Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Әліппе Сабақтың тақырыбы : Елбасы. Еліміздің рәміздері



бет25/42
Дата07.02.2017
өлшемі13,57 Mb.
#8925
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42

IV.Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру,сабақтың мақсатын айту.

Мұғалімнің автор жайлы кіріспе әңгімесі.

«Көрші атам» өлеңін мәнерлеп оқып беру.

Оқу түрлері:

Іштей оқу.

Тізбектей оқу.

Теріп оқу. Мәнін түсіну.

«Сәлем бере білейік» оқып беру.

-Сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөздерді білесіңдер?

«Біздер сәлем береміз» оқып беріп, оқушыларға қайталатып жаттату.

V.Сергіту сәті.

Көк аспанға қараймын,

Кеткен құсты санаймын,

Үшбұрыш болып тырналар,

Көк жүзінде сырғанар.

VІ.Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу.

56-жаттығу.(жазбаша)

1. Өлеңді оқып, көшіріп жазыңдар.

Жаңбыр жауар себелеп,

Жолға шығар ебелек.

Гүлге қонар көбелек,

Атқа қонар бөгелек.

2. Көбелек, бөгелек сөздерінің жазылуын біліп алыңдар.

VІІ.Сергіту сәті.

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім

Оңға, солға бұрылып, .

Егеменді ел көрдім!

55-жаттығу.(ауызша)

1.Сөздерді салыстырып оқыңдар.

ұн – үн тұс – түс құз – күз

ұш – үш сұр – сүр тұр – түр

ұю – үю ұғу – үгу құн - күн



2.Жұптастырып берілген сөздердегі ұ,ү дауысты дыбыстарының өзара ұқсас дыбысталуын байқаңдар.

3. Сөздерді жуан және жіңішке етіп тұрған дауыстыларды атаңдар.

*Өзіндік жұмыс.№7.

VIІІ.Тіл ұстарту.

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болар өзі де.

ІХ. Жаңа материалды пысықтау.Жуан және жіңішке жұп дауысты дыбыстарға мысалдар келтіру.

Х. Бекіту кезеңі: «Көрші атам» өлеңін оқып талдау.Қандай сәлем туралы айтылған?

ХІ.Бағалау.Мадақтау.

ХII. Үйге тапсырма: «Көрші атам»өлеңін мәнерлеп оқып келу. «Біздер сәлем береміз» өлеңін жаттап келу. 57- жаттығу.

Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: Не деу керек? Буын.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға буын туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту. Оқушылардың оқу және сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін дамыту, сөз байлығын арттыру.

Тәрбиелілік:Үлкен кісіні сыйлауға ,әдептілікке тәрбиелеу, дұрыс амандасуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:кеспе әріптер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

ІІ.Психологиялық дайындық.

Күндей жадырап

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Судай мөлдір ,таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.



III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

а)Үй тапсырмасын сұрау:

-Үйге қандай тапсырма берілді?



-Біз бір-бірімізбен қалай амандасамыз, қане көрсетейік. Сәлемдесуге байланысты қандай сөздер білесіңдер?

«Көрші атам» өлеңін жатқа сұрау.

-А-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү-қандай дауыстылар?Олар қалай дыбысталады?

-А-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү-жуан және жіңішке жұп дауыстылар.Олар өзара ұқсас дыбысталады.



IV. Мақсат қою кезеңі:

-Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «буын » туралы болмақ. Буын дегеніміз не?- Қане кім айтады?

V. Жаңа сабақ:

Ереже.Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады: от, ба-ла.

VІ.Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу.

Ырыс ірі

58-жаттығу.(ауызша)

1. Сөздерді буынға бөліп оқу.

Апа, әже, ата,көке, шеше, нағашы,жиен.

Әр сөздегі дауысты дыбыстарды атау.

Суретке қарап әңгіме құрап көрейік.

-Ата және бала.Бала атаға қалай көмектесіп жатыр?

-Дұрыс, жолдан өтуіне көмектесіп жатыр.

VIІ.Сергітусәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.



59-жаттығу(ауызша).

*Мақал-мәтелдерді оқыңдар.

1.Ананың сүті-бал,

Баланың тілі-бал.

2.Күнніңшуағы жылы,

Ананың құшағы жылы.

* Әр сөзде неше дауысты дыбыс, неше буын барын айтыңдар.

VIІІ. Жаңа материалды пысықтау:

Не деу керек?

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді

Ең үлкенін, жақсысын

Саған таңдап әперді


  • Не деп барып , жеу керек?

Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу, айқай

Сен де шықтың ,көршіңді

Қағып кеттің байқамай



  • Мұндайда не деу керек?

Әжең сенің түскі асқа

Қант-кәмпит салды мол

Жұрттан бұрын ыдысқа

Өз бетіңмен салдың қол



  • Жөн еді не айтқаның?

ІХ.Сергітусәті.

Солға, солға тұзу тұр.

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

Х.Бекіту кезеңі:

-Балалар, өлеңдегі сауалдарға жауап беріп көрейікші.

- Бұдан басқа қандай сыпайы сөздерді білесіңдер?

Мақалдар


  1. «Сіз» деген- әдеп,

«Біз» деген- көмек.

  1. Әдепті бала

Ата –анасын мақтатар

Әдепсіз бала

Ата-анасын қақсатар

ХІ. Бағалау.Мадақтау.

ХІІ.Үйге:69-бет. «Недеу керек?» өлеңін мәнерлеп оқу.

Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы:Тымақ Буын.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға буын туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту. Оқушылардың оқу және сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін дамыту, сөз байлығын арттыру.

Тәрбиелілік:Үлкен кісіні сыйлауға ,әдептілікке тәрбиелеу, дұрыс амандасуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:кеспе әріптер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Күндей жадырап

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Судай мөлдір ,таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.



III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

а)Үй тапсырмасын сұрау:

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Біз бір-бірімізбен қалай амандасамыз, қане көрсетейік. Сәлемдесуге байланысты қандай сөздер білесіңдер?

«Көрші атам» өлеңін жатқа сұрау.

-А-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү-қандай дауыстылар?Олар қалай дыбысталады?

-А-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү-жуан және жіңішке жұп дауыстылар.Олар өзара ұқсас дыбысталады.

IV. Мақсат қою кезеңі:

-Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «буын » туралы болмақ. Буын дегеніміз не?- Қане кім айтады?



V. Жаңа сабақ:

Ереже. Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады: от, ба-ла.



VІ.Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу.

Ырыс


58-жаттығу.(ауызша)

1. Сөздерді буынға бөліп оқу.

Апа, әже, ата,көке, шеше, нағашы,жиен.

Әр сөздегі дауысты дыбыстарды атау.

Суретке қарап әңгіме құрап көрейік.

-Ата және бала.Бала атаға қалай көмектесіп жатыр?

-Дұрыс, жолдан өтуіне көмектесіп жатыр.



VIІ.Сергітусәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.



59-жаттығу(ауызша).

*Мақал-мәтелдерді оқыңдар.

1.Ананың сүті-бал,

Баланың тілі-бал.

2.Күннің шуағы жылы,

Ананың құшағы жылы.

* Әр сөзде неше дауысты дыбыс, неше буын барын айтыңдар.



VIІІ. Жаңа материалды пысықтау:

Не деу керек?

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді

Ең үлкенін, жақсысын

Саған таңдап әперді

- Не деп барып , жеу керек?

Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу, айқай

Сен де шықтың ,көршіңді

Қағып кеттің байқамай

- Мұндайда не деу керек?

Әжең сенің түскі асқа

Қант-кәмпит салды мол

Жұрттан бұрын ыдысқа

Өз бетіңмен салдың қол

- Жөн еді не айтқаның?



ІХ.Сергітусәті.

Солға, солға тұзу тұр.

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

Х.Бекіту кезеңі:

-Балалар, өлеңдегі сауалдарға жауап беріп көрейікші.

- Бұдан басқа қандай сыпайы сөздерді білесіңдер?

Мақалдар

1. «Сіз» деген- әдеп,

«Біз» деген- көмек.

2. Әдепті бала

Ата –анасын мақтатар

Әдепсіз бала

Ата-анасын қақсатар
ХІ. Бағалау.Мадақтау.

ХІІ.Үйге:69-бет.«Недеу керек?» өлеңін мәнерлеп оқу.

Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: «Бөрік» (М.Дулатов) 60-61 жаттығу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға мәтіннің негізгі идеясын ұғындыра отырып,Бөрік деген ұғымды түсіндіру.Мәтінді оқып таныстыру, мазмұнын ашу. Мәтіндегі тіркестерді меңгерту арқылы тілдерін дамыта отырып, ойлау,сөйлеу әрекеттерін жетілдіре түсу.

Дамытушылық:Оқушының оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

Тиянақты жауап беруді талап ету, ой өрісін, сөздік қорын молайту.



Тәрбиелілік:Өзара татулыққа, ұжымшылдыққа, басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге үйрету.

Оқыту технологиясы: ақпараттық технологиялар.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: бағалау сұрақтары.

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:

1.Құралдар: интерактивті тақта, компьютер.

2.Көрнекіліктер: слайдты көрсетілімдер.

Пән аралық байланыс: дүниетану, өзін – өзі тану.

Күтілетін нәтиже:

• Ұжымда жұмыс істеуге дағдыланады.

• Сөздік қоры молаяды.

• Жаттығуларды жасау барысында сөздерді буынға дұрыс бөлуге жаттығады.



Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыр кезеңі.

а) Сәлемдесу.

ІІ.Психологиялық дайындық. Тренинг түрінде ( Жақсы көңіл – күй сыйлау)

- Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық.

б) Оқушыларды түгелдеу.

-Балалар, «Білім еліне» саяхатқа шыққыларың келеді ме? Олай болса «Білім еліне» саяхатқа шығу үшін билет алуымыз қажет. Ол үшін балалар сендер өз білімдеріңді көрсетулерің қажет.



ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Ой қозғау!»

1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

2. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

3. Жуан дауысты дыбыстарды ата.

4. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.

5. Сөздің жуан айтылуы неге байланысты?

6. Сөздің жіңішке айтылуы неге байланысты?

7. Сөзде қанша буын болатыны неге байланысты?

8. Сыпайы сөздерді ата.

9. « Не деу керек?» өлеңін мәнерлеп оқы.

-Ал, балалар сендер өз білімдеріңді өте жақсы көрсете алдыңдар. Білім еліне саяхатымыз басталды. Білім елінде көптеген кедергілер кездесуі мүмкін. Сендер ол кедергілерді тек өз білімдерің арқылы ғана жеңе аласыңдар. Балалар, біздің алдымыздан теңіз қарақшылары шықты. Біз олардың тапсырмасын орындаған жағдайда ғана саяхатымызды жалғастыра аламыз. Ал енді, қарақшылар бізге қандай тапсырма дайындады екен қарайық.

IVЖаңа сабақ.

Интерактивті тақтамен жұмыс. 60 – жаттығу (слайд)

Мына сөздерді буынға бөліп оқып, бағандағы тиісті сөздердің астына жазыңдар.

апа көке ұя

.-.. ..-.. .-.

Бала , ана,тәте,шеше,әке,ата, ою, әже, ию,үю,баба,құда,іні.

-Бірінші бағандағы сөздер неше буынға бөлінеді?

-Бірінші буынында неше дыбыс?

-Екінші буынында неше дыбыс?

-Жалғыз дауысты дыбыс буын құрап тұр, ал жалғыз дауыссыз дыбыс буын құрай алады ма?

-Екінші бағандағы сөздер неше буынға бөлінеді?
-Бірінші буынында неше дыбыс?

-Екінші буынында неше дыбыс?

-Үшінші бағандағы сөздер неше буынға бөлінеді?

-Бірінші буынында неше дыбыс?

- буынында неше дыбыс?

-Екі буынындағы да дыбыстар қандай дыбысқа жатады?

-Балалар, сендер қарақшылардың бірінші тапсырмасын өте жақсы орындап шықтыңдар. Бірақ, алда екінші тапсырмамыз бар. Дайынбыз ба?

V.Жұмбақ. (слайд)

Қыста,


Шығарда тысқа,

Құлағы салпақ,

Құйрығы жалпақ,

Төбесi жайпақ,

Түктi маңдайы тайпақ,

Iшi мамық байпақ.

Қара орманды қаптадым,

Сөйтiп жан сақтадым.



(Бөрік)

Сұрақ.

-Бөрік дегеніміз не?

-Ол туралы не білесіңдер?

Бөрік– қазақтың ұлттық бас киімі. Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Оны ерлер де, қыздар да киеді.

Сендер қарақшылардың тапсырмасын өте жақсы орындадыңдар. Саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз.



VІ.Оқулықпен жұмыс.

-Бөрік мәтінін жазған Міржақып Дулатов. М.Дулатов – талантты қаламгер, қоғам қайраткері, ағартушы. ( слайдпен суретін көрсету.

Бөрік (М. Дулатов)

Кішкентай Нұрмаш бір күні басына әкесінің бөркін киіп, « Енді мен үлкен кісі болдым» деп ойлады. Әйтсе де бөрік олай ойламады. Үлкен кісі болғыш Нұрмаштың көңіліне қарамастан, дәл мұрнына түсті. Нұрмаш мұны да елең қылмай, қолына бір таяқ алып, аяқтарын маң – маң басып жүрді. Мұны мал қайырып жүрген Бекбай атай көріп қалып, айғай салды:

-Әй, бөрік! Сен неғып жүрсің? Біздің Нұрмашты қайда алып барасың?

Мәтінді «АС картасының» көмегімен түсіндіру.

«АС картасы»

Нұрмаш


Бөрік

Бекбай атай

1-2 баладан «АС картасына» сүйене отырып түсінік сұрау.

VІІ. Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Алтын жүзік менде жоқ.

Асыл киім менде жоқ.

Күміс белбеу менде жоқ.

Құндыз бөрік менде жоқ.

Екі қолым сенерім.

Аянбай еңбек етермін.

VІІІ. Дәптермен жұмыс.

61 – жаттығу

Мына сөздерді буынға бөліп оқып, бағандағы тиісті сөздердің астына жазыңдар.

ұлан бауыр сая

.-... ..-... ..-.

Атай,қайын,тыю,бесік,ағай,баю,әжей,сая,туған.
-Бірінші бағандағы сөздер неше буынға бөлінеді?

-Бірінші буынында неше дыбыс?

-Екінші буынында неше дыбыс?

-Екінші бағандағы сөздер неше буынға бөлінеді?

-Бірінші буынында неше дыбыс?

-Екінші буынында неше дыбыс?

-Үшінші бағандағы сөздер неше буынға бөлінеді?

-Бірінші буынында неше дыбыс?

-Екінші буынында неше дыбыс?
ІХ. «Есіңе сақта!» айдары.

Бөрік– қазақтың ұлттық бас киімі.



Х. Жаңа сабақты бекіту. Балалар, саяхатымыз аяқталмас бұрын мына сұрақтарға жауап беріңдерші.

Сөзде қанша буын болатыны неге байланысты?

1.Жалғыз дауыссыз дыбыс буын құрай алады ма?

2.Бөрік дегеніміз не?

3.Бөрік мәтініндегі негізгі кейіпкерлер кімдер?

ХІ.Бағалау.

Сергіту сәтімізде балалар бізде күміс белбеу жоқ,құндыз бөрік жоқ деген болатын. Сол себепті бүгін сабағымызға «өте жақсы» қатысқан балаларға – құндыз бөрік, «жақсы» қатысқан балаларға – құлақшын, « нашар» қатысқан балаларға- тақия беріледі



ХІІ. Үйге тапсырма. «Бөрік» мәтінін оқу,мазмұндау.

Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: Буын.Төзім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға мәтіннің негізгі идеясын ұғындыра отырып,төзім деген ұғымды түсіндіру.Мәтінді оқып таныстыру, мазмұнын ашу. Мәтіндегі тіркестерді меңгерту арқылы тілдерін дамыта отырып, ойлау,сөйлеу әрекеттерін жетілдіре түсу.

Дамытушылық:Оқушылардың сабақ барысында ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту.

Тиянақты жауап беруді талап ету, ой өрісін, сөздік қорын молайту.



Тәрбиелілік:Шыдамдылыққа,төзімділікке, басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеугеүйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:

-Балалар , «Бөрік» әңгімесінде Бекбай атай неге бөрікке тіл қатты?

Әңгіменің мазмұнын кім маған айтып береді.



III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

а)сұрақ-жауап:

-А-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү-қандай дауыстылар?Олар қалай дыбысталады?

-А-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү-жуан және жіңішке жұп дауыстылар.Олар өзара ұқсас дыбысталады.

-Сөзде неше дауысты дыбыс болса,қанша буын болады?

-Сөзде неше дауысты дыбыс болса,сонша буын болады.

-Буынға бөлінетін сөздерге мысал келтірейік



IV. Мақсат қою кезеңі.

V. Жаңа сабақ.

ә)Дәптермен жұмыс.

62-жаттығу.Буынға бөлінген сөздерді оқыңдар.Төмендегі сөздерді буынға бөліп,бағандағы тиісті сөздердің астына жазыңдар.

Айна арман пияз

..-.. ..-... ..-..

Жиен,арман,арлы,ұстаз,ойлы,тұяқ,қала,ұрпақ.

Сөз буындарының неше дыбыстан құралғанын айтыңдар.Екі дауыссыз дыбыс қатар келген сөздерді атаңдар.



VI.Сергітусәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.



64-жаттығу. 1.Буынға бөлінген сөздерді оқыңдар.

ерт-те құ-мырс-қа.

...-.. ..-....-..

2.Төмендегі сөздерді буынға бөліп, әр буынның неше дыбыстан құралғанын айтыңдар.

Жұмыртқа,шегіртке, ұртта, айтпа.

3. Қатар келген үш дауыссыз дыбыстың буынға қалай бөлінгенін байқаңдар.



VІІ.Жаңа материалды пысықтау::

«Төзім» мәтіні.

Мұғалімнің оқуы.

Тізбектей оқу.
VIIІ .Сергітусәті.

Солға, солға тұзу тұр.

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

ІХ.Бекіту кезеңі.

Сұрақ-жауап:

1. Аяулы ертегіні неліктен тыңдай алмады?

2.Гүлдана ертегіні қалай тыңдады?

3. Аяулы Гүлданаға неге таңғалды?

4.Әже ертегіні тыңдау үшін Аяулыға не қажет деді?

Х.Бағалау.Мадақтау.

ХІ. Үйге тапсырма: «Төзім» мәтінін оқып,мазмұнын айту.

63-жаттығу.

1. Сөздерді буынға бөліп оқыңдар.

жең-ге бал-дыз а-ян

***-** ***-*** *-**

Жезде,жегжат,сіңлі,ұят,ұял,жұмбақ,құрмет.

2. Мына сөздерді буынға бөліп, бағандағы тиісті сөздердің астына жазыңдар.

3.Сөз буындарының неше дыбыстан құралғанын айтыңдар.Екі дауыссыз дыбыс қатар келген сөздерді атаңдар..

Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы:Буын(й,ң,у).Оқымысты бала.

Мақсаты:

Білімділік:Буынға бөліп оқыту мен буынға бөліп көшіріп жаздыру сияқты жаттығулар орындау арқылы буын жөнінде алған білімдерін тереңдету: й,ң,у дыбыстарының буынға бөлінуі жайында айту;

Дамытушылық:Оқушылардың дұрыс буынға бөлу дағдыларын дамытып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелілік:Өзімшілдік, өзін басқалардан жоғары ұстау, мақтаншақтық, жалқаулық сияқты жат қылықтардан баланың бойын аулақ ұстауға үйретіп, еңбекшіл әрі білімді болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-амалдар: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, іздендіру, жүйелеу.

Көрнекі құралдар: кесте, суреттер, буындар.

Сабақ барысы:

І.Мотивациялық кезең.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Ой қозғау.

Әріп жұмбақтар шешу. (Бұл қандай әріптер?) БУЫН

1.Табада бар,

Танада жоқ.

Сабада бар,

Санада жоқ. (Б)

2.Дабылда жоқ,

Дауылда бар.

Далада жоқ,

Ауылда бар. (У)

3.Қылда бар,

Жүнде жоқ.

Жылда бар,

Күнде жоқ. (Ы)

4.Нарда бар,

Қарда жоқ.

Нанда бар,

Майда жоқ. (Н)

2.Сұрақ-жауап:

- Сөзде неше буын бар екенін қалай ажыратамыз?Мысал келтіру.



Ереже: Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

Мысалы: Ат,а-ға, ша-на.



3.Буынның түрлерін атап, ережесін еске түсіру (кесте арқылы)

, ∆ □

□ ∆

∆ □ ∆


Буын

↓ ↓ ↓


Ашық буын Тұйық буын Бітеу буын

4.Есте сақта!

Бір буынды сөзді буынға бөлуге болмайды!

Мысалы :ай, ән, от, өт, оң, ін, үн, кеш, бор, тас, жүз, қыс, шөп, тас.

5.Буынға бөлу (ауызша)

Орақ, ара, көмір, мысық, алма, орман, құмырсқа, жұмыртқа.



ІІІ.Сергіту сәті

ІV.Операциялық кезең.

а).Жаңа ұғым.

Ереже.й,ң,у дыбыстары екі дауыстының ортасында келсе, онда олар екінші буынның басында айтылады. Мысалы: қа-йық, жа-ңа, та-уық.

V.Дәптермен жұмыс.

Каллиграфиялық жазу.



65-жаттығу. (жазбаша)

1.Кестедегі сөздерді буынға бөліп оқу;

2.Қарамен жазылған сөздерді буынға бөліп жазу.

О-йын-шық, қа-йың, қо-ңы-рау, же-ңіс, а-уыл, ба-уыр.



VI.Дыбыстық талдау.

Қайық, теңіз, ауа.



VII.Сергіту сәті.

VIII.Мәтінмен жұмыс.

1)Сұрақ-жауап

-М.Дулатов кім?Оның қандай шығармасын білесіңдер?

-Қандай адамды оқымысты дейді?

2)Мәтінді оқу (тізбектей)

3)Сөздік жұмысы.

Тырма – шөпті жинау үшін қолданылатын еңбек құралы.



4)Сұрақ-жауап

-Бала аулына қашан келді?

-Қаланың ауылдан айырмашылығы қандай?

-Әкесі баласына қандай жұмыс тапсырды?

-Баласы не деп жауап берді?

-Сол кезде баламен қандай оқиға болды?

- «Оқымысты» баланың бұл қылығын қалай түсінесіңдер? (жалқаулық, еріншектік, мақтаншақтық)

ІХ. Жалқаулық, еріншектік, мақтаншақтық және оқу , еңбек туралы мақал-мәтелдер айту.

Жалқаулық, еріншектік, мақтаншақтық .

Оқу , еңбек.

Жалқаудың ертеңі бітпес.

Екпей егін бітпес,

Үйренбей білім бітпес.



Х.Сергіту сәті.

Ән «Болайықшы осындай».



Каталог: uploads -> doc -> 05d6
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05d6 -> Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті Мектеп: Ақтөбе қаласы, фмб назарбаев Зияткерлік мектебі
05d6 -> Сабақтың тақырыбы: «Филигрань өнері»
05d6 -> Қазақ Әдебиеті нұсқа
05d6 -> Қазақ тілін оқытудағы жаңа бағыттар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет