Сабақ жоспары Практикалық сабақ



бет7/13
Дата29.01.2017
өлшемі1,25 Mb.
#8210
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13


Натюрморт


«Натюрморт» – француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымдыды білдіреді. Оған тұрмыста күнде кездесіп жүретін заттарды, жемістерді, гүлдерді немесе балықтан, түз құстарынан дайындалған алуан түрлі тағамдарды бейнелейтін картиналар жатады.

Натюрморт алғаш рет ХҮІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Ол голландтардың испан басқыншыларымен ұзақ жылғы күресінің нәтижесінде жаңа ғана азаттық алған кез еді. Енді олар жер жүзінің көп теңіздерінде емін - еркін жүзуге мүмкіндік алды. Голландия Европадағы ең бай елдердің біріне айналды. Көп жылға созылған шайқастардан соң адамдар өзін қоршаған ортаны, табиғат сұлулығын бұрынғыдан гөрі зейін салып бақылай бастады. Олар өздерін қоршаған заттарға сүйсіне қарайтын болды. Бұл голланд өнерінің, әсіресе, натюрморттың ерекше көркейген кезі еді.

Елеусіз нәрсенің өзінен елең еткізер сұлулық таба білу голланд суретшілерінің төл мінезі болып алды. Олар өз полотналарында ыдыс - аяқтарды, маталарды, жеміс – жидектерді, шыны бокалдарды күн нұрымен жымыңдасқан қан күрең шарапты ерекше бір сүйіспеншілікпен бейнелейді.


Сөздік
Табиғат – природа

Ұғымды – понятие

Тұрмыста – в быту

Басқыншылар – завоеватели

Қоршаған орта – окружаещая среда

Бақылау – наблюдать


Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:

  1. Натюрморт кімдердің сөзі?

  2. Натюрморт қандай ұғымды білдіреді?

  3. Натюрмортқа қандай картиналар жатады?

  4. Натюрморт қай елде пайда болды?

  5. Адамдар неден соң табиғат сұлулығын зейін салып бақылай бастады?

  6. Голланд суретшілерінің төл мінезі болып не саналады?


Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Берілген сұрақтарды пайдалана отырып, тақырып бойынша өзара әңгімелесіңіздер.

3. Мәтіннен зат есімдерді тауып, құрамына қарай ажыратыңыз.

4. Төмендегі сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз:

құстар, сүйсіне, азаттық, жаппай, дағдылы, тәсіл, басқыншы, табиғат,сүйіспеншілік.



5. Қазақ тіліне аударыңыз:

Натюрморт – изображение так называемой мёртвой природы. Наиболее точным определением для такого жанра как натюрморт, является - застывшая жизнь.Многообразие этого жанра проявляется в различных формах и интерпретациях в изображении предметных композиций. Темы для натюрмортов поражают любителей живописи своим многообразием.

И варьируются от традиционных натюрмортов с цветами, фруктами, дичью, предметами быта, посуды, до аллегорических, тематических и исторических натюрмортов несущих в себе особый философский смысл. Существует особый жанр натюрморта, так называемые натюрморты обманки, в которых предметы изображаются настолько реально, что создаётся иллюзия настоящей жизни. Натюрморт на протяжении многих веков является неотьемлимой частью интерьера.

6. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауын қойыңыз:

Натюрморт жанры бізді қоршаған орта ... кездесетін заттар ... , гүлдер ... , жемістер ... бейнелейді. Пейзаж, натюрморт, сәндік эскиз, интерьер жасағанда да әр бөлікті ой елегі... сан қайтара өткізіп, жөндеп, түзетумен ғана табыс... қол жеткізуге болады. Салып отырған заты... өзіне қарап, салыстырып, ұқсамаған жерлер... түзетіп, қайта жөндеу... суретші өзінің шығарма... аяқтайды.



7. Жұмбақтардың шешуін тап.

а) Сарғайып отсыз піседі,

Үзіліп жерге түседі. (ө... )

б) Ортасында қазығы

Бұтағында азығы. (а... )

в)Үстіне тігіп көк шатыр

Астында үлкен дәу жатыр. (қ..... )

8. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.













































Практикалық сабақ №10

Мақсаты:лексиканың құрамы ,сөздік қорын молайту,тілдері дамыту, мәтін бойынша теориялық білімдерін пысықтау

Көрнекіліктер :мәтін,карточкалар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Сөздік жұмысы.

3.Мәтін бойынша жұмыс






Ғажайып құбылысқа қарап тұрып және ол туралы тыңдап жүріп адам дами түседі... Сұлу бейнелерден біз сұлу, яғни жақсы ойларға берілеміз. Ал сұлу өмірден — абсолюттік сұлулыққа көшеміз.

Платон

Интерьер

Сәулетші өзі салатын үйдің тек сыртқы ажарына ғана емес, ішкі көркіне де көп көңіл бөледі. Үйдің ішін безендіру өнерін «интерьер» деп атайды. Ол француздың «ішкі» деген сөзінен шыққан.

Бұл сөздің басқа да мағынасы бар. Бөлменің ішіндегі бүкіл жиһазымен тұтас көрінісін де интерьер дейді.

Интерьер де өз алдына бір жанр. Онымен тек ХҮІІ ғасырдағы голланд суретшісі ғана емес, басқа елдердің, басқа дәуірлердің шеберлері де әуестенген. Пейзаж, натюрморт, сәндік эскиз, интерьер жасағанда да әр бөлікті ой елегінен сан қайтара өткізіп, жөндеп, түзетумен ғана табысқа қол жеткізуге болады. Салып отырған затының өзіне қарап, салыстырып, ұқсамаған жерлерін түзетіп, қайта жөндеумен суретші өзінің шығармасын аяқтайды.


Сөздік
Сәулетші – архитектор

Ажары – облик

Безендіру – оформлять, украшать

Ішкі көркі – внутренний вид

Жиһаз – мебель

Тұтас көрініс – сплошной вид

Әуестенген – увлекались
Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:


  1. Интерьер дегеніміз не?

  2. Ол қай елдің сөзінен шыққан?

  3. Интерьер сөзінің қандай мағынасы бар?

  4. Онымен кімдер әуестенген?

  5. Интерьермен ХҮІІ ғасырда кімдер әуестенген?


1. Мәтінді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Берілген сұрақтарды пайдалана отырып, тақырып бойынша өзара әңгімелесіңіздер.

3. Сөздіктің көмегімен мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

4. Оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз:

– Суретші не істейді?

– Суретші бейнелейді,орналастырады, суретке жан бітіреді, өз ойын ақ қағазға түсіреді.

– Суретші қандай жанрда сурет салады?

– Суретші тарихи, батальдық, тұрмыстық, анимастикалық, портреттік жанрда сурет салады.

– Бейнелеу өнерінің түрлерін ата?

– Бейнелеу өнерінің түрлері – мүсін өнері, ,кескіндеме өнері, графика өнері, дизайн өнері, сәулет өнері.



5. Қазақ тіліне аударыңыз:

В наше время у многих людей появилась возможность строить дома и приобретать новые квартиры. Самим или с помощью дизайнеров и художников создавать индивидуальные интерьеры. Неотьемлимой частью современного интерьера являются росписи стен и потолков, декоративных панелей. Особый шарм, неповторимость и изысканность придаёт интерьеру расписная мебель. Возвращение к традициям украшения интерьеров расписной мебелью, открывает возможность выполнения самых, необыкновенных идей. Расписная мебель является ярким акцентом в интерьере, придавая дому изысканность и теплоту. Натюрморт на протяжении многих веков является неотьемлимой частью интерьера.



6. Көп нүктенің орнына салыстырмалы шырайдың жұрнақтарын қойыңыз:

Сурет салу кезеңінде жіберілген қателіктерді түзеу үшін, гуашпен жұмыс істеу ыңғайлы ... болып келеді. Гуашпен ашық түсті бояуды қара ... бояумен жабуға болады.Гуашпен салынған кепкен сурет, жаңа ғана салынған суреттен ашық ... болады. Сондықтан,бояу түрін таңдап алу қиын ...қа соғады. Егер бояу тым қалың ... жағылса, суретте кішкентай ... жарықшақтар пайда болады.



7. Оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз:

Жұмыс сапасына түстерді сауатты түрде қолдана білгенде ғана әдемі суретке қол жекткізе аламыз. Ол үшін түстік спектр шеңберіне тоқталып қасиеттерін білуіміз керек. Олар: негізгі , қосынды, ахроматикалық, хроматикалық, салқын, жылы, қосымша, контраст (қарама-қарсы) болып бөлінеді.

Негізгі түстерге - қызыл, сары, көк түстер жатады. Бұл түстер бояу қосындыларынан алынбайды. Қосынды түстер деп негізгі түстерді бір-біріне қосу арқылы алынатын түстерді айтамыз. Мысалы: сары мен көк түстерден жасыл, қызыл мен сары түстерден қызғылт сары түсті, көк пен қызыл түстерден сия көк түсті алуға болады.

Ахроматикалық түстерге түссіз түстер: ақ ,сұр, қара түстерінің реңдері жатады Хроматикалық түстерге - түрлі түстердің бәрі жатады. Контраст түстер яғни қарама-қарсы түстер. Мысалы: қара-ақ; қара-сары; қара-қызыл; көк-ақ; көк-сары т.б.

Салқын түстер деп мұз, қар, су, аспан түстерін яғни көгілдір, көк, күлгін , көкшіл жасыл түстерін айтамыз. Жылы түстер деп күннің, оттың, қызған темірдің түстерін яғни сары, қызғылт - сары, сарғыш - жасыл, қоңыр түстерін жатқызамыз.

Практикалық сабақ №11



Мақсаты: термин және кәсіби сөздер туралы білімдерін мәтін арқылы пысықтау, сөздік қорын молайту,тілдері дамыту, мәтін бойынша теориялық білімдерін пысықтау

Көрнекіліктер :мәтін,карточкалар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Сөздік жұмысы.

3.Мәтін бойынша жұмыс


Көркем өнердің міндеті табиғатқа еліктеу емес, оның сырын ашу.

Көркем өнер біздің ішкі дүниеміз бен жан-жүйемізге әсер етіп,

адамдық қалпымызды тәрбиелейді.

М.Әуезов


Пейзаж.
Пейзаж – француз сөзі, бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж өнері әр алуан.Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез – құлқын айнытпай беруге тырысады. ХVII ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады. Мұндай жанрды голланд суретшілері ойлап тапты. Голландия - Солтүстік теңізінің жағасындағы мұхит деңгейінен төмен жазыққа орналасқан ел . Пейзаждың суретін салған кезде ең алдымен бейнеленетін көріністің шегін анықтап алу керек. Әдетте көкжиек төмен деңгейде болғанда суреттің төменгі шегін мүмкіндігінше жоғарырақ жылжытуға ұмтылады. Көкжиек жоғары болған кезде төменгі шекті мүмкіндігінше төменірек алуға тілек пайда болады.

Кез – келген пейзаждың басты элементтері жер, аспан, су, ағаштар болып табылады. Пейзажды жақсы сала білу үшін ең алдымен, осы элементтерді, әсіресе, ағаштарды сала білуге үйрену керек. Әйтпесе, пейзаждың суреті өңсіз декорациялық дақтардың жиынтығына айналады, барлық ағаштар бірдей болып шығады, жер мен судың көлбеулігі сезілмейтін болады, таулар мен бұлттар өзіне тән формаларын жоғалтады.

Пейзажда көз ұшына кетіп жатқан кеңістік сезілуге тиіс, ал әрбір ағаш өзіне тән белгілерімен көрінуі керек. Бейне бір ағаштың жеке дара портретін – діңгегін, бұтақтарын, ағаштардың ұшар басының, жапырақтардың және жапырақ топтарының сипатын беру керек. Қазақстан суретшілері Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, С.Мәмбеев, О.Таңсықбаев, Ұ.Әжиев, т.б. пейзаж жанрында көптеген шығармалар ұсынды. А.Черкасский «Көктем», Ә.Қастеев «Шәлкөде жайлауы» Ү.Әжиев «Асы жайлауы», Ә. Ысмайылов «Хан тәңірі». Ж.Шарденов «Қыс», т.б. шығармалар Қазақстанның сұлу табиғатының көрінісін паш етеді.
Сөздік
Табиғаттың мінез –құлқын – характер природы

Теңiз – море

Өзен – река

Суретшi – художник

Қиял – фантазия

Отанның портретi – портрет родины

Өрiс – поле
Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:


  1. Пейзаж нені бейнелейді?

  2. Қай ғасырда бірыңғай пейзажды ойлап тапты?

  3. Пейзажды кімдер ойлап тапты?

  4. Голландия қай жерде орналасқан?

  5. Пейзаждың суретін салған кезде ең алдымен нені анықтап алу керек?

  6. Табиғаттың мінез-құлқын не көрсетеді?

  7. Пейзаждың суретін салған кезде нені анықтап алу керек?

  8. Пейзаж жанрында шығармаларын ұсынған суретшілерді ата.


Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

3. Мәтіннен кәсібисөздерді тауып, құрамына қарай талдаңыз.

4. «Қамтамасыз ету» етістігін жіктеңіз.

5. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз:

Пейзаж является одним из самых распространенных жанров живописи. Пейзаж – это изображение природы, городов, архитектурных комплексов, моря . Пейзаж – это жанр изобразительного искуства, представляющей окружающую природу, виды городов, сел. Пейзаж Саврасова «Грачи прилетели»- выдающееся произведение второй половины XIX века- изображает раннюю весну. В одних пейзажах изображают реально существующие места, в других- воображаемые виды местности, рожденные фантазией художника. Искусство пейзажа очень разнообразно. Если одни художники изображают на холстах существующие виды, то другие подключают к этому свою фантазию. Художники через любое своё произведение передают характер природы.

6. Мына тақпақ бойынша салынған сурет қай жанрға жатады?

Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың маңы терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

(А.Құнанбаев)



7. Сөйлемдердегі термин сөздерді аңықтаныз.

Теңіз бейнелеудің асқан шебері И.Айвазовский өзінің «Одессадағы айлы түн» атты шығармасында портты қаланың түнгі тыныс – тіршілігін аса нанымды түрде көрсетеді. Ай сәулесімен шағылысқан аспан мен су бетін бейнелеген қызғылт сары бояу түсі адамға айрықша әсер етеді. Түн самалымен тербелген су толқындары жалт – жұлт етіп жатыр. Су бетінде жүзген кеме, қайықтар көрінісі мұндағы тынымсыз тіршілікті паш етіп тұрғандай. Пейзаж өнері өте әр алуан. Кейбір пейзаждар өмірде бар нақты өлкелердің көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың қай - қайсысын да суретшілер табиғаттың мінез - құлқын айнытпай беруге тырысады.

8. Сөйлемдердегі кәсіби сөздерді теріп жазыңыз .

Халқымыз табиғатты аялап,одан қамқорлығын еш уақытта аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша,тал қалсын» деген оның айғағы.Адам өзіне қажетті тамақ өнімдерін табиғаттан алады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді – сәндік және қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді мүсін архитектура кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ.



9Өлеңді қазақшаға аудар, шешуін тап.

Если видишь: на картине

Нарисована река,

Или снег и белый иней,

Или сад и облака,

Или снежная равнина,

Или поле и шалаш,

Объзательно картина

Называется ... .

10. Эпиграфта берілген М.Әуезовтың сөздерін түсіндіріңіз.

Практикалық сабақ №11

Практикалық сабақ№12

Мақсаты: тұрақты сөз тіркесі және еркін сөз тіркесі туралы білімдерін мәтін арқылы пысықтау, сөздік қорын молайту,тілдері дамыту, мәтін бойынша теориялық білімдерін пысықтау

Көрнекіліктер :мәтін,карточкалар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Сөздік жұмысы.

3.Мәтін бойынша жұмыс


Кескіндеме прогресі жетілмеген

тәжірибелерден бастай отырып,

портретке жетумен аяқталады.

Георг Вильгельм
Портрет
Суретші портрет салуға кіріспес бұрын, портреті салынатын адамды зерттейді, мінезін, ішкі жан-дүниесін түсінуге тырысады. Бірнеше суреттемелер сала отырып, оларды, ұзақ ізденісті натурамен байланыстыра көптеген сеансты жұмыстар жүргізуге тура келеді. Бір қарағанда жеңіл көрінетін адамдар портретінде, суретшінің орасан зор еңбегі мен ізденістері жатқанын ұмытпаған жөн.

Портрет өнері бұдан мыңдаған жылдар бұрын дүниеге келді. Адамдардың бірінші кескіндемелері бояумен салынбаған - ды. Ол мысыр перғауындарының алапат тас мүсіндері еді. Оларды мыңдаған адам бірнеше жыл бойы тастан қашап жасаған - ды. Оларды айбынды әміршілерді мадақтау үшін ғана тұрғызбаған. Мысырлықтар кісі өлгенде оның жаны кеудесінен ұшып шығып, жазмыштың сотына кетеді деп ойлаған. Содан иесіне қайтып оралып, оның көкірегінен мәңгілік орын тебеді деп сенген. Сонда өлген кісінің жаны "ка" құр қаңқадан гөрі гранит тас мүсіннің көкірегінде қауіпсізірек өмір сүретін болады деп түсінген. Сондықтан да жазмыш сотынан қайтқан "ка" өз иесін адаспай тапсын деп, тас мүсінді өлген кісіге мейлінше дәл ұқсатып жасаған.

Композициялық орналасуына байланысты портрет 3 бөлінеді.


  1. Иық бөлігіне дейінгі портрет;

  2. Бел бөлігіне дейінгі портрет;

  3. Толық фигуралы портрет.

Осыған қосымша, қимыл-қозғалысқа арналған портрет болады..

  1. Салтанатты портрет;

  2. Мінез-құлыққа арналған портрет;

Әзіл-сықаққа арналған портрет;

  1. Топтасқан портрет.


Сөздік
Кескін – очертание

Айбынды – величавый

Әміршілер – повелитель

Көкірек – грудь, душа,сознание

Қауіпсіз – безопасный
Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:


  1. Портрет өнері қашан дүниеге келді?

  2. Адамдардың бірінші кескіндемелері қалай пайда болды?

  3. Перғауындардың тас мүсіндері туралы не білесің?

  4. Композициялық орналасуына байланысты портреттердің түрлерін ата.

  5. Мысыр перғауындары туралы не білесің?


Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

3. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті етістікті қойып, орыс тіліне аударыңыз:

Портрет – адам бейнесін ... көркем шығарма. Адам баласы ерте заманнан айналасын .... табиғатты, жан-дүниесін,адам бейнесін ... қызықты. Оған тасқа салынған ежелгі суреттер дәлел ... .Жалпы портрет өнері бұдан мыңдаған жылдар бұрын дүниеге ... . Белгілі мүсін мен сурет өнерінде адам дидарын ... ешқашан назардан тыс қалып көрген жоқ. Халық суретшісі Ә.Қастеевтен бастап бүгінгі жас суретшілерге дейінгі Қазақстан қылқалам шеберлері осы жанрда өзіндік қолтаңбасымен ... .Олар Айша Ғалымбаева,Сахи Романов,Молдахмет Кенбаев т.б. Портеттің тағы бір түрі ... ,ол- автопортрет, яғни суретшінің өзін-өзі бейнелеуі.

Керекті сөздер: бейнелеуі, көзге түскен, бейнелейтін, келген, қоршаған, болады, бейнелеу, салуға, бола алады.

4. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауын қойыңыз:

Портреттер өзі... сипаты жағынан әр түрлі болады. Сәндік портреттер – адам... сұлулығын, әдемілігін, дәріптеу, оны әсемдік пен сәндікке көрсету. Адамдар... күнделікті өмірде көрсету. Ол интимдік, психологиялық портрет... деп аталады.



5. Мына тақпақ бойынша салынған сурет қай жанрға жатады?

Түкті қабақ жауып тұрған көзіне,

Тікенектей түк шығып тұр жүзіне

Қырлы мұрын, қырмызы ерін, қап- қара,

Ұшқын шашып от ойнап тұр көзінде.

6. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз:

Работа акварельными красками на природе, с натуры, требует быстроты и отработанной техники. Вместе с тем, под рукой должен быть сосуд с чистой водой и губка, которая, как правило, участвует в процессе наравне с кистями. Качество акварельной бумаги является очень важным для работы, но самая дорогая и лучшая бумага не всегда доступна начинающим художникам, и потому вполне можно приспособиться к уже имеющейся — настолько, что даже на самой хорошей, но непривычной бумаге результат может оказаться слабее.



7. Өлеңді қазақшаға аудар, шешуін тап.

Если видишь, что с картины

Смотрит кто-нибудь на нас,

Или принц в плаще старинном,

Или в робе верхолаз,

Летчик, или балерина,

Или Колька твой сосед,

Объзательно картина

Называется ... .

8. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.

Практикалық сабақ№13



Мақсаты: жаттығу жұмыстары арқылы грамматикалық білімдерін тиянақтау; сөздік қорын молайту,тілдері дамыту, мәтін бойынша теориялық білімдерін пысықтау

Көрнекіліктер :мәтін,карточкалар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Сөздік жұмысы.

3.Мәтін бойынша жұмыс



«Қиял ханымының» қазіргі заманға қатысы жоқ

деуге ешкімнің батылы бара қоймас.

Врубель.

Каталог: uploads -> doc -> 125a
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
125a -> Сабақ тақырыбы: 1980 жылдардан бергі ақындар айтысы Жалпы мақсат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет