Ж о с п а р
|
Жоспарлау уақыты (минутпен)
|
Жоспарланған іс-әрекеттер
|
Ресурстар
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
|
Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі
1 минут
Үй тапсырмасы
Конструкциялау технологиясы
9 минут
|
Оқушылармен амандасу.
Топқа бөлу. Сыныпты 4 топқа бөлу.
І жазушы тобы
ІІ ақын тобы
ІІІ ағартушы тобы
ІV көсемсөзші
Скрайбинг әдісі арқылы үй жұмысын тексеру. 3 топқа өткен сабақ бойынша берілген арнайы тапсырманы тексеру. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармалаырна байланысты арнайы дайындап алып келген видео скрайбинг жұмыстарын көрсетеді.
|
Интербелсенді тақта
Видео Скрайбинг
|
Презентация
Білу
Қызығушылықты ояту
2 минут
2 минут
|
«Миға шабуыл» әдісін пайдалану арқылы тақтада анаға хат туралы бейнебаян беріледі. Бейнебаян арқылы жаңа тақырыпты ашады.
Бейнебаянды көріп, оған қатысты ойларымен бөліседі. Жаңа тақырып не жайында болатынын болжайды
Міржақып Дулатұлына байланысты бейнебаян көрсету
|
Интербелсенді тақта
|
Негізгі бөлім
1.Түсіну
3 минут
2.Қолдану
5 минут
3.Талдау
5 минут
4.Жинақтау
10 минут
5.Бағалау
1 минут
|
Әр топқа ақын өмірі туралы қосымша мәліметтер беріледі соны топпен түсініп оқып, талдау. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін оқу.
«Бес арыс» деген атпен ел есінде қалған ақын-жазуларымыздың қазақ әдебиетінде алар орны зор. Бірі тұңғыш қазақ әліпбиін жасаса, енді бірі тұңғыш қазақ романын жазып шықты. Одан да басқа артына мол мұра қалдырып кеткен арыстарымыздың елеулі еңбектері ұлан –ғайыр.
Олай болса, бес арыстың мүшелерін тізбектеп шығайық:
Бес арыс
↓
Ш. Құдайбердіұлы
М. Жұмабаев
Ж. Аймауытов
А. Байтұрсынов
М. Дулатов
Бүгін біз М.Дулатов туралы білетін боламыз. Ендеше, бейнебаянға назар аударайық.
М.Дулатов кім? (Оқушылар тақтаға өздері жазады)
|