Сабақтардың мазмұны бөлім. Кіріспе тақырып. Шағын жинақталған бастауыш мектеп және оның ерекшелігі



бет45/48
Дата08.06.2022
өлшемі8,03 Mb.
#146216
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Ш к м жауаптары
ШКМ пәнінен мемл.эмтихан сұрақтары Б-18 (копия), Кіріспе бақылау жұмысын талдау, реферат
Сабақтың тақырыбы:
"Ақылың болса жыр тыңда"
Жалынды ақын Махамбет
Махамбеттің термесін тыңдау.
"Солдат болам мен ертең" әнін үйрену.
Музыкасы: К.Дүйсекеевтікі
Сөзі:Ш.Сариевтікі


Сабақтың көрнекілігі: 1 - сыныптар үшін "Таукөрінісі, табиғат көрінісі" . Көрнекіліктер:Дауыс жаттықтыруға байланысты көрнекіліктері. Сабақ қорытындылау үшін сөзжұмбақ. Махамбеттің суреті. 3-сыныпта әнге байланысты суреттер. Әскери адамдар әскери көріністер суреттері т.б. көрнекіліктері.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру екі сыныпқа бірдей жүргізіледі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
-Сәлеметсіз бе,мұғалім (әуенмен амандасу).
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-Қандай музыкалық шығармалар тыңдадық?
-Қандай әнді үйден қайталап, сөзін жаттауға берілді?
Осы сұрақтар әр сыныптың өз тапсырмасы бойынша қойылып, жауап алынады.
Дауыс жаттығулары
Мұғалімнің шеберлігіне, өз әдісіне қарай ортақ дауыс жаттығуы жүргізіледі.
Үй тапсырмасын тексеру, қайталау
1-сыныптың үйге берілген шығармашылығына дәптерден тексеру жүргізіледі.
Бұл кезде 3- сыныпқа жаңа тақырып бойынша "Махамбеттің термесі" күй табақтан немесе үй тапсырмадан тыңдатылады, сонан соң оқулықтан "Жалынды ақын - Махамбет" тақырыбын оқып, термені жаттау өз бетінше жүргізіледі.
1-сыныпта табиғатқа байланысты көрнекілікті пайдалану арқылы "Алатау" халық әні үн таспадан немесе мүғалімнің орындауында тыңдатылып, талданады. Содан соң "Тау" суретін салуға тапсырма беріледі.
1-сыныпта жаңа үйретілітін ән - "Солдат болам мен ертең" әні бойынша көрнекілікпен жұмыс жүргізіледі.1-сынып"Алатауға" байланысты сурет салып жатқан кезде, 3-сыныпқа ән үйретіледі. Сонан соң олар әннің сөзін дәптерлеріне жазып болғанша 1-сыныпқа жаңағы салған суреттен алған әсеріне байланыстыра отырып жаңа ән "Сурет сабағымен" таныстырып, ән үйретіледі.
Екі сыныпта да үйретілген әндерді қорытындылау бірінен кейін бірі кезектесіп айтқызылады. 1-сынып әнді қайталау кезінде 3-сынып тыңдайды. 3-сынып қайталау кезінде 1-сынып тыңдайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет