Сабақ. Тақырыбы : Кіріспе. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер. Сағаттық деңгейі сағат. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсініктер


Заттардың өрттенуі мен өрттің қауіптілігі



бет86/87
Дата21.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#104596
түріСабақ
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87
Байланысты:
¦¦¦-¦¬¦¬TП ¦¬¦¦¦¦TЖ¦¬TП ¦ХTЪ 12
3-4 5-6 7-8 тусиник хат, Eng Plus gr 9 term 3 LP
16.2 Заттардың өрттенуі мен өрттің қауіптілігі.

Өрт жанғыш заттар, тотықсыздандырғыш және қосу көздерінің әсерлесуінен болуы мүмкін. Машиналық зал өрт қаупі дәрежесі бойынша “В” санатына жатады.

Өрттің шығу себептері қандай?
*тыйым салынған жерде от жағып, шылым шегуден;

* электр желіліері мен қондырғыларының ақауларынан;

*электр жүйелерінің нормадан артық күш түсіп, сымдардың, қондырғылардың қатты қызуынан;

*тез жанатын сұйықтарды дұрыс сақтау мен пайдаланудың ережелерін бұзудан;

*жылу жүйелерін, пештерді дұрыс пайдаланбаудан;

*найзағайдан, кейде өздігінен жануы мүмкін.

Кейбір заттар күннің ыстығынан, әйтпесе өзінің ішкі үдерістерінің өздігінен от алуы (жануы) мүмкін. Олар: шымтезек (торф), көмір, түрлі майлар, т.с.с.

Бақылау-өткізу пункті қызметкері кабинетінің өрт қауіпсіздігін арттыру үшін келесі шаралар қарастырылған.

Құрыш тасымалдаушы және шектеуші конструкциялар ІІ өрттік беріктік шекті қамтамасыз ететін оттан сақтаушы материалдар және бояулармен қорғалған. Қабырғалар мен төбелерді акустикалық өңдеу үшін жанбайтын материалдар қолданылады

Төбеде өрт хабарлағыштары, труба өткізгіш жүйесі және өрт сөндіруші құрамды беру үшін шығару құрылғылары орнатылған.

Өрт діңгегі, ішкі өрттік су өткізгіші, өрт сөндіргіш, құрғақ құм, асбестті жамылғы және тағы басқалар бар.

Кернеулік жоқ бөлмелердегі өртті химиялық көбік немесе крандағы су көмегімен өшіруге болады. Машина залындағы өртті сөндіру үшін газды сөндіру құрылғысы іске қосылады, ал қажет болған жағдайда газды сөндіру жүйелері қолданылады.

Желдету жүйесінің ауа жүргізушілері жанбайтын материалдардан жасалады. Желдету жүйелерінде ауа жүргізушілерді өрт кезінде жабатын қақпақшалар орналастырылған.

Барлық өрт қауіпсіздігінен орындалатын шаралар 4 түрге бөлінеді:

а) кәсіпорынды жобалаған кезде болатын техникалық шаралар, олар: 1) ғимараттың өртке төзімділігін анықгау; 2) ғимарат подъездерінің жобалануы; 3) ғимаратгардың өртке қарсы ара қашықтығын ескеру; 4) ғимаратты найзағайдан қорғау;

б) Эксплуатациялық шаралар: 1) ұйымдастыру шаралары; 2) режімдік шаралар.

Техникалық шаралар. Барлық ғимараттар, егер ірі кешендер болса, жел тұруына байланысты салынады. Өрт қауіпсіздігі бойынша барлык, кәсіпорындарының орналасу арақашықтағы өндіріс категориясына байланысты есептелінеді.

Өндіріс категориясы: А - жарылу қауіпі бар; Б,В - өрт және жарылу қауіпі бар; Г,Д- өрт қауіпі бар. Барлық ғимараттар екіге бөлінеді: 1) өрт қауіпі бар, егер ғимарат ішінде біртексіз жанғыш қоспа болса; 2) жарылу кауіпі бар, егер біртекті жанғыш заттар болса.

Сонымен, өрт қауіпіне қарсы ара қашықтықтар ( минималды ара кашықтық - 9 метр, егер А және Б өндіріс дәрежесі болса 60 м астам) таңдап алынады.

Өрт болғанда кұрылыс материалдар мен конструкциялардың өз қалпында сақталу қасиеті - өртке төзімділік дәрежесі деп аталады. Ол өртке төзімділік шегімен және кұрылыс материалдық жану тобы бойьшша анықталады.

Өртке төзімділік шегі дегеніміз өрт болған жағдайда құрылыс материалдардың конструкциялардың еш өзгеріссіз тұру уақыты.

Максималды - 4 сағат, өртке қарсы қоршаулар, 2-сагат - жай қоршаулар өртке қарсы тұра алады. Жану тобы: а) жанбайтын кұрылыс материалдар ( өрт болган кезде жанбай түтіндейді, егер өрт көзін сөндірген жағдайда түтіндеу процесі аяқталады); б) қиын жанатын - жануы мүмкін бірақ өрт көзін тоқтатқан жағдайда түтіндену процессі жалғаса береді; в)жанатын ( егер өрт көзін сөндірсе де жана беретін құрылыс материалдар).

Өрт төзімділігінің 5 дәрежесі бар: 1 - ең қымбат құрылыс материалдар, бұл құрылыс материалдар өрт болған кезде 2,5 сагат өртке төзе алады ( А өндіріс дәрежесі); Өндірістік кәсіпорындарда 3-4 дәрежелі өртіке төзімділігі 1,5 сағат кұрайды (қиын жанатын және мүлдем жанбайтын құрылыс материалдар).

Өрттің алдын-алу бойынша жасалатын шаралар:

а) жұмысшыларға нұсқау беру;

б) өрт сөндіру әдістері мен заттары.

Су - жоғары жылуды өзіне сіңдіру қасиетіне байланысты тотықтандырғыш концентрациясын азайтады. Кемшіліктер: тоқ өткізгіштігі, судың тығыздығы жоғары болғандықтан органикалық сұйықтыктарды сөндіре алмайды, қысқы мерзімде су қатып тайғақ мұзга айналады.

Су құбырлары бар калаларда өртке қарсы арнайы су кұбырлары бар:



  • сыртқы, барлық барлық ірі кәсіпорындарда бар. Бұл су құбырдары ғимараттың периметрі бойынша орналасқан, әр 100 м сайын жер асты, не болмаса жер үстінгидранттары (кұдықтар, люктер) орналасқан;

  • ішкі, ғимараттардың ішінде. Бұл су құбырлары ғимарат коридорында белгіленген ара қашықтықта, төменде орналасқан арнайы крандармен жабдыкталған су құбырлары.

Ғимарттарда су, арнайы автоматикалык өрт сөндіргіштерінде пайдаланылады: а) спринкерлік б) дренчерлік( 11.1 - сурет).

Спринкерлік кранның басы тез жанатын пластиктен жасалған, ол ариайы температурада балқып 9- 12 м.кв. жерге су шаша алады.

Дренчерлік бүкіл ғимаратқа су шаша алатын - кран. Бұл кран өрт болатынын хабарлайтын кұрылғы көмегімен іске қосылады.

Өрт болатынын хабарлайтын құрылғы әр түрлі - түтіндік, жылулық жарықтық болып келеді.

Көмірқышқыл - араластыру қасиеті бар, яғни оттектің және жақсы диэлектрик болғандықтан электр қондырғыларды сөндіруге қолданады.

Өрт сөндіргіштер: ОУ -2,8,5„32,40 ( 2,8 ...40 - өрт сендіргіштің көлемі).

Көпіршіктіктер ауа механикалық және химиялық болады. Ауа механикалық көпіршіктіктер арнайы генератордан п.б. Мұндай өрт сөндіргіштермен электрқондырғыларды сөндіруге болмайды. Өрт сендіргіштер: ОХП-1О, ОПВ-5,10.

Металлдар мен хлорид қоспасынан жасалған порошоктар да өртті сөндіреді. Бұлар өте жақсы диэлетриктер - өрті тез арада сөндіріп қондырғыларды коррозияға ұшыратпайды. Авияцияда кең көлемде қолдаңылады. Өрт сөндіргіштер: ПСБ -3, ПФ, П-1А.




11.1-сурет а) сприклерлік, б) дренчерлік

Голлоидо - көмір сутектері, бұл сұйықтық, жақсы диэлектрлік тотықтандырғыш концентрациясын төмендетеді; 60 С° қатпайды; ингибитор, яғни өрт процесін тез таралуына жол бермейді. Бірақ олар өте қымбат болады. Өрт сөндіргіштер: 111В2, 13В1, 4НД. СЖБ.

Жиі, қоспаларды көмірқышқылдармен араластырып жасайды. Бұл қоспалар арзан және жоғарыда айтылған барлық қасиеттерге ие;

в) адамдарды өрт болған кезде қауіпсіз эвакуациялау.

Кәсіпорындардың өрт және жарылу қауіпсіздік дәрежелеріне байланысты, СНИП (ҚНЖЕ) бойынша адамдарды ғимараттардан эвакуациялау уақыты орнатылған:



  • 0,75минут - А дәрежесі үшін;

-1,25 минут - Б және В дәрежесі үшін;

  • 3 минут - Г дәрежесі үшін;

  • 3 минуттан астам оқу орындары үшін.

Эвакуациялық шығу жолдары деп - сыртқы шығатын шығу жолдары немесе баспалдақ торына апаратын ( ол жол сыртқа шығатын жолдар болуы тиіс) жолдарды айтамыз. Жұмыс орны мен шығу есігінің ара қашықтығы 60 м аспауы қажет. Барлық ғимараттарда міндетті түрде эвакуация жолдары, шығу есіктерінің көлемі есептеліп СНИП (ҚНЖЕ) бойынша салыстырылады.

11.2 Ғимараттардың найзағайдан қорғанысы

Ғимараттарды, қондырғыларды найзағайдың тікелей соққысынан қорғайтын құрылғылар 3 топқа бөлінеді;

а) арнайы найзағайдан қорғаныс ретінде А дәрежелі ғимараттарға арналған;

б) стерженьді не тросс түрінде болатын Б,В,Г, дәрежелі ғимараттарға арналған;
в) найзағай жиі болатын аумақтарда орналасқан, Д дәрежелі өндіріс ғимараттар. Ғимаратгардың төбесіне металл торлар жабылады. Торлар міндетгі түрде ғимараттардың металлконструкциясымен байланыста, яғни, жерленуі керек.

Н айзағайға қарсы құрылғылар стерженді және тросты болып екі типте орындалып: найзағай қабылдағыштан, тоқ өткізгіштен және ағаштан не болмаса бетоннан жасалған тіреуден тұрады.


11.2-сурет. Стержендік жэне тростық найзағай қабылдағыш а) стерждік, б)тростық


Өртті сөндіру үшін СПТУ-1 сигнализацияланған жылулық өрт құрылғысы бар. Ол температура немесе түтін шоғыры артқанда іске қосылып акустикалық және жарықтық белгілер көмегімен хабар береді. СПТУ-1 хабарлағышының қосылу уақыты 15 секундтан артық емес.

Өртті жергілікті өшіру үшін бөлмеде көмірқышқылды өрт сөндіргіш УО-5, ұнтақ типті ОП-5, ОП-6 орнатылған. өрт сөндіргіштер шыға беріс жерлерге жақын орналастырылады.

Өрт болған жағдайда қызметкерлер мен материалдық құндылықтарды шығару жоспары, өрт сөндірушілермен байланыс телефоны бар тақталар бар.

Адамдарды өрт кезінде эвакуациялау үшін есіктердің биіктігі 2м, ені 1,5 м, және дәліз ені 2,5 м болуы қажет.

Өрт бола қалған жағдайда бөлмеде оңай жерде бөлмедегі жарықтан өзге, электрлік қоректенуді өшіруші қосалқы сөндіргіш орнатылады.

Өрт қауіпсіздігінің арнайы инвентарларының күйіне арнайы бақылау жасалады. Өрт сөндіргіштердің, қосалқы шығыс есіктердің болуы және олардың күйіне, сигнализация жүйелеріне жоспарлы бақылауды өрт инспекторлары жүргізеді. Әрбір объектінің өрт қауіпсіздігіне жауаптылар болады.




17 Сабақ

Тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғау мәселелері. Ауа қауіпсіздігі және су бассейіні.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет