаушы» екендігін дәлелде.
Оқушылар өз бетінше кітаптан оқып, берілген тапсырманы орындайды.
2.Мұраттың өлеңдерін мәнерлеп оқу.
ІІ топ 1. Мұрат – жыршы. Қандай жырларды жатқа білген?
2.«Қарасай-Қази» жыры туралы айт.
ІІІ топ 1. Мұрат – айтыскер ақын. Суырыпсалма ақын.
в) Талдау кезеңі
І «Жыраулар» тобы
«Сарыарқа» өлеңінің шығу тарихы жайында баянда.
«Сарыарқа» өлеңінің шығу тарихы
Ел ішіндегі әңгімеге қарағанда «Сарыарқаның» жырлану тарихы былай айтылады: 1878-79 жылдың жұтында Мұрат жалғыз түйесін жетелеп, үй-ішін алып Маңғыстауға кетіп, нағашы жұртын паналайды. Мұраттың айтулы ақын екенін ел біледі. Адайдың қызба жігіттері: «Мұрат айтқыш дейді,сонысын байқап көрелік, өзіміздің Аралбаймен, Қашаған¬мен айтыстыралық. Мұрат өз ауылын¬да жүргенде елін, жерін, Берішін мақ¬тап дес бермейді дейді. Енді несін мақтай¬ды, жұтаған елін мақтай ма? Қаңғып келіп біздің елден күн көріп жүр, енді айтыстыр¬сақ, ол жеңіледі, дандайсуын қояды» деп ел арасына сөз жүгіртеді. Мұрат мұны естіп бір кезеңі келер деп іштей ширығып жүреді. Осыны сезген үлкендер: «Мұндай әңгімені қойыңдар, Адай-Беріш әрі ағайын, әрі мұңдас елміз. Мұрат әрі қонақ, әрі жиен. Нағашы мен жиеннің арасындағы айтыс насырға шауып, арты жақсылыққа апармауы мүмкін, тек жүріңдер» деп қойғызады.
Сөйтіп жүргенде Адай елінің үл¬кен жиы¬ны болады. Айтушылардың әңгімесіне қарағанда, тоғыз болыс ел жиналады. Жиын басталарда үлкендер: «Алдымен ақындарды сөйлетейік» дейді. Сонда елдің Матжан деген атақты ақсақалы: «Оларың дұрыс болар. Алдымен сөзді әрі жиен, әрі қонақ Мұратқа берелік. Елін, жерін сағынып жүрген болар немесе біздің елдің жігіттерінің сөзі тиіп жүрген болар, өз ақындарымызды кейін көрерміз» дейді. Ел мұны мақұлдайды. Сонда іштен тынып ширығып жүрген Мұрат осы «Сарыарқасын» жырлайды. Мұраттан кейін ешкім сөйлемей жиын жалғасып кетеді. Бұл толғау осылайша туады. Сонда бұл дастан 1880 жылы жырланған екен. Х.Досмұхамедов осыны қуаттайды.
«Сарыарқа» жыры өткен заманды еске алып, сонау Асанқайғыдан бас¬тап ата қонысты тастап, озбыр елдің басқыншылық әрекетінен ауа көшіп, жылы орындарынан қозғалғандығын ашына айтады.
Әуелі жеңіп орыс Еділді алды,
Сарытау, Аштарханның жерін де алды.
Артынан Еділден соң Нарынды алды,
Торғайдың ағаш, қамыс, талын да алды…
Тәмамы су мен нуды орыс ұстап,
Қазақтың содан жұтап шалынғаны.
Қуалап Исатайды өлтірген соң,
Заманның содан бері тарылғаны.
Ерлерге ерегіскен не қылмады?
Ерлігі Махамбеттің бір қазақтай,
Оны да аңсыз жерде жазымдады.
Осы жолдардан Ресейдің жылжып-жылжып қазақтың ішкі қоныстарына енгендігі, соған қарсылық жасаған ¬Исатай сияқты батырларды өлтіргендігі ай¬қын да нақты көрінеді. «-Ерлерге ерегіскен не қылмады», «Ерлігі Махамбет¬тің бір қазақтай оны да аңсыз жерде жазымдады» деген жолдарда ерлерді қыруды қарудың күшімен жалғастырғаны айтылады.
Ақын осы жырының былайғы тармақтарында қазақ елінің озбырлардан көрген қорлықтарын жалғастыра береді.
Өзінің елінен көшкендігінің салдары да сол қиянаттан және оған қосымша «Жұт қоянның» әсері екендігін жыр етеді. Елін сағынған ақын көкірегінен мынадай әсем поэтикалық жырлар төгіледі:
Біздің ел қайтушы еді Сағыз жайлап,
Тепсеңге суы шыққан бие байлап.
Қызыл шай, жез самаурын, саздың суы
Сәскеде пісуші еді әзер қайнап.
Шынаяқ, алтын кесе, күміс қасық,
Қилаңдар құюшы еді көзі жайнап.
Тұяғын қалдырмады жалғыз тайдың,
Алланың құдіретіне шараң нешік
Құдайым жалғыз жылда қылды мұндай
Алланың құлы болсаң бізге күлме,
Тап болар тасқан елге мұндай ылаң.
Елдің жайбарақат тұрмысын еселеп айта келіп, қысқа да болса бейбіт, тыныш тіршілікті орыс пен «қоянның» жұтатқанын «Тұяғын қалдырмады жал¬ғыз тайдың», «Алланың құдіретіне шараң не¬шік, Құдайым жалғыз жылда қылды мұндай», «Алланың құлы болсаң бізге күлме, Тап болар тасқан елге мұндай ылаң» деп көрсетеді.
Бұл жолдардан Адай еліне Мұраттың көшіп баруының себебін баяндағаны көрінеді. Елдің ауыр тұрмысы, Жайық бойы мен Нарын құмының халсіз күйі көз алдымызға елестейді.
Жырдың терең мәнді бейнелеулерінде халықтың ауыр тұрмысы, өзге жұрттан келген зардап, елдің зары естіледі.
ІІ «Айтыскерлер» тобы
«Қыз» өлеңінің шығу тарихын баянда
«Қыз» өлеңінің шығу тарихы
Тыныштықпен айтысы Қызылқоға ауданында болады. Бірде Мұрат Шеркеш руының қыз ұзату тойына шақырылады. Мұнда ол Тыныштықпен айтысады. Сөзді Мұрат бастап, сөзінің соңында былай дейді:
Кемпірмен елудегі айтыс деген
Шеркештер, қорлық көрдім осыныңды-ай.
Тыныштық Мұратты «тентіреп жал¬ғыз жүресің» деп мін таққысы келеді. Мұрат халқым аман болса мен жалғыз бол¬маймын, мен келгенде сый-құр¬мет¬терің маған дайын дегенге келтіріп сөз айтады. Екі ақын да бір-бірінің руларының кейбір адамдарының жасаған іс-әрекеттерін айтып, бір-бірінің бетіне басады. Тыныштықтың тілі тигеннен кемшіліктерін тізбектеп кеттім деп, Мұрат шеркештерден кешірім сұрайды. Бұған Тыныштықтың жауабы болмайды. Айтыстың аяғында Мұрат ұзатылмақшы болып отырған қызға өзінің арнауын айтады.
Бұраңдап ақ моншақтай керілген қыз,
Оздырдың салтанатты еліңнен, қыз.
Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе,
Реңкің сары алтындай көрінген, қыз.
Шай ішіп самаурыннан сәске түсте
Керіліп әрең тұрасың төріңнен, қыз.
Қосшы ертіп, үкі қадап, жорға мініп,
Көшкенде салтанатың көрінген, қыз.
Дәулеттің қалың қара арқасында
Асқан жоқ қатар-құрбың өзіңнен, қыз!
Бұлаңда дәурен өтпей басыңнан, қыз,
Сүйегің жаратылған асылдан, қыз.
Лебізің, сөзің – шырын, маржан – тісің,
Кеткісіз келген адам қасыңнан, қыз.
Адамның жалғаншыда арманы не,
Өзіңмен дүниеде қосылған, қыз.
Сөйлесең сүт шығады тіліңнен, қыз,
Құрбыңа салтанатың білінген қыз.
Басымнан бұ дүние өтеді деп,
Қайғымен тамақ ішпей бүлінген, қыз.
Қамқа бөрік, қамзол, бешпент, алтын ілгек,
Ақ көйлек зер шашақтан кейінген қыз.
Тойдың шапанын өзім алам деп отырған Тыныштықтан Мұрат осылайша озып, өрнекті жырымен ұтып алған болатын. Қыздың шешесі Мұратқа шапан жабады.
ІІІ «Жыршылар» тобы. Берілген өлеңдердің көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.
Көркемдік ерекшелігіне талдау
І Жайық сені қайтейін,
Ағашың абат көрінген,
Жапырағы жерге төгілген
Жапырағы жасыл алқа қамқадай,
Бұтағы бұрама күміс алқадай,
Баттауығы білектей,
Боташығы жүректей,
Балдырғаны соққыдай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығының көптігі –
Суына жылқы жаптырмас...
Шырмауығының көптігі –
Шөккен түйе таптырмас
ІІ Дұшпан – тазы, біз – түлкі,
Қашсақ ерікке қоймайды,
Інге кірсек, суырып,
Бір пәлеге жолықтық.
Құлғанадай қадалған,
Бұл не деген ғаламат,
Қазынасы кең қүдайым,
Сақтағайсың саламат!
Бағалау критерийі
|
Дескрипторлар
|
Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерге салыстыру жұмысын жүргізеді
|
«Мұрат Мұңкеұлы» тақырыбындағы эпизодтар мен бейнелерді өткен тақырыптағы жыраулардағы эпизод пен бейнелер арқылы салыстырады
|
Ойларына шығармадан дәлел келтіріп айтады
|
Бағалау. «Микрафон» әдісі. Мұғалім жеке оқушыларға микрафон ұсыну арқылы топтарды бағалау критерийі арқылы бағалатады және ұсыныстар айтқызады.
|
|
Сабақтың соңы
|
«Жұқа, қалың сұрақтар» әдісі бойынша сұрақтар қою. 1. Мұрат толғауларындағы ел – жұрт басына түскен ауыртпалық.
2. Туған жерді қорғауға, ерлікке шақырған толғаулары.
«Сюжеттік кесте» әдісі
Кім? Нені? Қайда?
Не істеді? Осы сұрақтарға жауап жазу.
Топтар өзара бір-біріне сұрақ қояды.
Сұрақтарға жауап бере отырып, төрт сөзден тұратын сөйлем құрайды
«Мұғалімге хат», «Эссе» жазу
Түсінбеген сұрақтарын мұғалімге хат арқылы жолдайды. Бүгінгі сабақ туралы эссе жазады
Кері байланыс.
Үйге тапсырма: ««Күлтегін» шығармасын әсерлі етіп тұрған не?» деген тақырыпта сыни шолу жазып келу.
|
Ауызша кері байланыс
|
Қосымша ақпарат
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |