Міржақып шығармалары Өлеңдері: Алашқа
Зар заман
Мектепке
Елім - ай
Жас қазақ, қайдасың?
Шешенің балаларын сүюі т. б
Әңгімелері: Жазғы кеш.
Оқымысты бала.
Күз.
Қасқыр қысты қалай өткізеді?
Шалдың үш баласы.
Ешкімге жауыздық қылма. т. б.
Роман: Бақытсыз Жамал
Аудармасы: А. С. Пушкиннен
Абу Фирас Шиллер.
Лермонтовтан т. б.
Олай болса, балалар, бүгін біз осы өлеңдердің ішінен өзімізге ең жақын адам ана туралы, анасы балаларын қалай жақсы көретіндігі туралы «Шешенің балаларын сүюі» деп аталатын өлеңімен танысамыз.
Анаға баланың алалығы жоқ - демекші әр ана өз баласын жақсы көреді. Сендерді әрдайым ойлап, үлгілі, әдепті, білімді болғандарыңды қалайды.
«Шешенің балаларын сүюі» өлеңін мәнерлеп оқу. Мағынасын түсіндіру. Оқушыларға оқыту.
Бала дүниеге шыр етіп келгеннен бастап, анасының қасында болады. Біз ана туралы өз ойымызды айтайықшы.
- Ең жақын адам
- Ең қымбат адам
- Тілекші
- Қамқоршы
- Жарық өмір сыйлаушы.
Сөздікпен жұмыс Көз жасын көлдету - қатты жылау.
Төбесі көкке жету - қуану.